ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы
экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестицияларды тарту,
экспортты дамыту және ілгерілету, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115, 117-құжаттар; № 21-І, 124, 126-құжаттар; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 119-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«119-2-бап. Арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың жерлері»;
2) 16-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылысжайларын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай мен газды қайта өңдеу объектілерін салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін жер учаскелерін беру, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу үшін жер учаскелерін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару;»;
3) 33-бапта:
1-тармақтың алтыншы бөлігінің 3) және 3-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) басқарушы компания жер учаскелерін Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес кейінгі жер пайдалануға (қосалқы жалға) берген кезде;
3-1) арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы не арнайы экономикалық аймақтың аумағында қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының пайдасына мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін инфрақұрылым объектілерімен қоса иеліктен шығарған кезде;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер учаскесін басқа тұлғаға (кейінгі жер пайдаланушыға) уақытша жер пайдалануға беруі, сондай-ақ уақытша жер пайдалану құқығын иеліктен шығару осы Кодекстің 32-бабының 4-тармағында және 37-бабының 3-тармағында және Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасында көзделген нормалардың ережелері ескеріле отырып жүргізіледі.»;
4) 35-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Арнайы экономикалық аймақты орналастыру үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компанияларына арнайы экономикалық аймақты құру мерзіміне беріледі.
Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты орналастыру үшін пайдаланылатын жерлер бойынша уақытша жер пайдалану құқығы республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компанияларына облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының индустриялық аймақ құру туралы шешімінде айқындалған мерзімге, бірақ кемінде 20 жылға беріледі.»;
5) 37-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Арнайы экономикалық аймақты немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты орналастыру үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру осы Кодекстің 35-бабы 2-тармағының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген мерзімге жүзеге асырылады.»;
6) 43-баптың 1-1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Арнайы экономикалық аймақтарды немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтарды құру үшін жер учаскелерін беру ерекшеліктері осы Кодекстің 119-2-бабына сәйкес айқындалады.»;
7) 47-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың уәкілетті органы республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясы өзіне уақытша өтеулі жер пайдалануға берілген жер учаскесінің бір бөлігін осы Кодекстің 119-2-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысына сату туралы өтініш жасаған жағдайда, осы Кодекске сәйкес жер учаскесінің сатылатын бөлігін бөліп шығаруды жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы не арнайы экономикалық аймақтың аумағында қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес өзіне берілген жер учаскесін жекеменшікке сатып алуға ниет білдірген кезде аталған қатысушы немесе тұлға осы Кодекстің 119-2-бабына сәйкес арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына өтініш береді.»;
8) 48-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыру үшін;»;
«10) Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақтың немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысына, арнайы экономикалық аймақтың немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясына;»;
9) 49-2-баптың 1-тармағы «жер қойнауын пайдалану» деген сөздерден кейін «және арнайы экономикалық аймақтарды немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтарды құру» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 107-баптың 3-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Коммерциялық аймаққа арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың, өндірістік объектілердің, сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету объектілерінің, инженерлік және көліктік инфрақұрылым объектілерінің жерлері, сондай-ақ осы объектілердің және кәсіпкерлік қызметпен байланысты өзге де объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеуге арналған жерлер кіреді.»;
11) мынадай мазмұндағы 119-2-баппен толықтырылсын:
«119-2-бап. Арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың жерлері
1. Арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың жерлері тиісті басқарушы компанияларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатына жатпайтын жерлерден уақытша өтеулі жер пайдалануға беріледі, олар өз кезегінде бұл жерлерді Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың қатысушыларына береді.
2. Арнайы экономикалық аймақтардың, республикалық және өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтардың қатысушылары Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес алынған жер учаскелерін осы Кодексте көзделген тәртіппен мынадай жағдайларда:
1) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы шартта көзделген міндеттемелерді орындаған жағдайда арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу мерзімі өткеннен кейін;
2) республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақ қатысушысының жобасында көзделген барлық объектілер пайдалануға берілген жағдайда кез келген уақытта сатып алуға құқылы.
Бұл ретте республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда жер учаскесін республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақта қызметін жүзеге асыру туралы шарт жасасқан кезде белгіленген кадастрлық (бағалау) құнына тең баға бойынша сатып алуға құқылы.
Республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушысы республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақты тарату кезінде жылжымайтын мүлік объектілерінің және (немесе) олармен байланысты ғимараттардың (құрылысжайлардың) құрылысын аяқтамаған жағдайда, жергілікті атқарушы органдар үш жылдан аспайтын мерзімге өтеулі жер пайдалану құқығын береді.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар тиісті басқарушы компанияға өтінішхат береді.
Өтінішхатқа:
жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжат немесе құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;
жылжымайтын мүлік орталығынан жер учаскесіне мәмілелер жасасуға кедергі келтіретін ауыртпалықтардың жоқ екендігі туралы анықтама;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін);
жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі (дара кәсіпкерлер үшін) қоса беріледі.
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер учаскелерін алған арнайы экономикалық аймақтың, республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтың қатысушылары үшін тиісті басқарушы компания берген, қызметін жүзеге асыру туралы шарт және жер учаскесінің схемасы жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар болып табылады.
4. Басқарушы компания барлық қоса берілетін құжаттармен бірге өтінішті жер учаскесі орналасқан жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жібереді, ол осы Кодекстің 47-бабында белгіленген тәртіппен қаралады.
5. Арнайы экономикалық аймақтарды немесе республикалық немесе өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтарды орналастыру үшін жер учаскесі елді мекен шегінде берілген жағдайда, мұндай жерлер осы Кодекстің 107-бабына сәйкес айқындалатын коммерциялық аймаққа жатқызылады.».
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 121, 124-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұны мынадай мазмұндағы 45-1-тараудың және 225-1, 225-2, 225-3, 225-4, 225-5, 225-6 және 225-7-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«45-1-тарау. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру
225-1-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік
225-2-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру шарттары
225-3-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер тұлғаға қойылатын талаптар
225-4-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік нысаны
225-5-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беруді есепке алу
225-6-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті орындау
225-7-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің қолданысын тоқтату негіздері»;
2) 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 73-1) және 73-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«73-1) экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті - республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына бекітілетін тіркелген сома, оның шегінде экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері берілуі мүмкін;
73-2) экспортты қолдау бойынша мемлекет кепілдік берген міндеттеме - экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания сақтандыру төлемдерін жүзеге асырмаған, экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен қамтамасыз етілген сақтандыру шарттары бойынша өтелмеген міндеттемелердің белгілі бір күнге алынған сомасы;»;
3) 11-баптың 8-тармағындағы «Бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер» деген сөздер «Бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі талаптарды қайтаруына байланысты бюджетке түсетін түсімдер бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 39-бап мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі міндеттемелерді орындау;»;
5) 53-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер жөніндегі міндеттемелерді орындау;»;
6) 71-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті;»;
7) мынадай мазмұндағы 45-1-тараумен толықтырылсын:
«45-1-тарау. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру
225-1-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік
1. Экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания алдындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдік шартының талаптарына сәйкес оның сақтандыру төлемдері бойынша берешегін толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі экспортты қолдау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік (үкіметтік, егемендік) кепілдігі (мемлекеттік кепілдік) болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының атынан экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беруде Қазақстан Республикасының Үкіметі айрықша құқыққа ие.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беруді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын шарттарда және тәртіппен жүзеге асырады.
4. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді беру үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын әзірлеуге немесе түзетуге қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді.
225-2-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру шарттары
1. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының негізінде беріледі.
2. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде беріледі.
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитін айқындауға арналған соманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгілейді.
3. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмсайтын бюджет қаражатын осы Кодекстің 225-6-бабының негізінде қайтаруы шарттарымен жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік кепілдікті беру үшін экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компаниядан мемлекеттік кепілдік сомасының 0,2 пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлемақы (алым) алынады.
5. Мемлекеттік кепілдік беру мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім ресімделгеннен және тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания арасындағы, тараптардың мемлекеттік кепілдік беру, мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтару жөніндегі құқықтық қатынастарын белгілейтін келісім болып табылады.
7. Экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания экспортты қолдау бойынша қолданыстағы мемлекеттік кепілдік шеңберінде республикалық бюджеттен бұрын бөлінген қаражат бойынша берешекті өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда ол бойынша республикалық бюджеттен келесі сомаларды беруге жол берілмейді.
225-3-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер тұлғаға қойылатын талаптар
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті алуға үміткер тұлғаға мынадай талаптар қойылады:
1) экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания болу;
2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
4) төлем қабілеттілігінің болуы, таратылуға жатпауы, оның мүлкіне тыйым салынбауы тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауы тиіс;
5) бұрын берілген мемлекеттік кепілдіктерді өтеу және оларға қызмет көрсету бойынша берешегінің болмауы және кредиторлар алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы тиіс.
225-4-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік нысаны
1. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания арасында кепілдік шартын жазбаша нысанда жасасу арқылы беріледі.
Осы баптың талаптарына сай келетін құжат қана экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік ретінде танылуы мүмкін. Мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының өзге де актілері мен құжаттарының экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беруде заңды күші болмайды.
2. Кепілдік шартына бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші басшысы қол қояды.
3. Кепілдік шартында:
1) экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік соған сәйкес берілетін Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының деректемелері;
2) экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның атауы және орналасқан жері;
3) экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның негізгі міндеттемелерінің мазмұны;
4) экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің сомасы;
5) экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің қолданылу мерзімі;
6) экспортты қолдау бойынша кепілдік шартына (кепілдік міндеттемеге) қол қойған лауазымды адамдар көрсетіледі.
225-5-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беруді есепке алу
Экспортты қолдау бойынша берілетін мемлекеттік кепілдіктер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тіркелуге және есепке алынуға жатады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік берген міндеттемеге мониторингті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар, экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның қаржылық жағдайын мониторингтеу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
225-6-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдікті орындау
1. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның меншікті капиталынан асатын сақтандыру жағдайларын біржолғы іске асырудан асып түскен кезде, сенім білдірілген өкілдің (агенттің), экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның қорытындылары, екінші деңгейдегі банктер берген оның шоттарынан үзінді көшірмелер, сондай-ақ мемлекеттік кепілдіктің орындалуына өтініш жасаудың алдындағы қаржы жылы үшін аудиттелген қаржылық есептілік және экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктің орындалуына өтініш жасалған кезге алынған қаржылық есептілік болған кезде орындалуға жатады.
2. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның меншікті капиталын шегергенде сақтандыру төлемдерінің жабылмаған сомасының бөлігіне ғана орындалады.
3. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік жөніндегі міндеттемелерді орындау республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі талаптар қойылған күннен бастап он сегіз ай ішінде жүзеге асырылады.
4. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттің кепілдігі жөніндегі міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражатты экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания сақтандыру төлемдерін өтеу қаражаты мен өзге де көздер есебінен республикалық бюджетке қайтаруға тиіс.
5. Мемлекеттік кепілдікті орындауға республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтарудың шарттары, мерзімдері, сыйақы мөлшерлемелері және тәртібі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания арасында жасалатын экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы келісімде айқындалады.