Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару
жүйесі комитетінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 13 маусымдағы № 639 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
2. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы бойынша басқармасы" және "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемелері "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі құрылатын мемлекеттік мекемелердің штат санын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық органдары қызметкерлерінің штат саны лимиті шегінде белгілесін.
4. Құрылатын мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің аумақтық органдарын ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
5. Астана қаласының әкімі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасын орналастыруға арналған үй-жай бөлуге жәрдем көрсетсін.
6. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.
7. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күшін жойды (бұр. ред. қара)
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | И.Тасмағамбетов |