Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1750 қаулысы
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы № 223 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 8, 63-құжат);
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеде:
11-тармақта:
сегізінші абзацта "жылжитын мүлік кепілдігін және" деген сөздерден кейін "қаржы лизингі шарттарын," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
"өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру;";
12-тармақта:
4) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"қаржы лизингінің шарттарын тіркеу;";
мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында:
әдістемелік, нормативтік құқықтық қамтамасыз ету;
бағалау қызметі субъектілерінің бағалау қызметінің белгіленген әдістемелерін, нормаларын, ережелерін және заңнаманы сақтауын бақылау.";
2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы № 771 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 27, 260-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті туралы ережеде:
10-тармақта:
1) тармақша "жылжымалы мүліктің кепілін" деген сөздерден кейін "және қаржы лизингінің шарттарын" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру.";
11-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"7-1) өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту;
7-2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен бағалау қызметі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
7-3) бағалаушылардың кәсіби даярлауды жүзеге асыратын білім беру мекемелеріне қойылатын талаптардың тізбесін келісу;
7-4) өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі