ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру,
құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің құқықтық
және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының дербестігі,
жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту және қару айналымы мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
1) 32-баптың үшінші бөлігінің екінші абзацындағы «тұрғын үйге, үй-жайға басып кірумен» деген сөздер «тұрғынжайға, үй-жайға басып кірумен, не тұрғынжайға, үй-жайға өрт қоюмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 147-бапта:
екінші бөліктің бірінші абзацы «өңдеу» деген сөзден кейін «(таратуды қоспағанда)» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөліктің бірінші абзацы «мақсатында жасаған» деген сөздерден кейін «, сол сияқты адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына не кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осындай қызметке кедергі жасау немесе сол үшін кек алу мақсатында осы адамға немесе оның жақындарына қатысты жасалған» деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Адамның жеке немесе отбасы құпиясын құрайтын, жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз тарату не өзге де дербес деректерді заңсыз тарату нәтижесінде адамның құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру -
үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген әрекеттерді көпшілік алдында сөйлеген сөзде, көпшілікке көрсетілетін шығармада, бұқаралық ақпарат құралдарында немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, оның ішінде Интернет арқылы, сол сияқты адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына не кәсіптік немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты осындай қызметке кедергі жасау немесе сол үшін кек алу мақсатында осы адамға немесе оның жақындарына қатысты жасау -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
3) 286-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы «атыс қаруын,» деген сөздерден кейін «газды пистолетті және револьверді, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды, үрлемелі қуаты 7,5 Джоульдан жоғары пневматикалық қаруды, оқсыз атылатын, белгі беретін және лақтырылатын қаруды, олардың негізгі (құрамдас) бөліктерін,» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 288-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «жинақтаушы бөлшектерін» деген сөздер «негізгі (құрамдас) бөліктерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 291-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы «жинақтаушы бөлшектерін» деген сөздер «негізгі (құрамдас) бөліктерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) мынадай мазмұндағы 370-1 және 370-2-баптармен толықтырылсын:
«370-1-бап. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның немесе құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның өзге басшысының қызмет бойынша әрекетсіздігі
Құқық қорғау органында немесе арнаулы мемлекеттік органда жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның немесе құқық қорғау органының немесе арнаулы мемлекеттік органның өзге басшысының өз өкілеттіктері шегінде азаматтардың өміріне тікелей қатер төндіретін оларға шабуыл жасаудың, ғимараттарды қарулы басып алудың, азаматтардың немесе ұйымдардың мүлкін жалпыға қауіпті тәсілмен жоюдың жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдамауынан көрінген, қызмет бойынша әрекетсіздігі, егер бұл іс-әрекет төтенше жағдай кезінде жасалса немесе ауыр салдарға алып келсе, -
жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертпе. Осы бапта:
құқық қорғау органының өзге басшысы деп құқық қорғау органының аумақтық немесе оған теңестірілген органының не оқшауланған бөлімшесінің басшысы түсініледі;
арнаулы мемлекеттік органның өзге басшысы деп арнаулы мемлекеттік орган ведомствосының, аумақтық органының, мемлекеттік мекемесінің, оқшауланған бөлімшесінің басшысы түсініледі.
370-2-бап. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің қызмет міндеттерін атқарудан бас тартуы немесе жалтаруы
1. Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің белгіленген тәртіппен берілген бұйрықты орындаудан қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірген бас тартуы, сол сияқты құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің аурумын деп жалған сылтаурату немесе өзіне қандай да бір зақым келтіру (дене мүшесін зақымдау) не денсаулығына өзге де зиян келтіру немесе жалған құжат жасау немесе өзге де алдау жолымен жасалған, қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірген қызмет міндеттерін атқарудан жалтаруы -
бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:
1) төтенше ахуал немесе жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жасалған;
2) күзетілетін адамдардың немесе объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты іс-әрекеттер -
алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезінде жасалған немесе ауыр салдарға алып келген іс-әрекеттер -
үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескертпе. Осы бапта күзетілетін адамдар мен объектілер деп «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзетілетін адамдар мен объектілер түсініледі.»;
7) 379 және 380-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«379-бап. Билік өкіліне бағынбау
1. Төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында, сол сияқты төтенше ахуал жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған, билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбау -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) бірнеше рет жасалған іс-әрекет -
төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
380-бап. Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері
1. Билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерді орындағаны үшін одан кек алу мақсатында оған немесе оның жақындарына қатысты өлтірумен, денсаулыққа зиян келтірумен, мүлкін бүлдірумен немесе жоюмен қорқыту -
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
2) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;
3) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында;
4) телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы жасалған іс-әрекет -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты және себептер бойынша өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану -
төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген:
1) екі немесе одан көп адамға қатысты;
2) кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;
3) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
4) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен;
5) бірнеше рет;
6) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
7) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;
8) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға қатысты және себептер бойынша өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану -
жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген:
1) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
2) кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;
3) аса қатыгездікпен жасалған;
4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
5) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен;
6) бірнеше рет;
7) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
8) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;
9) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет -
он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
8) 380-1-баптың екінші бөлігі 10) тармағындағы «аймағында жасалған дәл сол іс-әрекет -» деген сөздер «аймағында;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақпен толықтырылсын:
«11) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында жасалған дәл сол іс-әрекет -»;
9) 409-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«409-бап. Сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыруға байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері
1. Істердің немесе материалдардың сотта қаралуына байланысты судьяға, алқабиге, сол сияқты олардың жақындарына қатысты өлтірумен, денсаулыққа зиян келтірумен, мүлкін бүлдірумен немесе жоюмен қорқыту -
төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің жүзеге асырылуына, істің немесе материалдардың сотта қаралуына не сот үкімінің, шешімінің немесе өзге де сот актісінің орындалуына байланысты прокурорға, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға, қорғаушыға, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына, сол сияқты олардың жақындарына қатысты жасалған дәл сол іс-әрекет -
үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
2) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;
3) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында;
4) телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы жасалған іс-әрекет -
бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген адамдарға қатысты және себептер бойынша өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген:
1) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
2) кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;
3) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
4) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен;
5) бірнеше рет;
6) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
7) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;
8) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет -
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
6. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген адамдарға қатысты және себептер бойынша өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану -
он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген:
1) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
2) кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі адамға қатысты жасалған, сол сияқты адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан;
3) аса қатыгездікпен жасалған;
4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасаған;
5) басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен;
6) бірнеше рет;
7) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
8) төтенше ахуал кезінде немесе жаппай тәртіпсіздіктер барысында;
9) төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында жасалған іс-әрекет -
он екі жылдан он жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
10) мынадай мазмұндағы 452-1-баппен толықтырылсын:
«452-1-бап. Бастықтың қызмет бойынша әрекетсіздігі
Бастықтың өз өкілеттіктері шегінде азаматтардың өміріне тікелей қатер төндіретін оларға шабуыл жасаудың, ғимараттарды қарулы басып алудың, азаматтардың немесе ұйымдардың мүлкін жалпыға қауіпті тәсілмен жоюдың жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдамауынан көрінген, қызмет бойынша әрекетсіздігі, егер бұл іс-әрекет төтенше жағдай кезінде жасалса немесе ауыр салдарға алып келсе,
жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.».
2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
1) 187-бапта:
4-3-бөлік «кодексінің» деген сөзден кейін «370-1, 370-2 (екінші және үшінші бөліктерінде),» деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөлік «444,» деген цифрлардан кейін «452-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
2) 191-баптың 19-1-бөлігі «363,» деген цифрлардан кейін «370-2 (бірінші бөлігінде),» деген сөздермен толықтырылсын.
3. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-1-бап мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам күзет іс-шаралары өткізіле бастағаннан бастап және олар аяқталғанға дейін оларды өткізуге тартылған Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының барлық әскери қызметшілеріне, қызметкерлері мен мамандарына басшылықты жүзеге асырады.».
4. «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) атыс қаруынан жасалған массалық-габариттік макет - қарудың негізгі (құрамдас) бөліктерін қайтымсыз түрде конструкциясы жағынан қайта жасау арқылы оқ ату және бастапқы күйіне дейін қалпына келтіру, сондай-ақ оның негізгі (құрамдас) бөліктерінен атуға қабілетті атыс қаруын құрастыру мүмкін болмайтын күйге келтірілген жауынгерлік қол атыс қаруы, азаматтық, қызметтік атыс қаруы;»;
4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) криминалистикалық талаптар - азаматтық, қызметтік қару мен оның патрондарына, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарға қойылатын арнаулы техникалық талаптар (параметрлер, конструкциялық ерекшеліктер, таңбалау);
5) қару - конструкциясы жағынан тірі немесе өзге де нысананы зақымдауға, сондай-ақ белгі беруге арналған құрылғылар мен заттар.
Қарудың сыртқы түрін имитациялайтын және құрамында атыс қаруының негізгі (құрамдас) бөліктері жоқ шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік мақсаттағы бұйымдар, спорттық снарядтар, сондай-ақ үрлемелі қуаты 0,5-тен 3 Дж-ға дейінгі қару (бұдан әрі - конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар) қаруға жатпайды;
6) қару айналымы – қаруды, оның ішінде оның негізгі (құрамдас) бөліктері мен оның патрондарын өндіру, құрастыру, жөндеу, қайта жасау, өткізу (сауда жасау), беру, сыйға тарту, марапаттап беру, мұраға қалдыру, иемденіп алу, коллекциялау, экспонаттау, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасу, пайдалану, алып қою, жою, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу;»;
мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3) және 6-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) қаруды коллекциялау - Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынбаған азаматтық және қызметтік қаруды жүйелі түрде жинау бойынша жеке және заңды тұлғалардың лицензияланатын қызметі;
6-2) қаруды конструкциялық жағынан қайта жасау - қарудың техникалық сипаттамаларының өзгеруіне алып келген, атыс қаруының, пневматикалық, белгі беретін, оқсыз атылатын, газды қарудың, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару мен лақтырылатын атыс қаруының негізгі (құрамдас) бөліктерінің пішінін және (немесе) өлшемдерін ауыстыру немесе өзгерту;
6-3) қарудың негізгі (құрамдас) бөліктері - атыс, газды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды, пневматикалық, белгі беретін, оқсыз атылатын қарудың ұңғысы, барабаны, бекітпесі, жақтауы, ұңғы қорапшасы;
6-4) қаруды экспонаттау - Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынбаған өздеріне тиесілі азаматтық және қызметтік қаруды және (немесе) оның патрондарын не өзге де заңды иелеріне тиесілі қаруды және (немесе) оның патрондарын демонстрациялау жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың лицензияланатын қызметі (коммерциялық емес не коммерциялық көрме-сату немесе аукцион);»;
11) тармақшадағы «қаруды», «патрондар және олардың құрамдас бөліктерін жасап шығару;» деген сөздер тиісінше «қаруды, оның негізгі (құрамдас) бөліктерін» «патрондар жасап шығару;» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) лақтырылатын қару - нысананы қашықтықтан зақымдауға арналған, адамның бұлшық етінің күші пайдаланыла отырып лақтырылатын қару (лақтырылатын серпінді қару), сондай-ақ механикалық энергия пайдаланыла отырып, лақтырылатын снарядтармен нысананы қашықтықтан зақымдауға арналған қару (лақтырылатын атыс қаруы);»;
мынадай мазмұндағы 12-1) және 13-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) лақтырылатын снаряд - зақымдайтын, салмақ түсіретін және тұрақтандыратын элементтерден тұратын құрылғы немесе лақтырылатын атыс қаруынан лақтыру нәтижесінде қашықтықта орналасқан нысананы механикалық зақымдауға арналған зақымдау қасиеттері бар зат;»;
«13-1) оқсыз атылатын қару - мәдени, білім беру, коллекциялық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдалану үшін арнайы жасалған қару немесе қарудың негізгі (құрамдас) бөліктерін қайтымсыз түрде конструкциясы жағынан қайта жасау арқылы тек қана жарық-дыбыс әсері бар патронмен (бос патронмен) оқ атуды имитациялауға жарамды күйге келтірілген атыс, ұңғысыз атыс, газды қару немесе жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) суық қару - нысананы адамның бұлшық еті күшінің көмегімен тікелей зақымдауға арналған қару;»;
2) 5-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық қаруға Қазақстан Республикасының азаматтары коллекциялау, экспонаттау, өзін-өзі қорғау, спортпен, аң аулаумен шұғылдану мақсатында, сондай-ақ білім беру және мәдениет ұйымдары білім беру және мәдени мақсаттарда пайдаланатын қару жатады. Азаматтық атыс қаруы (оқсыз атылатын қаруды қоспағанда) оқты түйдектете атуды болғызбауға тиіс.»;
екінші бөлік мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) оқсыз атылатын қару.»;
3) 7-бапта:
1-тармақтың 5), 6) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес спорттық снарядтарды қоспағанда, лақтырылатын серпінді қарудың, ұрып-уататын қару мен ұрып-уату және лақтырылатын әсері бар қару ретінде пайдалануға арнайы бейімделген заттардың;
6) 90 миллиметрден астам ұштары батырманы немесе тұтқаны басқан кезде сабынан автоматты түрде шығарылатын және солармен бекітілетін не ауырлық күші немесе шапшаң қозғалыс есебінен жылжитын және бекітілетін пышақтардың;»;
«10) криминалистикалық талаптарға сәйкес келмейтін техникалық сипаттамалары бар қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың;»;
2-тармақта:
1) тармақшадағы «лақтырылатын» деген сөз «лақтыратын снарядтарды, лақтырылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6-3) елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда атыс, газды, электрлі, пневматикалық, лақтырылатын және оқсыз атылатын қаруды (Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген немесе өзін-өзі қорғау жағдайларын қоспағанда) қолдануға;»;
7) тармақшадағы «тағынуға тыйым салынады.» деген сөздер «тағынуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) Қазақстан Республикасының аумағында атыс қаруынан жасалған массалық-габариттік макеттердің айналымына;
9) тиісті тіркеусіз 90 миллиметрден астам сұқпа суық қарудың айналымына тыйым салынады.»;
4) 9-баптың бірінші бөлігі «үлгілерінің» деген сөзден кейін «, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 12-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) оқсыз атылатын қару бөлігінде мәдениет ұйымдарының (кинематографиялық ұйымдардың, театрлардың, цирктердің, музейлердің);»;
6) 15-бапта:
1-тармақта:
бірінші және үшінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарынан нақты қару түрін иемденіп алуға рұқсат алғаннан кейін, өзін-өзі қорғауға арналған тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруын және аңшылық қаруды қоспағанда, азаматтық қаруды иемденіп алуға құқығы бар.»;
«Көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған механикалық бүріккіштер, аэрозольды және басқа да құрылғылар, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 миллиметрді қоса алғанға дейінгі пневматикалық қару тіркеуге жатпайды.»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Белгі беретін, оқсыз атылатын қаруды, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған механикалық бүріккіштерді, аэрозольды және басқа да құрылғыларды, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтын және калибрі 4,5 миллиметрді қоса алғанға дейінгі пневматикалық қаруды Қазақстан Республикасы азаматтарының рұқсат алмай өнім беруші заңды тұлғалардан иемденіп алуға құқығы бар.»;
төртінші және бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
«Жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңның 5-бабының 1) тармақшасында көрсетілген тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруын тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдары аңшы куәлігі болмаса да беретін рұқсаттар бойынша алып жүру құқығынсыз өзін-өзі қорғау мақсатында иемденіп алуға құқығы бар.
Аңшы куәлігі бар, жиырма бір жасқа толған Қазақстан Республикасы азаматтарының тегіс ұзын ұңғылы атыс қаруы мен аңшылық пневматикалық қаруды сақтау және алып жүру құқығымен иемденіп алуға құқығы бар.»;