ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының
2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 192-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім):
1) 192-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «, мемлекеттік меншіктің осы Кодекстің 193-бабында аталған объектілері» деген сөздер алып тасталсын;
2) 193-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«193-бап. Жерге және басқа да табиғи ресурстарға меншiк
Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар Қазақстан халқына тиесілі. Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады.
Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады.
Жер заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.».
2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:
1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Жерге меншік
Қазақстан Республикасындағы жер Қазақстан халқына тиесілі. Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады. Жер учаскелері осы Кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.»;
2) 122-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктегі «мемлекет меншiгiнде» деген сөздер «Қазақстан халқының меншiгiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады.»;
3) 133-баптың 1-тармағында:
«мемлекет меншiгiнде» деген сөздер «Қазақстан халқының меншігінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады.».
3. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне:
7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк орман қоры Қазақстан халқына тиесілі. Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк орман қоры мемлекеттiк меншiк объектiлерiне жатады және республикалық меншiкте болады.».
4. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне:
1) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Су қорының жері Қазақстан халқына тиесілі. Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады.»;
2) 8-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының су қорына меншік құқығын Қазақстан халқының мүддесі үшін тек қана мемлекет жүзеге асырады.
2. Қазақстан халқының мүддесі үшін су қорын иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.».
5. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:
5-тармақтың 1) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 5-баптың 1-тармағының үшінші бөлігіндегі «тікелей» деген сөз алып тасталсын;
2) 46-баптың 17-тармағындағы «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 3) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 53-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацындағы «Конституциялық Кеңесінің» деген сөздер «Конституциялық Сотының» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 4) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 54-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацындағы «аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды» деген сөздер «әкімдерді сайлауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 62-баптың 3-тармағының төртінші бөлігінде:
5-тармақтың 5) тармақшасының екінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«Конституциялық Кеңесі» деген сөздер «Конституциялық Соты» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 68-баптың 2-1-тармағындағы «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 74-баптың 1-тармағы екінші бөлігі 4) тармақшасының екінші бөлігіндегі «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың 8) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 83-бап «мәслихаттардың депутаттарын,» деген сөздерден кейін «аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың,» деген сөздермен толықтырылсын;
9) 85-баптың 11-тармағындағы «республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 112-баптың 5-тармағындағы «республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 125-баптың 2-тармағындағы «республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 127-бапта:
4-тармақтағы «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-1-тармақтағы «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 128-бапта:
1-тармақтағы «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың үшінші абзацындағы «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
6-тармақтың 1) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-баптың екінші бөлігіндегі «қысым жасайтын», «Кеңесі» деген сөздер тиісінше «нұқсан келтіретін», «Соты» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-бапта:
16) тармақ:
6-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«Парламент депутаты,» деген сөздерден кейін «Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы,» деген сөздермен толықтырылсын;
«судья,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл,» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
28) тармақ «мәслихаттардың депутаттығына,» деген сөздерден кейін «аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың,» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың 3) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 377-бапта:
тақырыптағы «Кеңесінің» деген сөз «Сотының» деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацындағы «Кеңесінің» деген сөз «Сотының» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-тармақтың 4) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 17-тараудың тақырыбы «орындалу тәртiбiне» деген сөздерден кейін «, конституциялық іс жүргізуге» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың 5) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 408-бапта:
тақырыптағы «Сот төрелігін» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының, сот төрелігін» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші абзацта:
«Судьяның,» деген сөз «Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьясының, судьяның,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«сотта» деген сөз «Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында, сотта» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 6) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 409-бапта:
тақырыптағы «Сот төрелiгiн» деген сөздер «Конституциялық іс жүргізуді, сот төрелігін» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацында:
«сотта» деген сөз «Қазақстан Республикасының Конституциялық сотында, сотта» деген сөздермен ауыстырылсын;
«байланысты» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына,» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың 7) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 410-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«410-бап. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотын, сотты құрметтемеу»;
бірінші бөліктің бірінші абзацында:
«Сот талқылауына қатысушыларды» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотын, сотты конституциялық іс жүргізуге қатысушыларды, жолданымды қарау кезінде тартылатын өзге де тұлғаларды, олардың өкілдерін, сот талқылауына қатысушыларды» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қорлаудан көрінген, сотты» деген сөздер «қорлаудан көрінген» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктің бірінші абзацындағы «Судьяны» деген сөз «Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьясын, судьяны» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 8) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 411-бапта:
тақырыптағы «Судьяға» деген сөз «Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына, судьяға» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің бірінші абзацында:
«сотта» деген сөз «Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында, сотта» деген сөздермен ауыстырылсын;
«байланысты» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясына,» деген сөздермен толықтырылсын.
7. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне:
7-тармақтың 1) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-баптың екінші бөлігіндегі «Кеңесінің» деген сөз «Сотының» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтың 2) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 10-баптың екінші бөлігіндегі «қысым көрсететін», «қысым көрсетеді», «Кеңесіне» деген сөздер тиісінше «нұқсан келтіретін», «нұқсан келтіреді», «Сотына» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 3) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 35-баптың бірінші бөлігінің 6) тармағындағы «Кеңесі» деген сөз «Соты» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтың 4) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
4) 45-баптың екінші бөлігінде:
бірінші абзацтағы «қысым көрсететін», «Кеңесіне» деген сөздер тиісінше «нұқсан келтіретін», «Сотына» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «Кеңесі» деген сөз «Соты» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтың 5) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
5) 187-баптың төртінші бөлігіндегі «146,» деген цифрлар алып тасталсын;
7-тармақтың 6) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6) 193-бапта:
бірінші бөліктің 12-1) тармағының бірінші абзацындағы «азаптаулар, Қазақстан Республикасы» деген сөздер «Қазақстан Республикасы» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-бөлікпен толықтырылсын:
«1-1. Прокурор азаптаулар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырады.»;
7) 234-баптың төртінші бөлігіндегі «Нұр-Сұлтан қаласының» деген сөздер «астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-тармақтың 8) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 390-баптың алтыншы бөлігіндегі «Кеңесі» деген сөз «Соты» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтың 9) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
9) 476-баптың 15) тармағындағы «Кеңесінің» деген сөз «Сотының» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтың 10) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 499-баптың екінші бөлігінің 5) тармағындағы «Кеңесінің» деген сөз «Сотының» деген сөзбен ауыстырылсын;
7-тармақтың 11) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) 501-баптың төртінші бөлігінің 2) тармағындағы «Кеңесі» деген сөз «Соты» деген сөзбен ауыстырылсын;
12) 547-баптың бесінші және оныншы бөліктеріндегі «Нұр-Сұлтан қаласының» деген сөздер «астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 549-бапта:
7-тармақтың 13) тармақшасының екінші – он бірінші абзацтары 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
тақырыптағы «Конституциялық Кеңесінің Төрағасына немесе мүшесіне» деген сөздер «Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағасының орынбасарына, судьясына» деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлікте:
бірінші абзацтағы «Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшесiне» деген сөздер «Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағасының орынбасарына, судьясына» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы «Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы немесе мүшесi» деген сөздер «Конституциялық Сотының Төрағасы, Төрағасының орынбасары, судьясы» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші абзацтағы «Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшесiне» деген сөздер «Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағасының орынбасарына, судьясына» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «Конституциялық Кеңесi Төрағасының немесе мүшесiнің» деген сөздер «Конституциялық Соты Төрағасының, Төрағасы орынбасарының, судьясының» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы мен мүшесi өз өкiлеттiктерiнiң мерзiмi iшiнде қылмыс орнында ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайларды қоспағанда, оларды» деген сөздер «Қылмыс орнында ұстап алынған не ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасаған жағдайлардан басқа кезде Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын, Төрағасының орынбасарын, судьясын өз өкiлеттiктерiнiң мерзiмi iшiнде» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлікте:
«Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын немесе мүшесiн» деген сөздер «Конституциялық Сотының Төрағасын, Төрағасының орынбасарын, судьясын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшесiне» деген сөздер «Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағасының орынбасарына, судьясына» деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөлікте:
7-тармақтың 13) тармақшасының он үшінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«Конституциялық Кеңесінің Төрағасын немесе мүшесін» деген сөздер «Конституциялық Сотының Төрағасын, Төрағасының орынбасарын, судьясын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Нұр-Сұлтан қаласы» деген сөздер «астананың» деген сөзбен ауыстырылсын;
14) 550-баптың бесінші бөлігіндегі «Нұр-Сұлтан қаласы» деген сөздер «астананың» деген сөзбен ауыстырылсын;
15) 551-баптың алтыншы бөлігіндегі және жетінші бөлігінің екінші абзацындағы «Нұр-Сұлтан қаласының» деген сөздер «астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының» деген сөздермен ауыстырылсын;
16) 551-1-бапта:
екінші бөліктегі «Бас Прокурорының» деген сөздер «Парламенті Сенатының» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді қылмыстық жауаптылыққа тартуға, ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсыну енгізеді. Ұсыну Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны ұсынудың, сотқа күзетпен ұстау, үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат енгізудің, оны ұстап алу, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына мәжбүрлеп әкелу қажеттігі туралы мәселені шешудің алдында енгізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөлікпен толықтырылсын:
«3-1. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шешімін алғаннан кейін одан әрі іс бойынша іс жүргізу осы Кодекстің 547-бабының алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы бөліктерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі.»;
төртінші бөліктегі және бесінші бөліктің екінші абзацындағы «Нұр-Сұлтан қаласының» деген сөздер «астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының» деген сөздермен ауыстырылсын;
17) 552-бапта:
7-тармақтың 17) тармақшасының екінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
тақырыптағы «Конституциялық Кеңесінің Төрағасына немесе мүшесіне» деген сөздер «Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағасының орынбасарына, судьясына» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлікте:
7-тармақтың 17) тармақшасының төртінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«Конституциялық Кеңесінің Төрағасына немесе мүшесіне» деген сөздер «Конституциялық Сотының Төрағасына, Төрағасының орынбасарына, судьясына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«және 83-бабының 3-тармағында» деген сөздер «, 83-бабының 3-тармағында және 83-1-бабының 3-тармағында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«551-1-бабында» деген сөздер «551-1-бабының үшінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне:
1) 32-бапта:
бірінші бөліктің 5) тармақшасындағы «Адам құқықтары» деген сөздер «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары» деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл талап Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қолданылмайды.»;
2) 9-тараудағы
«Адам құқықтары жөніндегі уәкіл», «Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің», «Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді», «Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен», «Адам құқықтары жөніндегі уәкілге» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдің», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлді», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 88-баптың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының сотталған адамды осы бөліктің бірінші абзацының 1) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша басқа облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) мекемесіне ауыстыру туралы шешімі жазаны өтеу орны бойынша аудандық не оған теңестірілген прокурордың қорытындысы ескеріле отырып қабылданады.».
9. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
7-тармақтың 1) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 82-бапта:
3-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының заңдары жобаларының тұжырымдамалары,» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтың төртінші бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының заңдары жобаларының тұжырымдамаларында және» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақтың 2) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 83-баптың 6-тармағының 3) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының заңы жобасы тұжырымдамасының,» деген сөздер алып тасталсын;
7-тармақтың 3) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 96-баптың 4-тармағының 6) тармақшасындағы «заң жобаларының және нормативтік құқықтық актілер жобаларының тұжырымдамалары» деген сөздер «реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттары, нормативтік құқықтық актілердің жобалары» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 135-баптың 3-тармағының 1) тармақшасындағы «Заңына» деген сөз «Конституциялық заңына» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:
10-тармақтың 1) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-баптың екінші бөлігіндегі «Кеңесінің» деген сөз «Сотының» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақтың 2) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
2) 6-баптың екінші бөлігінде:
«қысым көрсететін», «қысым көрсетеді», «Конституциялық Кеңесіне» деген сөздер тиісінше «нұқсан келтіретін», «нұқсан келтіреді», «Конституциялық Сотына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Конституциялық Кеңестің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 3) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
3) 21-баптың екінші бөлігінің екінші абзацындағы «Кеңесі» деген сөз «Соты» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 27-баптың 1-2-бөлігінің бірінші абзацындағы «Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, Нұр-Сұлтан қаласының» деген сөздер «Астананың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, астананың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 148-баптың үшінші бөлігіндегі «әрекетке қабілетсіз тұлғаның» деген сөздер «кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз адамның» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 219-баптағы «, ол азаматтық істің материалдарына қоса тіркеледі» деген сөздер алып тасталсын;
10-тармақтың 7) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
7) 272-баптың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында:
«қысым жасайтындығын байқаған», «конституцияға сәйкес еместігін», «Кеңесіне» деген сөздер тиісінше «нұқсан келтіреді деп тапқан», «конституциялық емес», «Сотына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Конституциялық Кеңестің», «конституцияға сәйкес келетіндігін» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының», «конституциялылығын» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың 8) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
8) 274-баптың 4) тармақшасындағы «Кеңесінің» деген сөз «Сотының» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 402-баптың екінші абзацындағы «Нұр-Сұлтан қаласының» деген сөздер «астананың» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақтың 10) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
10) 455-баптың үшінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «Кеңесінің» деген сөз «Сотының» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақтың 11) тармақшасы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
11) 459-баптың 5) тармақшасындағы «Кеңесінің» деген сөз «Сотының» деген сөзбен ауыстырылсын.
11. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
7-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы «соттың заңды күшіне енген үкіміне байланысты» деген сөздер «заңды күшіне енген қылмыстық немесе əкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінəлі деп тану туралы сот актісінің негізінде» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:
406-баптың 2-тармағының 7) тармақшасында:
«хатшысы» деген сөз «кеңесшісі» деген сөзбен ауыстырылсын;
12-тармақтың төртінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
«Конституциялық Кеңесінің» деген сөздер «Конституциялық Сотының» деген сөздермен ауыстырылсын;