ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат):
1) мазмұнындағы 233-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«233-бап. Бас бостандығынан айыру орындарында күзетпен қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу»;
2) 1-баптың 1-тармағының 20) тармақшасы «пробация қызметінің есебінде тұрған кәмелетке толмаған бала (кәмелетке толмағандар);» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 222-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) қамауға алу және бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындайтын мекемелерде отырған адамдарды - тиісті мекемелердің бастықтары;»;
4) 233-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«233-бап. Бас бостандығынан айыру орындарында күзетпен қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу
1. Бас бостандығынан айыру орындарында күзетпен қамауда отырған немесе жазасын өтеп жүрген адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар некеге тұратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қатысуымен осы Кодексте көзделген неке қию (ерлі-зайыпты болу) шарттарын сақтай отырып, адамның күзетпен ұстау немесе жазасын өтеп жүрген орны бойынша, тиісті мекеменің әкімшілігі айқындаған үй-жайда жүргізеді.
2. Күзетпен қамауда отырған адаммен неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган осы іс жүргізуінде жатқан адамды немесе органды хабардар еткеннен кейін жүргізеді.».
2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-II, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат):
1) 46-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«46-бап. Бас бостандығынан айыру
1. Бас бостандығынан айыру сотталған адамды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне жіберу арқылы оны қоғамнан оқшаулаудан тұрады.
2. Бас бостандығынан айыруға сотталған, үкім шығару кезінде он сегіз жасқа толмаған адамдар кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелеріне орналастырылады.
3. Осы Кодексте көзделген қылмыстарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыру - алты айдан он бес жылға дейінгі, ал аса ауыр қылмыстары үшін жиырма жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді. Абайсызда жасалған қылмыстар үшін бас бостандығынан айыру мерзімі он жылдан аспайды. Айыппұл салуды, түзеу жұмыстарын немесе бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыруға ауыстырған жағдайда ол алты айға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды тағайындаған кезде бас бостандығынан айыру мерзімдерін ішінара немесе толық қосқан жағдайда және осы Кодекстің 47-бабының бесінші бөлігінде, 71-бабының бесінші бөлігінде және 77-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайларда бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімі - жиырма бес жылдан, ал үкімдердің жиынтығы бойынша отыз жылдан аспауға тиіс.
4. Өмір бойына бас бостандығынан айыру - аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ өлім жазасына балама ретінде белгіленуі мүмкін. Өмір бойына бас бостандығынан айыру он сегіз жасқа дейін қылмыс жасаған адамдарға, әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге тағайындалмайды. Өмір бойына бас бостандығынан айыру кешірім жасау тәртібімен белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін.
5. Бас бостандығынан айыруды:
1) абайсызда жасаған қылмыстары үшін бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ қасақана қылмыс жасағаны үшін бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалған, алғаш рет сотталған адамдарға - қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерінде;
2) қасақана онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыстар және ауыр қылмыстар жасағаны үшін бір жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдарға және айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға - қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде;
3) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы кезінде не егер сотталған адам бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген болса, қылмыстардың қайталануы болмаған кезде және әйелдерге қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде - қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде;
4) қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде, сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға - қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалады.
Үкімдер жиынтығы кезінде бас бостандығынан айыруды өтеу үшін жиынтыққа кіретін үкімдердің бірінде белгіленген мекеменің неғұрлым қатаң түрі айқындалады.
6. Аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде жаза мерзімінің бір бөлігін, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімді қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалуы мүмкін.
7. Үкіммен тағайындалған мекеменің түрін өзгертуді сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 96-бабына сәйкес жүргізеді.»;
2) 81-бапта:
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Кәмелетке толмаған сотталғандар бас бостандығынан айыруды кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейді.»;
тоғызыншы бөлік алып тасталсын;
3) 467-бап мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Осы Кодекстің 45-бабының ережелері әскери қызметшілерге қатысты және осы Кодекстің 41-бабының үшінші бөлігінде, 42-бабының үшінші бөлігінде және 43-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады деп белгілей отырып, оның қолданысы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.».
3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2014 ж., № 15-І, 15-II, 88-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 2-құжат):
1) 276-баптың алтыншы бөлігінің 2) тармағындағы «сот сараптамасы объектілерінің сақталуын» деген сөздер «жүргізіліп жатқан зерттеулердің жан-жақтылығын, толықтығы мен объективтілігін, сот сараптамасы объектілерінің сақталуының қамтамасыз етілуін» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 473-баптың бірінші бөлігіндегі «гаупвахтада ұстауға» деген сөздер «қамаққа алуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 476-баптың 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталған, бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарға қатысты іздестіру, оның ішінде халықаралық іздестіру жариялау, оны тоқтату және бұлтартпау шарасын таңдау туралы;»;
4) 478-бап мынадай мазмұндағы 2-1-бөлікпен толықтырылсын:
«2-1. Осы Кодекстің 476-бабының 3) тармағында көрсетілген, халықаралық іздестіруді жариялау және тоқтату бөлігіндегі мәселелер қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталған, бақылаудан жасырынған және жазасын өтеуден жалтарып жүрген адамдарды іздестіруді жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша қаралады.».
4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 17, 91-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 7, 33-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129, 131-құжаттар):
1) 3-бап мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) тергеу изоляторларының оқшауланған учаскелері - бас бостандығынан айыруға сотталғандарды, сондай-ақ қамаққа алуға сотталғандарды ұстауға арналған камералары бар тергеу изоляторларының үй-жайлары.»;
4-тармақтың 2) тармақшасы 2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 26-бап мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«5. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты мекеме әкімшілігі оларда психикалық ауытқушылықтар мен сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділіктің бар (жоқ) екендігі туралы мәселені шешу үшін жазаны өтеу мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін сотқа материалдарды жібереді. Осы бөліктің ережелері сотталған адамдардың есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуының анықталуына байланысты соттың шешімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын сотталғандарға қолданылмайды.
Мекеме әкімшілігі сот-психиатриялық сараптама нәтижесі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау, ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы мәселелерді шешу үшін сотқа ұсыну жібереді.
Мекеме әкімшілігі соттың қаулысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындау үшін жібереді.
Өзіне қатысты соттың шешімімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы белгіленген, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамның мекемелерден босатылғаны туралы хабарлама босатылғанға дейін бес жұмыс күні бұрын тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына және ішкі істер органына жіберіледі.»;
3) 69-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«4. Жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынған сотталған адамға қатысты пробация қызметі бастапқы іздестіру іс-шараларын жүзеге асырады және оған іздестіру жариялау туралы сотқа ұсыну енгізеді.»;
4) 83-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сотталғандар қамаққа алу түріндегі жазасын сотталған жеріндегі арнаулы қабылдау орындарында, тергеу изоляторларының оқшауланған учаскелерінде өтейді.»;
5) 85-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қамаққа алуға сотталғандар тамақпен бас бостандығынан айыруға сотталғандар үшін белгіленген нормалар бойынша қамтамасыз етіледі.
Әскери қызметшілер гауптвахтада ұсталған кезеңде тамақпен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару қызметі, ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс салаларындағы уәкілетті органдар белгілейтін нормалар бойынша қамтамасыз етіледі.»;
6) 88-бап мынадай мазмұндағы 4-1-бөлікпен толықтырылсын:
«4-1. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес басқа мекемеге жіберілген не ауыстырылған сотталған адамды одан әрі ұстауға негіз болмаған кезде, оның өтініші бойынша не оның келісімімен әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау мақсатында ол тиісті түрдегі басқа мекемеге ауыстырылуға жатады.
Оң мінез-құлық дәрежесінің және тиісті түрдегі мекемеде орынның болуы сотталған адамды ауыстырудың міндетті шарттары болып табылады.
Бұл ретте сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстары құжаттармен расталады.
Сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдау үшін ауыстыру Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.»;
7) 89-бапта:
үшінші бөліктегі «жазасын колония-қоныстарда өтеумен,» деген сөздер алып тасталсын;
төртінші-жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Орташа қауіпсіз мекемелерде:
1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыстар және ауыр қылмыстар жасағаны үшін бір жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар;
2) айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айырумен ауыстырылған адамдар;
3) мекемелерден осы Кодекстің 96-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ауыстырылған сотталғандар;
4) кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерден осы Кодекстің 156-бабына сәйкес ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейді.»;
5. Қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде:
1) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған ерлер, сондай-ақ қылмыстардың қайталануы кезінде не егер сотталған адам бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген болса, қылмыстардың қайталануы болмаған кезде;
2) қылмыстарының қауіпті қайталануы кезінде бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдер;
3) осы Кодекстің 96-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейді.
6. Төтенше қауіпсіз мекемелерде:
1) қылмыстарының қауіпті қайталануы кезінде;
2) өмір бойына бас бостандығынан айыруға;
3) өлім жазасы түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айырумен ауыстырылған;
4) осы Кодекстің 96-бабының бірінші бөлігінің 1) тармақшасына, үшінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейді.
7. Толық қауіпсіз мекемелерде:
1) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін, қылмыстарының қауіпті қайталануы кезінде бес жылдан астам мерзімге;
2) өздеріне қатысты өлім жазасы туралы сот үкімі өлім жазасын орындауға мораторий енгізілгенге дейін немесе мораторий қолданылған уақытта күшіне енген;
3) осы Кодекстің 88-бабы төртінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес ауыстырылған;
4) осы Кодекстің 96-бабы үшінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес жіберілген сотталғандар жазасын өтейді.»;
8) 91-бап мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:
«8. Белгіленген тәртіппен әлеуметтік, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жарияланған не сотталғандардың мекемеде болу мүмкіндігін жоққа шығаратын ерекше жағдайлар режимін енгізген жағдайда олар қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының шешімі бойынша төтенше жағдайдың салдары жойылғанға не ерекше жағдайлар режимінің мерзімі аяқталғанға дейін басқа мекемелерге ауыстырылады.
Төтенше жағдай салдарларын жою немесе ерекше жағдайлар режимін енгізуге негіз болған жағдайларды жою мүмкін болмаған кезде сотталғандар осы немесе басқа облыстағы тиісті түрдегі мекемеге жіберіледі.»;
9) 95-бапта:
үшінші бөліктегі «бастығы айқындайды» деген сөздер «бастығының қаулысымен айқындалады» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сотталған адамның мінез-құлық дәрежесін айқындау мақсатында оның мінез-құлқын бағалау сотталған адам мекемеге келген күннен бастап жүзеге асырылады.
Көтермелеулері және жазалаулары жоқ не жазалауы осы Кодексте белгіленген тәртіппен өтелген сотталған адам белгілі бір мінез-құлық дәрежесі жоқ деп танылады.
Сотталған адамды бір түрдегі мекемеден екіншісіне ауыстырған жағдайда мінез-құлық дәрежесінің бұрын қойылған бағалауы оның мінез-құлқын осы Кодексте көзделген мерзімдерде мекеме комиссиясы қараған кезге дейін сақталады.
Сотталғандардың мінез-құлық дәрежелері мынадай критерийлер негізінде айқындалады:
оң сипатталатын сотталғандар үшін:
1) кемінде бір көтермелеуі болған әрі соңғы көтермелеу алған күннен бастап үш және одан көп ай бойы жазалаулары болмаған кезде - дәрежесі бірінші оң мінез-құлық;
2) бірінші оң мінез-құлық дәрежесі болған, сотталғандардың ерікті ұйымына мүше болған әрі бірінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап алты және одан көп ай бойы жазалаулары болмаған кезде - дәрежесі екінші оң мінез-құлық;
3) екінші оң мінез-құлық дәрежесі болған, сотталғандардың ерікті ұйымына мүше болған әрі екінші оң мінез-құлық дәрежесін алған күннен бастап бір жыл және одан көп уақыт бойы жазалаулары болмаған кезде - дәрежесі үшінші оң мінез-құлық;
теріс сипатталатын сотталғандар үшін:
1) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы деп танылған кезде - дәрежесі бірінші теріс мінез-құлық;
2) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін үнемі бұзушы деп танылған кезде - дәрежесі екінші теріс мінез-құлық;
3) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзушы деп танылған кезде - дәрежесі үшінші теріс мінез-құлық.
Сотталған адамды жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзушы, үнемі бұзушы не қаскөйлікпен бұзушы деп тану осы Кодекстің 130-бабының үшінші бөлігіне және 154-бабының төртінші бөлігіне сәйкес жүзеге асырылады.»;
10) 96-бапта:
үшінші бөліктің бірінші абзацы «бұзушылық жасаған» деген сөздердің алдынан «қаскөйлікпен» деген сөзбен толықтырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сотталған адам жаза мерзімінің осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген бір бөлігін өтеген кезде мекеме әкімшілігі дәрежесі екінші немесе үшінші оң мінез-құлықты сотталған адамды мекеме түрін өзгерту туралы мәселені қарау үшін сотқа өтінішхат беру құқығының басталғаны туралы бес күн мерзімде жазбаша хабардар етуге міндетті.»;
11) 129-баптың бірінші бөлігіндегі «көзделген көтермелеу -» деген сөздер «көзделген көтермелеу - мінез-құлқының бағалауы жоқ не» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 169-баптың сегізінші бөлігінде:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ішкі істер органдарының жазбаша рұқсатынсыз басқа жерлерге шықпауға;»;
мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
«6-1) негізгі жазаны толық өтегенге және пробациялық бақылау мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеуге;».
5. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 2-құжат; № 4, 7-құжат):
1) 336-баптың бірінші бөлігінің екінші абзацы алып тасталсын;
2) 348-баптың төртінші бөлігіндегі «қылмыстық-атқару жүйесі» деген сөздер «атқарушылық іс жүргізу» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Жедел-іздестіру қызметі туралы» 1994 жылғы 15 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 13-14, 199-құжат; 1995 ж., № 24, 167-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 14, 275-құжат; 1998 ж., № 24, 436-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; 2002 ж., № 4, 32-құжат; № 15, 147-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 18, 106-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 17, 83-құжат; № 24, 121-құжат; 2010 ж., № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; 2014 ж., № 7, 33-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат):
1) 1-баптың 24) тармақшасындағы «қылмыстық жауаптылықтан жалтарған адамдардың» деген сөздер «қылмыстық жауаптылықтан, жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамдардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Жедел-іздестіру қызметінің міндеттері Жедел-іздестіру қызметінің міндеттері:
1) адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, меншікті құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғау;
2) қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оның экономикалық әлеуеті мен қорғаныс қабілетін нығайтуға жәрдемдесу;
3) қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
4) анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, қылмыстық жауаптылықтан, жазаны өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамдарды, хабарсыз кеткен азаматтарды және заңмен көзделген жағдайларда өзге де адамдарды іздестіру жөніндегі шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ табылған танылмаған мәйіттерді сәйкестендіру;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзетуді қамтамасыз ету;
7) мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету;
8) ұйымдарға коммерциялық құпияны қорғауда жәрдемдесу;
9) күзетпен ұстау немесе бас бостандығынан айыру орындарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген режимді ұстап тұру;
10) күзетпен ұстау немесе бас бостандығынан айыру орындарындағы күдіктілердің, айыпталушылардың, сотталушылардың, сотталғандардың, персоналдың және өзге де адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
11) жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.»;
3) 7-баптың б-2) тармақшасы және 10-баптың 1-тармағының в-2) тармақшасы «борышкерді» деген сөзден кейін «, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамды» деген сөздермен толықтырылсын.
7. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21-22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015ж., № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат):
23-баптың екінші бөлігінің б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«б) егер ол қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін сотталған болса, оған пробациялық бақылау белгіленген немесе оған жазаны орындауды кейінге қалдыру қолданылған болса - оны сот шешімінің негізінде шығарып жіберу жағдайларын қоспағанда, жазаны өтеп болғанға немесе жазадан босатылғанға, пробациялық бақылаудың мерзімі аяқталғанға, жазаны орындауды кейінге қалдыру мерзімі аяқталғанға дейін;».
8. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 24, 157-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 10, 108-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233-құжат; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 20, 257-құжат; 2002 ж., № 6, 72-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 8, 63-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 33-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж, № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-V; 154, 156-құжаттар; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 2-құжат):
13-баптың 1-тармақшасындағы «сараптық-криминалистік» деген сөздер «криминалистік» деген сөзбен ауыстырылсын.
9. «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 13, 272-құжат; 2002 ж., № 18, 159-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2007 ж., № 5-6, 40-құжат; 2009 ж., № 24, 122-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 21-І, 125-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат):