Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N
223 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 15 маусымдағы № 824 қаулысы
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды
"Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 8, 63-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеде:
12-тармақтың 5) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"өз құзыреті шегінде әділет органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі