16-1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды; 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 16-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсету саласындағы өзге де өкілеттіктерді орындайды;
17) халықтың әлеуметтiк жағынан дәрменсiз топтарына әлеуметтiк көмек көрсетудi үйлестiредi;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 17-1) тармақшамен толықтырылды; 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 17-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17-1) қылмыстық жазаларды және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар құрады;
2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 17-2) тармақшамен толықтырылды
17-2) өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу арқылы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын, сондай-ақ бюджет есебінен қаржыландырылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің басқа да шараларының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;
2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 17-3) - 17-7) тармақшалармен толықтырылды
17-3) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының квоталарын белгілейді;
17-4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетуді үйлестіреді;
17-5) Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, өмірлік қиын жағдайда деп танылған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді;
17-6) қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың жұмыспен қамтылуына, оның ішінде:
қылмыстық-атқару жүйесінің кәсіпорындары мен мекемелері өндіретін тауарларға, орындайтын жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге тапсырыстарды орналастыру;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында сотталғандардың еңбегін пайдаланатын өндірістер ашу, оларды кеңейту және жаңғырту үшін кәсіпкерлік субъектілерін тарту арқылы жәрдемдеседі;
17-7) пробация қызметінің есебінде тұрған мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмағандарды ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 17-8) тармақшамен толықтырылды
17-8) бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сертификаттарын береді;
18) тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, халықтың тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерін өркендетуге, дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдеседі;
2019.26.12. № 289-VІ ҚР Заңымен 18-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
18-1) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылуын және оларды күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ республикалық және халықаралық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі жұмыстарды қоспағанда, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың және археологиялық жұмыстардың жүргізілуін мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
19) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастыру және дамыту үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) әкімдіктерінің, қаладағы аудандар әкімдерінің жұмысын үйлестіреді;
19-1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының жалпы лимитi және нормативтері шегiнде белгiлейдi және оны аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдiкке жеткізеді;
19-2) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетін ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының штат санының ең төменгі нормативтерінен тыс жергiлiктi атқарушы органдардың штат санының жалпы лимитi шегінде қосымша штат санын жылына бір реттен артық емес бөлуге құқығы бар;
20) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиiстi мәслихат қарауына қарыз алу жөнiнде шешiмдер қабылдау туралы ұсыныстар енгiзедi;
21) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тарта отырып, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдар құрады;
21-1) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, электрондық қызметтер көрсетеді;
21-2) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз етеді;
21-3) 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
21-4) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне тіркеу тәртібі және мекенжайдың құрылымы туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 21-5) тармақшамен толықтырылды
21-5) жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру бойынша ұйымдастыру жұмысын жүргізеді және жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы ережелерді әзірлейді;
22) мемлекеттік мекемелер мен кәсiпорындар құрады, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін штат санының лимиті және нормативтері шегінде белгiлейдi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдарының штат саны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
22-1) 2006.07.07. № 178-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
22-2) 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 22-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
22-3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдерін, хабарламалар қабылдауды жүзеге асырады;
22-4) салық төлеушіні тіркеу есебіне алу орны бойынша мемлекеттік кіріс органының облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетіне толық көлемде түсетін салықтарды төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімдерін келіседі;
22-5) 2006.05.07. № 166-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
22-6) 2006.07.07. № 174-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
22-7) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
23) Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру ережелерінің жобасын әзірлейді және оны мәслихаттың бекітуіне ұсынады.
2021.27.12. № 87-VIІ ҚР Заңымен 24) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
24) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес ұйымдардың сатып алуындағы елішілік құндылық бойынша ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органға береді;
25) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін түзеді;
2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен 26) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
26) терроризмге қарсы комиссиялар арқылы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 26-1) тармақшамен толықтырылды
26-1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;
2020.13.05. № 325-VІ ҚР Заңымен 26-2) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
26-2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен мекемелерін, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының объектілерін, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-3-бабында көрсетілген күзетілетін объектілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен келісу бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті аумағында орналасқан, террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін әзірлейді және бекітеді және объектілердің меншік иелерін, иеленушілерін, басшыларын немесе өзге де лауазымды адамдарын осы объектілердің тізбеге енгізілгені туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді;
27) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тұрғын үйлерді коммуналдық тұрғын үй қорынан азаматтардың меншігіне беруді жүзеге асырады;
2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 27-1), 27-2), 27-3), 27-4), 27-5) және 27-6) тармақшалармен толықтырылды
27-1) су басқан аймақтарда тұрғын үйді пайдалану орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру, төтенше жағдайлардың ықтималдығы кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету, су басқан аймақтардан халықты уақытша қоныс аударту үшін тұрғын үй салу жөніндегі іс-шараларды қаржыландырады және іске асырады;
27-2) «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) жүргізуді, сондай-ақ кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіне, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, үй жанындағы жер учаскесіне құжаттарды дайындауды және дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді қамтамасыз етеді;
27-3) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
27-4) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
27-5) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
27-6) елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
28) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;
29) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады;
2014.27.06. № 212-V ҚР Заңымен 30) тармақшамен толықтырылды
30) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады.
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 30) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
30-1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;
31) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
32) 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 32-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 32-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
32-1) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізеді;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33) тармақша жаңа редакцияда
33) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 33-1) тармақшамен толықтырылды
33-1) жасыл екпелерді күтіп-баптау мен қорғау қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады.
Облыстардың, астананың, Шымкент қаласының әкімдіктері сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін жасыл екпелерді күтіп-баптау мен қорғаудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген жасыл екпелерді күтіп-баптау және қорғау қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;
34) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекітеді;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 35) тармақшамен толықтырылды
35) ұлттық және аумақтық кластерлерді дамытуды жүзеге асырады;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 36) тармақшамен толықтырылды
36) дәрілік өсімдіктер мен өсімдіктен алынатын техникалық шикізатты жинауға тыйым салу және оның күшін жою туралы шешім қабылдайды;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 37) тармақшамен толықтырылды
37) жерді дамыту және пайдалану мәселелері жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақты дамыту бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;
2022.20.06. № 128-VII ҚР Заңымен 38) тармақшамен толықтырылды
38) «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 3, 5 және 6-тармақтарында көзделген жағдайларда қорытынды береді.
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2. Республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негiзiнде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді.
1-3. 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 1-4-тармақпен толықтырылды
1-4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын талқылауды жүргізеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді.
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 1-5-тармақпен толықтырылды
1-5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, жерлеу жөніндегі істі ұйымдастыру туралы шарт талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ қабірге арналған жер учаскелерін есепке алу мен тіркеу деректерін (мәліметтерін) жинақтауды ұйымдастырады.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 1-5-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-5. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін әзірлейді және тиісті мәслихатқа бекітуге ұсынады. Шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларының негізінде әзірленеді.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiгi жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық мәслихаттың алдында өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн жауап бередi.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 28-бап өзгертілді
28-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімін қызметке тағайындау және қызметiнен босату тәртібі
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 18 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Президенті облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін, тиісінше, облыс аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен лауазымға тағайындайды.
2. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімін Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президентi қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкiм Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi әкiмдi тағайындағанға дейiн өз мiндетiн атқаруды жалғастыра бередi.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 29-бап өзгертілді
29-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінiң құзыретi
1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мүддесiн білдiредi;
1-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін реттеу, іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асырады;
1-2) атқарушылық биліктің мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз етеді;
2) орталық атқарушы органдар басшыларына орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң актілерін, облыс әкімі мен Әкімдігінің актілерін олардың орындауға қатысты бөлiгіндегі қызметi туралы ұсыныс енгізуге құқылы. Орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметі актілерін орындауға қатысты бөлiгiнде жұмыстағы кемшiлiктерiн жоймаған ретте облыс әкімі Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметіне тиiстi қорытынды енгізуге құқылы;
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) жоспарлы кезеңде бюджет қаражаты шегінде қол жеткізуді (орындауды) қамтамасыз етуге міндеттенетін негізгі нысаналы индикаторлар қамтылатын меморандумға қол қояды;
3) тиiстi адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi;
3-1) тиісті мәслихатқа «Облыстың (қаланың) құрметті азаматы» атағын беруге ұсыныс енгізеді;
2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4) тармақша өзгертілді
4) мына лауазымды адамдарды:
жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттік органдармен келісім бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінiң орынбасарларын;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысанды киім киіп жүру құқығы берілген және әскери немесе өзге арнаулы атақ берілетін басшыларды қоспағанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын, сондай-ақ аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасатын білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын;
4-1) 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңызы бар қаладағы аудан, астанадағы аудан) әкiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жауапкершiлiк шараларын қолдану мәселелерiн шешедi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдары қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
6) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық, республикалық маңызы бар қаладағы аудандық, астанадағы аудандық) Әкімдіктер мен әкiмдер жұмысын үйлестiредi;
7) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаладағы ауданның, астанадағы ауданның) әкiмдерi арқылы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын тиісті мәслихаттардың бекітуіне енгізеді;
9) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихатқа бекітуге ұсынады;
10) алынып тасталды
11) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы, әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
12) кәсiпорындарды, кен орындарын және мемлекеттік меншiктiң басқа да объектiлерiн жекешелендiру, жалға беру, сату мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органымен тең дәрежеде келісім-шарттарға қол қоюға, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауға қатысады.