ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экология мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 27 наурыздағы № 67-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:
1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 117-құжаттар; № 21-I, 124, 126-құжаттар; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-I, 119-құжат; 2020 ж., № 10, 39, 48-құжаттар; № 11, 54-құжат; № 13, 67-құжат; № 14, 68, 71-құжаттар; № 17-18, 78-құжат):
1) 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Жер заңнамасының мiндеттерi
Қазақстан Республикасы жер заңнамасының мiндеттерi: жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу; жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды, климаттың өзгеруіне бейімделуді қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу; шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау; жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау; жылжымайтын мүлiк нарығын жасау мен дамыту; жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.»;
2) 48-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) халықтың мұқтажын қанағаттандыруға арналған ортақ пайдаланылатын объектілерге (су құбыржолдары, жылу трассалары, тазарту құрылысжайлары және басқа да инженерлік-коммуникациялық желілер мен жүйелер, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауға арналған инфрақұрылым), сондай-ақ осы Кодекстің 107-бабы 3-тармағы бесінші бөлігінің 8) тармақшасына сәйкес арнайы мақсаттағы объектілерге;»;
3) 49-2-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Аумақтарды қала құрылысы үшін жоспарлаудың белгіленген тәртіппен бекітілген кешенді схемалары, елді мекендердің бас жоспарлары, автомобиль жолдары мен теміржолдар өтуінің жобалары (схемалары), қоршаған ортаға әсер етуді бағалау қамтитын саланы айқындау туралы қорытындылар, Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары жерді резервте қалдыру үшін негіздер болып табылады.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу кезінде жерді резервте қалдыру белгіленіп отырған қызметтің бастамашысы Қазақстан Республикасының экология заңнамасында көзделген қоршаған ортаға әсер етуді бағалау қамтитын саланы айқындау туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қорытындысымен өтініш жасаған жағдайда, үш жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.»;
4) 65-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) санитариялық және экологиялық талаптарға сәйкес келетін өндіріс технологияларын қолдануға, өздерi жүзеге асыратын қызмет салдарынан адам денсаулығына зиян келтіруге, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдайдың нашарлауына, экологиялық залал келтіруге жол бермеуге;»;
5) 93-бапта:
3-тармақтың 4) тармақшасындағы «жағдайды едәуір нашарлатуға» деген сөздер «залалға» деген сөзбен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жер учаскесін немесе оның бір бөлігін пайдалану ауыл шаруашылығы жері құнарлылығының едәуір төмендеуіне не экологиялық залалға алып келген жағдайларда, жер учаскесінің меншік иесі немесе жер пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес залалды жоюға міндетті.»;
6) 109-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі «(павильондарды)» деген сөзден кейін «, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлік алаңдарды және қайталама шикізатты қабылдау пункттерін» деген сөздермен толықтырылсын;
7) 142-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жердiң жай-күйiне жағымсыз әсер етудi және оны қорғау бойынша көзделген iс-шаралардың тиiмдiлiгiн бағалау мемлекеттiк сараптамалардың нәтижелерi бойынша жүргiзiледi, олардың оң қорытындысы болмайынша жаңа техника мен технологияларды енгiзуге, жердi мелиорациялау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға, ғимараттарды (құрылыстарды, құрылысжайларды) және басқа да объектiлер салуды (реконструкциялауды) қаржыландыруға тыйым салынады.».
2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 19-20, 86-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):
1) мазмұнындағы 72-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«72-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандардың ресурстық әлеуетін арттыру»;
2) 13-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 18-53), 18-54), 18-55) және 18-56) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-53) климаттың өзгеруіне осалдыққа бағалау жүргізуді өз құзыреті шегінде ұйымдастырады;
18-54) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды өз құзыреті шегінде айқындайды;
18-55) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
18-56) өз құзыреті шегінде айқындалған, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асырады және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзетеді;»;
3) 26-баптың 4) тармақшасындағы «экологиялық жағынан оңтайлы» деген сөздер алып тасталсын;
4) 27-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өздерінің меншігіндегі немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануындағы жеке орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы мен орман пайдалануды Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын сақтай отырып, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде көзделген тәсілдермен және әдістермен жүргізуге;»;
5) 38-бапта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) сүрек дайындаған кезде орманды табиғи түрде молықтыру үшін оңтайлы жағдайларды сақтау жөніндегі талаптарды ұстануға;»;
20-1) тармақша алып тасталсын;
6) 53-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ормандардың жай-күйi мен молықтырылуына әсер ететiн объектiлер салынатын орындар санитариялық-эпидемиологиялық сараптама мiндеттi түрде жүргiзiле отырып, уәкiлеттi органмен келiсiледi.»;
7) 54-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк орман қорында құрылыс жұмыстарын жүргiзу, кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру, коммуникациялар тарту және орман шаруашылығын жүргiзуге және орман пайдалануға байланысты емес өзге де жұмыстарды орындау, егер бұл үшiн мемлекеттiк орман қорының жерiн басқа жер санаттарына ауыстыру және (немесе) оларды алып қою қажет болмаса, тиісті экологиялық рұқсат не мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде уәкiлеттi органмен келiсу бойынша облыстың жергілікті атқарушы органының шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.»;
8) 62-бап 9) тармақшасындағы «қамтамасыз ету болып табылады.» деген сөздер «қамтамасыз ету;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) климаттың өзгеруіне бейімделу және климаттың өзгеруіне осалдықты азайту жөніндегі іс-шараларды жүргізу болып табылады.»;
9) 72-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«72-бап. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандардың ресурстық әлеуетін арттыру»;
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу ормандардың ресурстық әлеуетiн арттыруды қамтамасыз етуге тиiс.
2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандардың ресурстық әлеуетiн арттыру ағаш кесудің ғылыми негiзделген жүйесiн iске асыру, ормандарды молықтыру, олардың тұқымдық құрамын жақсарту, селекциялық-генетикалық негiзде тұрақты орман тұқым базасын жасау және оны тиiмдi пайдалану, су-орман мелиорациясы, күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу мен санитариялық мақсатта ағаш кесудi қоса алғанда, орманды күтiп-баптау, орман шаруашылығына арнап жолдар салу, басқа да орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ормандардың ресурстық әлеуетiн арттыру жөнiндегi iс-шараларды орман мекемелерi мен орман пайдаланушылар орман орналастыру жобаларына сәйкес жүргiзедi.»;
10) 93-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттiк орман қорының осы Кодекстiң 44-бабы 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында санамаланған санаттағы ормандарында басқа мақсатта ағаш кесу, сондай-ақ құндылығы төмен және қорғаныштық, су сақтау және басқа да экологиялық функцияларын жоғалта бастаған екпелердi реконструкциялауға байланысты ағаш кесу уәкiлеттi органның рұқсаты бойынша ғана жүргiзiледi.».
3. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-ІІ, 72-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 ж., № 13, 67-құжат):
1) 35-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сумен жабдықтау, су бұру және су қорғау саласындағы технологияларды жетілдірудің, оның ішінде климаттың өзгеруіне бейімделу мақсаттарында жетілдірудің негізгі бағыттарын әзірлеу;»;
2) 37-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 1-2), 1-3), 1-4), 1-5) және 20-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-2) климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды өз құзыреті шегінде жүргізеді;
1-3) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды өз құзыреті шегінде айқындайды;
1-4) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
1-5) өз құзыреті шегінде айқындалған, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асырады және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзетеді;»;
«20-1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұнайдың төгілуіне сезімталдық картасын және экологиялық сезімталдық индексін әзірлеуге, айқындауға және келісуге қатысады;»;
3) 39-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2), 5-3) және 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) климаттың өзгеруіне осалдықты бағалауды өз құзыреті шегінде жүргізеді;
5-2) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі басымдықтар мен шараларды өз құзыреті шегінде айқындайды;
5-3) климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шараларды өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
5-4) өз құзыреті шегінде айқындалған, климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі шаралардың тиімділігіне мониторинг пен бағалауды жүзеге асырады және мониторинг пен бағалау нәтижелері негізінде осы шараларды түзетеді;»;
4) 40-баптың 2-тармағының 7) тармақшасы алтыншы абзацындағы «жоспарларын келісу» деген сөздер «жоспарларын» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
«жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен бірлесіп жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде айқындалатын мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін келісу;»;
5) 66-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнайы су пайдалануды жеке және заңды тұлғалар рұқсаттың негізінде, тек қана сонда айқындалған мақсаттар үшін жүзеге асырады және басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға және экологиялық залал келтірмеуге тиіс.»;
6) 71-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) су объектiлерiн пайдаланудың өзiне тиесiлi құқығын өз қалауына қарай жүзеге асыруға, бұл ретте, басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына, су объектiлерiне зиян және экологиялық залал келтiруге жол бермеуге;»;
7) 72-баптың 8) тармақшасы «белгіленген» деген сөздің алдынан «мұнайдың авариялық төгілуін жою кезінде түсетін ластағыш заттарды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 121-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Шағын су объектiлерiнiң су ресурстарын арнайы су пайдалану тәртiбiмен пайдалану уәкілетті орган осындай су пайдалану салдарының су ресурстарының жай-күйiне әсерін зерделегеннен кейiн және мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы немесе Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес міндетті экологиялық рұқсат болған кезде мүмкiн болады.»;
9) 130-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мiндеттi санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасыз шаруашылық қызметтi және аумақта жұмыстар мен қызмет көрсетулердi жүргiзуге тыйым салынады.».
4. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 99, 106-құжаттар; № 24-I, 118, 119-құжаттар; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 39, 44-құжаттар; № 11, 54-құжат; № 12, 61, 63-құжаттар; № 14, 68, 75-құжаттар; № 16, 77-құжат):
1) 3-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 43-1) тармақшамен толықтырылсын:
«43-1) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға қаражат бағыттау нормативі - Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға бағытталатын, қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақыдан түсетін кірістердің үлесі;»;
2) 50-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы;»;
3) 51-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы;»;
4) 53-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының он сегізінші және он тоғызыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;
экологиялық рұқсаттар беру;»;
5) 54-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының он екінші, он үшінші және он төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шаралар жүргізу;
Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;
II санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру;»;
6) 55-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының оныншы, он бірінші және он екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөнінде іс-шаралар жүргізу;
Қазақстан Республикасының Экология кодексіне сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу;
II санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру;»;
7) 64-баптың 1-1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Облыстық бюджетті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерін, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға қаражат бағыттау нормативін сақтай отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескеріп, жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға қаражат бағыттау нормативі Қазақстан Республикасының Экология кодексінде көзделген қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленген және бекітілген жылдың алдындағы үш жыл ішінде жергілікті бюджетке түскен қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақының кемінде бір жүз пайызы мөлшерінде қабылданады.
Қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақының жергілікті бюджетке түсімдері болжамды түрде төмендеген кезде қаражат бағыттау нормативі болжанатын төмендеуге қарай түзетіледі.».
5. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 88, 91-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 108-құжат; № 24-I, 118-құжат; № 24-IІ, 120-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; № 10, 44, 46-құжаттар; № 12, 63-құжат; № 16, 77-құжат; № 19-20, 81-құжат; 2020 жылғы 20 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) бүкіл мәтін бойынша «қоршаған ортаға ірі», «қоршаған ортаға аса ірі», «қоршаған ортаға айтарлықтай», «Қоршаған ортаға ірі» және «Қоршаған ортаға аса ірі» деген сөздер тиісінше «ірі экологиялық», «аса ірі экологиялық», «айтарлықтай экологиялық», «Ірі экологиялық» және «Аса ірі экологиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мазмұнындағы 343-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«343-бап. Экологиялық залалды ремедиациялау (жою) жөнінде шаралар қолданбау»;
3) 3-бапта:
2) тармақтағы «325, 326, 328, 335, 337, 340 және 342-баптарда - қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі не одан асатын мөлшердегі құндық көрінісі;» деген сөздер «325, 326, 328, 335, 337, 340 және 342-баптарда - экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық мәні;» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақтағы «324, 325, 326, 328, 329, 330, 332, 333, 334, 337, 339 және 343-баптарда - қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық көрінісі;» деген сөздер «324, 325, 326, 328, 329, 330, 332, 333, 334, 337, 339 және 343-баптарда - экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық мәні;» деген сөздермен ауыстырылсын;
38) тармақтағы «324, 325, 326, 328, 329, 330, 332, 333, 334, 335, 337, 338, 339, 340, 341 және 343-баптарда - қоршаған ортаны және табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық көрінісі;» деген сөздер «324, 325, 326, 328, 329, 330, 332, 333, 334, 335, 337, 338, 339, 340, 341 және 343-баптарда - экологиялық залалды жою немесе табиғи ресурстардың тұтынушылық қасиеттерін қалпына келтіру үшін қажетті шығындардың бір мың айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі құндық мәні;» деген сөздермен ауыстырылсын;