Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 23 сәуірдегі № 461 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен енгізілген
өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 8, 63-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мемлекеттік мекемелерінің - аумақтық органдарының тізбесі 4-қосымшаға сәйкес.";
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 23 сәуірдегі
№ 461 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 11 наурыздағы
№ 223 қаулысына
4-қосымша
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
мемлекеттік мекемелерінің - аумақтық органдарының
тізбесі
1. Ақмола облысының Әділет басқармасы Көкшетау қ.
2. Ақтөбе облысының Әділет басқармасы Ақтөбе қ.
3. Алматы облысының Әділет басқармасы Талдықорған қ.
4. Атырау облысының Әділет басқармасы Атырау қ.
5. Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасы Өскемен қ.
6. Жамбыл облысының Әділет басқармасы Тараз қ.
7. Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасы Орал қ.
8. Қарағанды облысының Әділет басқармасы Қарағанды қ.
9. Қызылорда облысының Әділет басқармасы Қызылорда қ.
10. Қостанай облысының Әділет басқармасы Қостанай қ.
11. Маңғыстау облысының Әділет басқармасы Ақтау қ.
12. Павлодар облысының Әділет басқармасы Павлодар қ.
13. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет
басқармасы Петропавл қ.
14. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет
басқармасы Шымкент қ.
15. Астана қаласының Әділет басқармасы Астана қ.
16. Алматы қаласының Әділет басқармасы Алматы қ.