Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi «Еңбек-Астана» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының «Еңбек-Көкшетау» еншiлес мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 қаңтардағы № 14 қаулысы
(2013.05.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi «Еңбек-Астана» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының «Еңбек-Көкшетау» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны оны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi «Еңбек-Көкшетау» республикалық мемлекеттік кәсiпорны етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Құрылатын кәсiпорынның мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi белгiленсiн.
3. Құрылатын кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсаты қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметті түзеу мекемелерiндегі бас бостандығынан айыруға сотталғандарды еңбекке тарта отырып жүзеге асыру деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен:
1) құрылатын кәсiпорын жарғысының бекітілуiн және әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д.К. Ахметов |