"Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының
Күзет және қадағалау бөлiмi" мемлекеттік мекемесiн қайта атау туралы
Қазақстан Репсубликасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 шілдедегі № 731 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының Күзет және қадағалау бөлiмi" мемлекеттік мекемесi "Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi басқармасының Күзет және қадағалау бөлiмi" мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - Мекеме) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) Мекеменiң әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
3. ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |