173) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы шешiмді лицензиардың интернет-ресурсында орналастыру;
174) Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тізілімін жүргізу, сондай-ақ лицензиялар берілген адамдар туралы мәліметтерді интернет-ресурста орналастыру;
175) Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың мемлекеттік тізілімін жүргізу, тізілім мәліметтерін, сондай-ақ адвокаттық қызметпен айналысатын адвокаттардың тізімдерін және адвокаттардың лицензияларын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру және қолданысын тоқтату туралы мәліметтерді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз ету;
176) адвокаттардың қызметін лицензиялауды жүзеге асыру;
176-1) тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау мен байқау түрінде аттестаттаудың тәртібі мен шарттарын әзірлеу және бекіту;
177) адвокаттардың, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, заң консультанттарының жеке және заңды тұлғаларға көрсететін мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
178) адвокат, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегіне және құқықтық сипаттағы консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын және ақы төлеу мөлшерлерін бекіту;
178-1) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін алу құқығын растайтын құжаттардың тізбесін бекіту;
179) адвокат, заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алу тәртібін бекіту;
180) заң консультанттары палаталарының қызметін бақылауды жүзеге асыру;
181) заң консультанттары палатасының үлгілік жарғысын әзірлеу және бекіту;
182) заң консультанттары палаталарының тізілімін жүргізу;
183) Қазақстан Республикасының қаржылық реттеудің уәкілетті органымен келісу бойынша заң консультанттарының кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
184) Қазақстан Республикасының қаржылық реттеудің уәкілетті органмен келісу бойынша адвокаттардың кәсіби жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шартын әзірлеу және бекіту;
185) білікті заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
186) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегі жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз ету;
187) мемлекет кепілдік берген көрсетілетін білікті заң көмегінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;
188) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
189) білікті заң көмегін көрсету стандарттарын келісу;
190) білікті заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарын келісу;
191) білікті заң көмегін көрсету саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
192) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсететін адамдардың қызметін үйлестіру;
193) Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы заңнамасына, білікті заң көмегін көрсету көлемінің толықтығы мен сапасына мониторинг жүргізу;
194) халыққа білікті заң көмегін көрсететін адамдар, білікті заң көмегін көрсету тетіктері, негіздері мен шарттары туралы құқықтық ақпарат беруді қамтамасыз ету;
195) мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін көрсетудің жүйесі және негізгі қорытындылары туралы ақпараттың жылына кемінде бір рет Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануын және өзінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз ету;
196) әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеуден және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;
197) сот-сараптама қызметі саласында лицензиялауды жүзеге асыру;
198) сот сарапшысы біліктілігін беру;
199) сот сараптамасы органдары көрсететін сот-сараптама қызметтерінің бағаларын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
200) сот сараптамасы органының бірінші басшысының ұсынуы бойынша сот сараптамалары органының штат кестесін және құрылымын келісу;
201) сот сараптамаларын ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарды іріктеу, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
202) мемлекеттік сот-сараптамалық ұйымдарды материалдық техникалық қамтамасыз ету;
203) сот сараптамасы саласында цифрлық ресурстар мен цифрлық жүйелерді жасау және олардың жұмыс істеуін, Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес оларға жеке және заңды тұлғалардың қолжетімділігін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
204) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі біліктілік беретін сот сараптамалары мен сараптамалық мамандықтар түрлерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;
205) сот сараптамалары мен зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
206) сот сараптамасы объектілерімен жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
207) сот сараптамаларының күрделілік санаттарын айқындау қағидаларын, сот сараптамаларының күрделілік санаттарына қарай оларды жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібін, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізуді тоқтата тұрудың және мерзімін ұзартудың негіздері мен тәртібін әзірлеу және бекіту;
208) сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтерін әзірлеу және бекіту;
209) сот сараптамасы органдарында сот сараптамасын жүргізудің құнын айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
210) сот-сараптамалық зерттеулердің әдістері мен әдістемелері валидациясының қағидаларын әзірлеу және бекіту;
211) сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерін әзірлеу, сынамадан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
212) Қазақстан Республикасы Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
213) Қазақстан Республикасы Сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу;
214) сот сараптамасын жүргізуге арналған арнайы жарақтандырылған үй-жайларға қойылатын стандарттар мен талаптарды әзірлеу және бекіту;
215) ҚР Үкіметінің 2026.28.08. № 780 Қаулысымен алып тасталды (2026 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
216) Сот сарапшысы біліктілігін беру қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;
217) ҚР Үкіметінің 2026.10.04. № 254 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
218) Сот сарапшыларын аттестаттау қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;
219) ҚР Үкіметінің 2026.10.04. № 254 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
220) сот сарапшыларын аттестаттау;
221) сот сарапшыларының біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
222) Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;
223) Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу;
224) ҚР Үкіметінің 2026.28.08. № 780 Қаулысымен алып тасталды (2026 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
225) сот сарапшысының әдеп кодексін әзірлеу және бекіту;
226) сот сарапшылары кадрларын iрiктеу және орналастыру;
227) сот сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысын үйлестіру;
228) жетекшілік ететін салалардағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және енгізуді жүзеге асыру;
229) стандарттау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сот-сараптама қызметі аясындағы ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асыру;
230) стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларын және сот-сараптама қызметі саласындағы ұлттық стандарттау жоспарын қарау;
231) сот-сараптама қызметі саласында стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру жөнінде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыру;
232) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің және стандарттау жөніндегі ұлттық органның, сот-сараптама қызметі саласындағы стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу;
233) сот-сараптама қызметі саласында өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
234) лицензия негізінде сот-сараптама қызметімен айналысатын адамдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру;
234-1) сот-сараптама қызметі саласындағы кәсіби стандартты әзірлеу және бекіту;
235) өз құзыреті шегінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер хаттамаларын жасау және оларды қарау, әкімшілік жазалар қолдану;
236) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
236-1) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкiлеттi органға жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөнiндегi iс-шараларды қаржыландыру көлемдерi жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
236-2) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында ұйымдардың жұмылдыру дайындығын жоспарлау, ұйымдастыру және оған басшылық ету, Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру қағидаларында белгіленген тәртіппен жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдардың жұмылдыру әзірлігін бағалауды жүргізу;
236-3) ұйымдармен жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттар жасасу, жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгертілген кезде белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныстар енгізу;
236-4) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөнiндегi іс-шараларды жүргiзу;
236-5) жұмылдыру тапсырыстарын белгілеу үшін ұйымдардың өндірістік, қаржылық, қоймалық мүмкіндіктері туралы ақпаратты жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға беру;
236-6) әскери міндеттілерді бекітіп қою бойынша жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
236-7) жұмылдыру жарияланған кезде Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, ұйымдарды соғыс жағдайы режимiне көшiру жөнiндегi іс-шаралар кешенiн жүргiзудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
236-8) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және (немесе) бекіту;
236-9) жұмылдыру жоспарларын әзірлеу және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;
236-10) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізуге қатысу;
236-11) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
236-12) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдерін қалыптастыру үшін тиісті салада жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізу;
236-16) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне гуманитарлық көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын броньнан шығару туралы ұсыныстар енгізу;
236-17) мемлекеттік материалдық резерв және жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша қарыз алу тәртібімен жұмылдыру резервінен материалдық құндылықтарды шығару туралы шешімдер қабылдау;
236-20) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын беруге тапсырыстарды орналастыру;
237) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы жоспарын және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындаудың және қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңіне арналған жоспарын әзірлеуге қатысу;
238) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тапсырысы бойынша жүргізілетін талдамалық, консалтингтік, әлеуметтанулық және өзге де зерттеулердің бірыңғай дерекқорын, оның ішінде халықаралық ұйымдармен бірлескен зерттеулерді жүргізуді қамтамасыз ету тәртібін айқындау;
239) Министрлiк қабылдаған және (немесе) өзі әзірлеушi болып табылатын не өзінің құзыретiне жататын нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргізу және оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды уақтылы қабылдау;
240) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбелерін бекіту;
241) пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісімдердің жобаларына Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан құқықтық сараптама жүргізу;
241-1) инвестициялар туралы келісімдердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;
242) өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және өзін-өзі реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісу;
243) реттеушілік әсерді талдауды жүзеге асыру;
244) тиісті салада (аяда) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізілімін жүргізу;
245) міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттейтін ұйымдардың ережелері мен стандарттарын келісу;
246) патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау, оларды патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінде тіркеу, патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінен шығару, патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін жарамсыз деп тану және патенттік сенім білдірілген өкілдер тізіліміндегі мәліметтерді жою;
247) өнеркәсіптік меншік объектілеріне, селекциялық жетістіктерге, интегралдық микросхемалар топологияларына, тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, географиялық нұсқамаларға және тауарлар шығарылған жерлердің атауларына, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қорғау құжаттарын беруге арналған өтінімдерді тіркеу жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
248) өнеркәсіптік меншік объектілерін, селекциялық жетістіктерді, интегралдық микросхемалар топологияларын пайдалануға лицензиялық шарттарды, ашық лицензияларды және қорғау құжаттарын басқаға беру шарттарын тіркеу жөніндегі қызметті ұйымдастыру;
249) Еуразиялық экономикалық одақ органдары актілерінің жобаларына, халықаралық экономикалық интеграция мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне олардың Еуразиялық экономикалық одақ құқығына сәйкестігі тұрғысынан заң сараптамасын жасау және оларды келісу;
250) халықаралық сот органдарының мемлекеттік органдарға келіп түскен сұрау салуларын қарау, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдар бастама жасаған халықаралық сот органдарына жолданымдардың жобаларын келісу;
251) Еуразиялық экономикалық одақ Сотының сұрау салуына шоғырландырылған жауапты келісу;
252) уәкілетті мемлекеттік органдар бастама жасаған Еуразиялық экономикалық одақтың Сотына жолданымдардың жобаларын келісу және оларды одан әрі дипломатиялық арналар арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың Сотына жіберу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне ұсыну;
253) қоныс аудару (қоныстандыру), бұзу, баламен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындау және баланың тұрғылықты жерін айқындау;
254) лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған не лицензиясынан айырылған жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
255) жеке сот орындаушысының лицензиясы берілген тұлғалар туралы мәліметтерді олардың тегін, атын, әкесінің атын (егер олар жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), лицензия берілген күнді және оның нөмірін көрсете отырып, мемлекеттік органның интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз ету;
256) заң консультанттарының палаталары ұйымдастыратын мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге заң консультанттарының қатысу тәртібін айқындау;
256-1) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, оның іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;
256-2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөнінде кеңес құру;
256-3) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөнінде ақпарат беру;
256-4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланатын тақырыптарын және іске асырылуы жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың нәтижелерін бағалауды өзінің интернет-ресурсында орналастыру;
256-5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультативтік, әдістемелік қолдау көрсету;
256-6) өздерінің құзыреті шегінде үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор арқылы мемлекеттік гранттар беру және оператордың мемлекеттік гранттардың іске асырылу нәтижелері туралы есебін қарау;
256-7) мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларына сәйкес азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігін бағалауды жүзеге асыру;
256-8) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің ұсынымдары негізінде бағыттары мен қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік гранттарды қалыптастыру;
256-9) стратегиялық әріптестерді конкурстық іріктеуді жүргізу және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес олармен шарттар жасасу;
256-10) стратегиялық әріптестердің жасалған шарттарға және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес міндеттемелерді орындауын бағалауды жүзеге асыру;
256-11) жыл сайын 1 желтоқсанға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына сәйкес стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелері туралы ақпарат ұсыну;
257) саяси партия құру жөніндегі азаматтардың бастамашыл тобының, саяси партия мүшелерінің тізімдерінің дұрыстығын тексеру қағидаларын бекіту;
258) әділет органдарының цифрлық трансформациясын жүргізу;
258-1) цифрландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
258-2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес жасанды интеллектінің ұлттық платформасының операторына деректерге қолжетімділік беру;
258-3) деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес дерекнамаларды қалыптастыру;
259) мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік органдар қызметіне салалық (ведомстволық) функционалдық шолулар жүргізу жөніндегі әдістемеге сәйкес қызметке функционалдық талдауды жүргізу;
260) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу қағидаларын бекіту;
261) мемлекеттік органдардың үлгілік функцияларын айқындау бойынша әдістемелік ұсынымдарды бекіту;
262) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту;
263) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту;
264) құқықтық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;
265) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидаларын және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекiту;
266) мемлекеттік жоспарлау салаларындағы уәкілетті органмен бірлесіп ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларын бекіту;
267) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін мемлекеттің ынталандыру қағидаларын бекіту;
268) туу туралы куәліктердің үлгісін, ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін бекіту;
269) туу туралы куәлікті қорғауға қойылатын талаптарды бекіту;
270) заңнамалық актілердің уақытылы іске асырылуын, оның ішінде заңға тәуелді актілердің әзірленуі мен қабылдануын бақылау;
271) ҚР Үкіметінің 2026.31.01. № 61 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
272) кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуге елеулі үлес қосқаны үшін наградалардың тізбесі мен сипаттамасын, награда парағының нысанын бекіту;
272-1) кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға ұсыныстар енгізу;
272-2) кәсіптік стандарттарды әзірлеу және (немесе) өзектілендіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және оларды кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға жіберу;
272-3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша ағымдағы және болашақ кезеңдерде кәсіптердің өзектілігін ескере отырып, еңбек нарығының кәсіптік біліктілікті танудағы қажеттілігін қалыптастыру;
272-4) кәсіптік біліктілікті тану саласындағы уәкілетті органға кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстар енгізу;
272-5) кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестер туралы ережені әзірлеу және бекіту;
272-6) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының қорытынды шешімдерін орындау жөніндегі қызметін үйлестіру;
273) заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
ҚР Үкіметінің 2026.28.08. № 780 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының және аппарат басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
15. Министрлікке басшылық жасауды Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
16. Министрліктің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
17. Министрліктің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары (вице-министрлері) болады.
ҚР Үкіметінің 2026.28.08. № 780 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
18. Министрліктің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Министрлік, оның ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау және лауазымдарынан босату;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен еңбек қатынастарының мәселелері өзінің құзыретіне жатқызылған Министрлік, оның ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар мен көтермелеу шараларын қолдану, өзінің құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастары мәселелерін шешу;
3) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Министрліктің атынан өкілдік ету;
4) Министрліктің жұмыс регламентін бекіту;
5) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамау үшін дербес жауаптылықта болу;
6) әдiлет органдары орындауға мiндеттi актiлерді, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде өзге де мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтар орындауға мiндеттi актiлерді шығару;
7) мемлекеттік органның бірінші басшысының құрылымдық бөлімшелердің жекелеген басшыларына ұйымдық-техникалық сипаттағы құжаттарға қол қою құқығын беру, сондай-ақ мемлекеттік органның ведомствоаралық кеңестерге қатысуы мен өз ұстанымын білдіру мүмкіндігін белгілеу.
Министрліктің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады;