Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 маусымдағы № 852 қаулысы
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 8, 63-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2-тармақ алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеде:
11-тармақ мынадай мазмұндағы он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын:
"шетел ұйымдары алдында берешек мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссия шеңберінде шетелдік кредиторлардың талаптарына құқықтық сараптама жүргізу;
халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдардан, донор елдерінен қаржылық және техникалық көмекті тартуға және пайдалануға байланысты құқықтық мәселелерді белгіленген тәртіппен келісу";
12-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының үкіметтік заемдары мен мемлекеттік кепілдіктері бойынша заңгерлік бағалау (Legal opinion);";
12-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) шетелдік ұйымдар алдындағы берешек мәселелері бойынша Ведомствоаралық комиссия шеңберінде қазақстандық заңды тұлғалардың шетелдік кредиторлар алдындағы берешектерінің сипатын анықтау;
құқықтық құрамдастарды пайдаланудың басымдықтарын анықтауда халықаралық донорлық көмекті үйлестіру.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Қ. Тоқаев |