Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1278 және 1999 жылғы 11 наурыздағы № 233 қаулыларына толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 14 маусымдағы № 733 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2006.17.08. № 778 Қаулысымен күші жойылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 желтоқсандағы № 1278 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 48, 427-құжат):
осы қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін де, кірмейтін де орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері мен жергілікті өкілді және атқарушы органдарының актілерін мемлекеттік тіркеудің ережелерінде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Нормативтік құқықтық акті мемлекеттік тіркеуге қайта тапсырылған жағдайда, ол тиісті органның қайта бекітуіне (қайта қол қоюға) жатады";
2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі