8) Қазақстан Республикасының заңнамасында өзіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
19. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының (вице-министрлерінің) өкілеттіктерін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2026.28.08. № 780 Қаулысымен 19-1-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
19-1. Министрліктің соттарда, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мүдделерін білдіруге сенімхаттарға Министрліктің басшысы немесе оның орынбасарлары қол қояды.
ҚР Үкіметінің 2026.28.08. № 780 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (2026 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
20. Министрліктің аппаратын аппарат басшысы басқарады.
Министрліктің аппарат басшысының өкілеттіктері:
1) Министрлікке жүктелген міндеттердің іске асырылуын ұйымдастыру;
2) Министрліктің даму жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
3) өз құзыреті шегінде Министрлік аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;
4) Министрліктің, оның ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің қызметін материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
5) тиісті нормативтік құқықтық актілерде бекітілген Министрліктің штат санының лимиті шегінде штат санын және штат кестесін Министрмен келіскеннен кейін бекіту;
6) қажет болған кезде Министрліктің перспективалы, жылдық және тоқсандық жұмыс жоспарларын бекіту, олардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
7) Министрліктің конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрліктің мемлекеттік қызметшілерін және өзге де жұмыскерлерді Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындау және қызметінен босату;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешу;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрліктің қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу, материалдық көмек көрсету мәселелерін шешу;
11) Министрліктің және оның ведомстволарының мемлекеттік сатып алу саласындағы жалпы басшылықты жүзеге асыру;
12) Министрліктің бюджеттік сұранымын дайындауды қамтамасыз ету, бюджеттік сұранымды Министрліктің бірінші басшысына ұсыну, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындау;
13) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;
14) Министрліктің тәртіптік комиссиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру, оның құрамын белгіленген тәртіппен қалыптастыру;
15) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қабылдануы жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) құзыретіне жатқызылған актілерді қоспағанда, өзінің лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдау;
17) өз құзыретi шегiнде орындалуы мiндеттi актiлер шығару;
18) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
4-тарау. Министрліктің мүлкі
21. Заңнамада көзделген жағдайларда Министрліктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Министрліктің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Министрлікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Министрліктің, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2024.15.07. № 552 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2026.31.01. № 61 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Министрліктің және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1. Министрлік:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
2) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі:
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Абай облысының әдiлет департаментi.
2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақмола облысының әдiлет департаментi.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ақтөбе облысының әдiлет департаментi.
4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы облысының әдiлет департаментi.
5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы қаласының әдiлет департаментi.
6. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Атырау облысының әдiлет департаментi.
7. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Батыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi.
8. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жамбыл облысының әдiлет департаментi.
9. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Жетісу облысының әдiлет департаментi.
10. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қарағанды облысының әдiлет департаментi.
11. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қызылорда облысының әдiлет департаментi.
12. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қостанай облысының әдiлет департаментi.
13. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Маңғыстау облысының әдiлет департаментi.
14. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Астана қаласының әділет департаменті.
15. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Павлодар облысының әдiлет департаментi.
16. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының әдiлет департаментi.
17. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Түркістан облысының әділет департаменті.
18. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Ұлытау облысының әдiлет департаментi.
19. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шығыс Қазақстан облысының әдiлет департаментi.
20. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Шымкент қаласының әділет департаменті.
21 - 79. ҚР Үкіметінің 2024.15.07. № 552 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдерiне
енгiзілетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Үкіметінің 2012.07.06. № 753 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. ҚР Үкіметінің 2012.22.05. № 653 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
4. ҚР Үкіметінің 2007.02.06. № 454 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 28 қазандағы
№ 1120 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 8, 63-құжат).
2. «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 сәуірдегі № 487 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 15, 159-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 және 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 14 маусымдағы № 733 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 27, 250-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінiң Тiркеу қызметi комитетінiң мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 маусымдағы № 771 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 27, 260-құжат).
5. «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Тiркеу қызметі комитетiнiң Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлiк жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 30 маусымдағы № 906 қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасы.
6. «Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы № 1093 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағының 2) және 3) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 40, 343-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1301 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердiң 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYKЖ-ы, 1999 ж., № 45, 403-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 12 қарашадағы № 1695 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 50, 490-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 4 ақпандағы № 163 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 5-6, 66-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Заң шығару институты» мемлекеттік мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 28 ақпандағы № 314 қаулысының 4-тармағы.
11. «Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2000 жылғы 5 маусымдағы № 852 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 25, 295-құжат).
12. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Бiлiктiлiктi арттыру институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 18 тамыздағы № 1278 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 36-37, 435-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 23 тамыздағы № 1295 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 36-37, 439-құжат).
14. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 151 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 45-құжат).
15. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Санаткерлiк меншiк құқығы жөніндегі комитетiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 29 наурыздағы № 411 қаулысының 2-тармағы және 7-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001ж., № 12, 139-құжат).
16. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитетiн таратудың кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 14 сәуірдегі № 494 қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 14, 174-құжат).
17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 15 маусымдағы № 824 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 23, 284-құжат).
18. «Мүлiктi бағалау жөніндегі қызметтi лицензиялаудың мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2001 жылғы 2 қарашадағы № 1389 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне енгiзілетін өзгерістердiң 4 және 5-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 39, 490-құжат).
19. «Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1750 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 49-50, 588-құжат).
20. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне енгiзілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағының 1), 2) тармақшалары және 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 49-50, 590-құжат).
21. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 23 сәуірдегі № 461 қаулысының 1-тармағының бесiншi және алтыншы абзацтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 12, 122-құжат).
22. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитеті мемлекеттік кәсіпорындарының жекелеген мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 30 мамырдағы № 596 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы.
23. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң кейбір мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 13 маусымдағы № 639 қаулысының 7-тармағы.
24. «Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 және 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1755 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 14 маусымдағы № 644 қаулысының 1-тармағы, 2-тармағының екiншi және үшіншi абзацтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 17, 187-құжат).
25. «Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 22 тамыздағы № 939 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 28, 316-құжат).
26. «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің мемлекеттік мекемелерiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 қарашадағы № 1270 қаулысының 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 43, 431-құжат).
27. «Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының Күзет және қадағалау бөлiмi» мемлекеттік мекемесiн қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 23 шілдедегі № 731 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 30, 296-құжат).
28. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгінің мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдарын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1369 қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 49, 556-құжат).
29. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетінің түзеу мекемелері «Еңбек-Астана» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Еңбек-Көкшетау» еншілес мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметiнің 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 14 қаулысының 5-тармағының 2) тармақшасы.
30. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 9 қаңтардағы № 22 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 1, 13-құжат).
31. «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 260 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне енгiзілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2 және 4 тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 11, 138-құжат).
32. «Қазақстан Республикасы Ішкі iстер министрлігінiң Қостанай заң институты» мемлекеттік мекемесiн Қазақстан Республикасы Ішкі iстер министрлігінiң қарамағынан Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң қарамағына беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 30 шiлдедегi № 806 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 28, 373-құжат).
33. «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 тамыздағы № 843 қаулысының 6-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы 2004 ж., № 29, 394-құжат).