Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар
және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; 2015 жылғы 8 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне денсаулық сақтау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 159-бап ескертпелерінің бірінші абзацындағы «Судья бәсекелестікке», «субъектісін» деген сөздер тиісінше «Бәсекелестікке», «субъектісі» деген сөздермен және 4) тармақшадағы «монополиялық кірісін тәркілеуден босатуы мүмкін» деген сөздер «әкімшілік жауаптылықтан босатылады» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 167-баптағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі» деген сөздер «табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 597-бап мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-бөліктермен толықтырылсын:
«4-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары айқындаған, көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қойғаны үшін төлем төлеуден жалтару - үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4-2. Осы баптың 4-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 622-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«622-бап. Қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікті пайдалану қағидаларын бұзу
Трамвайды, троллейбусты, қалалық және қала маңына қатынайтын автобусты немесе таксиді пайдалану қағидаларын көлік құралының тепкішектерінде және басқа да шығып тұрған бөліктерінде тұрып жол жүру, жүрген кезде кіру және шығу, есіктердің ашылуына және жабылуына кедергі келтіру, кесіп кететін нәрселерді тиісті қаптамасыз алып жүру, сондай-ақ салонды және жолаушылардың киімдерін былғайтын нәрселер мен заттарды тасымалдау түрінде жасалған бұзушылық - бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қоғамдық көлікте жол жүргені үшін ақы төлеуден жалтару - екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
5) 804-баптың үшінші бөлігінің 1) тармақшасы «622» деген цифрлардан кейін «(бірінші бөлігі)» деген сөздермен толықтырылсын.
2. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақ стан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 16, 214-құжат; 1999 ж., № 19, 646-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 138, 142-құжаттар; 2006 ж., № 2, 17-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 87-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 20, 23-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 112-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 9, 15-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 11, 80-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 64-құжат; № 14, 87-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 3-бапта:
3) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жария тыңдаулар - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) немесе оның шекті деңгейінің жобасын, сондай-ақ электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) бағаның жобасын Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және табиғи монополиялар субъектілерін шақыра отырып талқылау рәсімі;
4) инвестициялық бағдарлама - бір немесе бірнеше инвестициялық жобаларды қамтитын, техникалық-экономикалық нәтиже алу мақсатында қысқа мерзімді, орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған, табиғи монополия, реттелетін нарық субъектісінің қолда бар активтерін кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңа активтерін жасауға бағытталған қаражатты салу және қайтару бағдарламасы;»;
7) тармақша алып тасталсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісі - мынадай:
жалпы белгіленген қуаттылығы жиырма Гкал/сағатты қоса алғанға дейінгі жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі;
көлемi жылына бес жүз мың текше метрге дейiн сумен жабдықтау және (немесе) су бұру;
көлемі жылына отыз миллион текше метрге дейiн суғару үшін су беру жөніндегі;
көлемі елу мың вагон/км-ге, вагон/сағатқа дейін болатын кірме жолдар саласындағы;
көлемі жылына жиырма бес миллион кВт.сағатқа дейін электр энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өткізуді жүзеге асыратын табиғи монополия субъектiсi.
Қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне кірісі күнтізбелік бір жыл ішінде табиғи монополия субъектісінің барлық реттеліп көрсетілетін қызметінен түсетін кірістің бес пайызынан аспайтын реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша табиғи монополия субъектісі де жатады. Бұл ретте қалған реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша табиғи монополия субъектісі қуаттылығы аз табиғи монополия субъектісіне жатпайды;»;
2-тармақтың 1) тармақшасының он төртінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
12-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12-3) тармақшамен толықтырылсын:
«12-3) сараптама кеңесі - табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің (бағаларының, алымдар мөлшерлемелерінің) және тарифтік сметаларының жобаларына талдау мен сараптама жүргізу мақсатында құрылатын, құрамына тәуелсіз сарапшылар кіретін орган;»;
13) және 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«13) стратегиялық тауарлар - табиғи монополиялар субъектілері жылу энергиясын өндіру үшін отын ретінде пайдаланатын көмір, газ, мазут, дизель отыны, электр энергиясын беру және тарату, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру салаларындағы табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - электр энергиясы, жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін және жылу энергиясын беру және (немесе) тарату саласындағы нормативтік ысыраптар үшін - жылу энергиясы, газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) тарату құбыржолдары арқылы тасымалдау саласындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін өз мұқтаждары мен ысыраптары үшін - газ, сумен жабдықтау, жылу энергиясын өндіру салаларындағы табиғи монополиялар субъектілері үшін - сатып алынатын су;»;
«22) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейі - ұзақ мерзімді кезеңге, қажет болған кезде жылдарға бөле отырып бекітілетін, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) ең жоғары шамасы;»;
2-тармақтың 1) тармақшасының жиырмасыншы абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Осы Заңның 2-бабына сәйкес жиырмасыншы абзацы 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
23) тармақша алып тасталсын;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) төтенше реттеуші шаралар - стратегиялық тауарлардың құны өскен немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде табиғи монополия субъектiсiнің қызметiн тұрақтандыру және азаматтардың өмірін, денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мақсатында уәкілетті орган қолданатын шаралар;»;
2) 4-баптың 1-тармағында:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында оларды тасымалдауды қоспағанда, магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау жөніндегі;
2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі;»;
6-1) тармақшадағы «концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдар қызметтерінің» деген сөздер «бәсекелес теміржол болмаған кезде концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың көрсетілетін қызметтерінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың;»;
3) 5-бапта:
1-тармақта:
2-тармақтың 3) тармақшасының үшінші, төртінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Осы Заңның 2-бабына сәйкес үшінші абзацы 2017 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
1) тармақша алып тасталсын;
2) және 3) тармақшалар алып тасталсын;
4-2) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтың 3) тармақшасының алтыншы абзацы 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1-1 және 1-2-тармақтар алып тасталсын;
4) 6-баптың 5-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-2) осы Заңның 7-бабы бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасына сәйкес пайдаланылатын қаражатты қоспағанда, неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігіне дербес иелік етуге;»;
5) 7-бапта:
бірінші бөлікте:
2-1) тармақшадағы «реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) жасағаны», «ұйымдар» деген сөздер тиісінше «ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар)», «ұйымдар, интернет-ресурстар және (немесе) терминалдар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-3) тармақша «уәкілетті орган» деген сөздердің алдынан «осы бөліктің 3-1) тармақшасында көзделген жағдайды ескере отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 5) тармақшасының бесінші, алтыншы абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен, шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн көрсетілетін қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыруға;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігінің кемінде елу пайызын жаңа өндірістік активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға бағыттауға;»;
5) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) уәкілетті органның талап етуі бойынша қаржылық есептілік пен өзге де қажетті ақпаратты уәкілетті орган белгілеген, табиғи монополия субъектісі тиісті талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы электрондық құжатты орналастыру жолымен қағаз немесе электрондық жеткізгіште беруге;»;
«7) акционерлік қоғамдар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілері үшін аудиторлық ұйымдармен жыл сайынғы міндетті аудит жүргізуге міндетті. Аудиторлық есеп және жылдық қаржылық есептілік Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жылдық қаржылық есептілік бекітілген кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірілмей табиғи монополия субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылуға және табиғи монополия субъектісі өз қызметін жүзеге асыратын әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей жариялануға тиіс;»;
2-тармақтың 5) тармақшасының он екінші, он үшінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-2) осы Заңның 6-бабының 5-2) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, тарифтiк сметаны орындауға;»;
7-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-3) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы негіздемелерімен және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ тұтынушылар алдында есеп беру өткізілген кезден бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыра отырып, жыл сайын есеп беруге;»;
2-тармақтың 5) тармақшасының он алтыншы абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7-4) тармақша алып тасталсын;
7-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-5) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей уәкілетті органға инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы есепті ұсынуға және есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы есепті бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыруға;»;
мынадай мазмұндағы 7-6) және 7-7) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-6) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тұтынушыларды инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың), тарифтік сметалардың орындалу барысы туралы өзінің интернет-ресурсы не уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы жарты жылда бір рет хабардар етуге;
7-7) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті орналастыруға;»;
10) тармақша алып тасталсын;
2-тармақтың 5) тармақшасының жиырма үшінші, жиырма төртінші абзацтары 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей ұсынуға;»;
2-тармақтың 5) тармақшасының жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
«13-1) «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен монополияға қарсы органды реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) жатпайтын қызметтің жүзеге асырылуының басталғаны туралы хабардар етуге;»;
2-тармақтың 5) тармақшасының жиырма жетінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
Осы Заңның 2-бабына сәйкес жиырма жетінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды
14-1) тармақша алып тасталсын;
18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«18) белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындауға және инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген қаражатты табиғи монополия субъектісінің қолда бар активтерін қалпына келтіруге, жаңартуға, кеңейтуге, қолдауға, негізгі құралдарын реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға басымдықпен бағыттауға;»;
19) тармақша алып тасталсын;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) нормативтен тыс ысыраптардың болуына жол бермеуге;»;
22) тармақша алып тасталсын;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) тоқсан сайын өзінің интернет-ресурсында бос және қолжетімді қуаттылықтардың, сыйымдылықтың, орындардың, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) желілерінің өткізу қабілеттері, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар схемасының бар екендігі туралы ақпарат орналастыруға;»;
25) тармақшадағы «қамтамасыз етуге міндетті.» деген сөздер «қамтамасыз етуге;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 26) және 27) тармақшалармен толықтырылсын:
«26) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуден алынған қаражатты тікелей тұтынушыларға не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кезінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төмендету жолымен қайтаруға;
27) тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын сақтауға міндетті.»;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы баптың бірінші бөлігінің 4), 7-1), 7-3), 17), 18) және 24) тармақшаларында көзделген міндеттер қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.»;
2-тармақтың 5) тармақшасының қырық бірінші абзацы 2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
үшінші бөліктегі «және өңірлік электр желісі компанияларына» деген сөздер алып тасталсын;
6) 7-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Бағаларды мемлекеттік реттеу теміржол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай өнімдерін өндіру, мұнайды тасымалдау, азаматтық авиация, порттық қызмет, телекоммуникациялар және пошта байланысы, сондай-ақ «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, газ саласындағы реттелетін нарықтар субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, көрсетілетін қызметтеріне) қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Уәкілетті орган бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылатын реттелетін нарықтар субъектілері тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесін бекітеді.»;
7) 7-2-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
«Уәкілетті орган осы Заңның 7-3-бабының 2) тармақшасына сәйкес электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің бағасына сараптама жүргізілген кезде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жария тыңдаулар өткізуге міндетті.
Электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісінің босату бағасының жобасын қарау бойынша жария тыңдаулар электр энергетикасы саласындағы реттелетін нарық субъектісіне уәжді қорытынды жіберілгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей өткізіледі.
Жария тыңдаулардың өткізілетін күні мен орны туралы хабарландыруды уәкілетті орган жария тыңдаулар өткізілгенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға міндетті.»;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) уәкілетті орган бекіткен жағдайда, ол реттелетін нарық субъектісі тауарының (жұмысының, көрсетiлетiн қызметінің) шекті бағасында ескеріледі.
Реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Уәкілетті орган реттелетін нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда және тәртіппен түзетеді.
Уәкілетті орган шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы жартыжылдық ақпаратты қарайды және ол жыл қорытындылары бойынша орындалмаған жағдайда, реттелетін нарық субъектісіне шекті бағада ескерілген инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыруға алынған және пайдаланылмаған кірісті қайтару туралы нұсқама енгізеді. Осы тармақта көрсетілген, реттелетін нарық субъектісіне енгізілген нұсқама туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.»;
3-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Сараптама нәтижелері бойынша уәкілетті орган босатылатын бағалар туралы хабарламаны немесе ақпаратты немесе реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібінің сақталуын бақылау шеңберінде берілген ақпаратты алған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей реттелетін нарық субъектісіне уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша:»;
төртінші бөліктегі «дәлелді», «1-тармағының», «тауарларға» деген сөздер тиісінше «уәжді», «1) тармақшасының», «күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде тауарларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 7-3-бапта:
1) тармақшада:
алтыншы абзацтағы «тоқсан сайынғы», «тоқсаннан», «кешіктірмей» деген сөздер тиісінше «жартыжылдық», «жартыжылдықтан», «кешіктірмей беруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші абзац алып тасталсын;
2), 3-1) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«2) алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың шекті бағадан жоғары өсетіні және өсу себептерін растайтын (реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие емес бөлшек сауда нарығы субъектілерін қоспағанда) негіздемелік материалдарды ұсына отырып, олардың өсу себептері туралы кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде немесе уәкілетті органның электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электрондық құжат түрінде уәкілетті органды хабардар етуге;»;
«3-1) реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібіне сәйкес шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын орындауға;»;
«4) шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған кірісті тікелей тұтынушыларға уәкілетті орган мұндай фактіні анықтаған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей не тұтынушылардың толық тізбесін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету жолымен қайтаруға міндетті.»;
9) 7-4-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) электрондық құжат түрінде - қабылдау туралы электрондық хабарламада көрсетілген, электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қабылдаған күн болып табылады.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті органға осы Заңда белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы берілген, электрондық құжат түріндегі қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат мерзімінде берілді деп есептеледі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қаржылық есептілік, есептер, хабарламалар мен ақпарат электрондық құжат түрінде берілген кезде уәкілетті орган бұлар электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы қабылданған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей табиғи монополия, реттелетін нарық субъектісіне қабылдағаны туралы электрондық хабарлама жіберуге міндетті.»;
10) 13-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:
«3-2) сараптама кеңесін құрады және ол туралы ережені бекітеді;»;
4-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 4-6) тармақшамен толықтырылсын:
«4-6) табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді және бекітеді;»;
5-1), 5-2), 5-3) және 5-4) тармақшалар алып тасталсын;
11) 14-баптың 1-тармағында:
2-тармақтың 11) тармақшасының екінші - жетінші абзацтары 2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:
«11-1) мынадай:
реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдері ұлғайған;
негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін ағымдағы және күрделі жөндеулерге және басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына арналған шығындарды, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шығындарды қоспағанда, табиғи монополия субъектісінің нақты шығындары қысқарған;