2019.26.12. № 284-VІ ҚР Заңымен 27-1), 27-2), 27-3), 27-4), 27-5) және 27-6) тармақшалармен толықтырылды
27-1) су басқан аймақтарда тұрғын үйді пайдалану орнықтылығы мен қауіпсіздігін арттыру, төтенше жағдайлардың ықтималдығы кезінде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету, су басқан аймақтардан халықты уақытша қоныс аударту үшін тұрғын үй салу жөніндегі іс-шараларды қаржыландырады және іске асырады;
27-2) «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) жүргізуді, сондай-ақ кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіне, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, үй жанындағы жер учаскесіне құжаттарды дайындауды және дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді қамтамасыз етеді;
27-3) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
27-4) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
27-5) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
27-6) елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің лифтілерді жөндеу мен ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты шығындарды өтеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
28) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;
29) «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құрады;
2014.27.06. № 212-V ҚР Заңымен 30) тармақшамен толықтырылды
30) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады.
2020.30.12. № 395-VI ҚР Заңымен 30) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
30-1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;
31) «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етеді;
32) 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.05.05. № 312-V ҚР Заңымен 32-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 32-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
32-1) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасының (жобасының) орындалуы туралы ақпаратқа талдау жүргізеді;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 33) тармақша жаңа редакцияда
33) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 33-1) тармақшамен толықтырылды
33-1) жасыл екпелерді күтіп-баптау мен қорғау қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады.
Облыстардың, астананың, Шымкент қаласының әкімдіктері сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін жасыл екпелерді күтіп-баптау мен қорғаудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген жасыл екпелерді күтіп-баптау және қорғау қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;
34) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекітеді;
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 35) тармақшамен толықтырылды
35) ұлттық және аумақтық кластерлерді дамытуды жүзеге асырады;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 36) тармақшамен толықтырылды
36) дәрілік өсімдіктер мен өсімдіктен алынатын техникалық шикізатты жинауға тыйым салу және оның күшін жою туралы шешім қабылдайды;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 37) тармақшамен толықтырылды
37) жерді дамыту және пайдалану мәселелері жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақты дамыту бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді.
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-2. Республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігі Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтетін үлгілік қағидалар негiзiнде әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын әзірлейді.
1-3. 2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 1-4-тармақпен толықтырылды
1-4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын талқылауды жүргізеді.
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкiмдiгi жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық мәслихаттың алдында өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру үшiн жауап бередi.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 28-бап өзгертілді
28-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімін қызметке тағайындау және қызметiнен босату тәртібі
1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының келісуімен Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкiмi лауазымына тағайындауды мәслихатпен келісу тәртібі осы Заңда айқындалады.
2. Облыс, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімін Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен босатады.
3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінiң өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының жаңадан сайланған Президентi қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады. Бұл ретте әкiм Қазақстан Республикасының Президентi тиiстi әкiмдi тағайындағанға дейiн өз мiндетiн атқаруды жалғастыра бередi.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен (бұр.ред. қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 29-бап өзгертілді
29-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінiң құзыретi
1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мүддесiн білдiредi;
1-1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін реттеу, іске асыру және (немесе) бақылау функцияларын жүзеге асырады;
1-2) атқарушылық биліктің мемлекеттік саясатын тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен үйлесімдікте жүргізуді қамтамасыз етеді;
2) орталық атқарушы органдар басшыларына орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметінiң актілерін, облыс әкімі мен Әкімдігінің актілерін олардың орындауға қатысты бөлiгіндегі қызметi туралы ұсыныс енгізуге құқылы. Орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкіметі актілерін орындауға қатысты бөлiгiнде жұмыстағы кемшiлiктерiн жоймаған ретте облыс әкімі Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметіне тиiстi қорытынды енгізуге құқылы;
2015.12.11. № 395-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) жоспарлы кезеңде бюджет қаражаты шегінде қол жеткізуді (орындауды) қамтамасыз етуге міндеттенетін негізгі нысаналы индикаторлар қамтылатын меморандумға қол қояды;
3) тиiстi адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзедi;
3-1) тиісті мәслихатқа «Облыстың (қаланың) құрметті азаматы» атағын беруге ұсыныс енгізеді;
2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4) тармақша өзгертілді
4) мына лауазымды адамдарды:
жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттік органдармен келісім бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінiң орынбасарларын;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нысанды киім киіп жүру құқығы берілген және әскери немесе өзге арнаулы атақ берілетін басшыларды қоспағанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларын, сондай-ақ аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасатын білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын;
2019.26.11. № 273-VІ ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды
4-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаментінің басшысы лауазымына кандидатураны келіседі;
5) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларына, сондай-ақ аудандар (облыстық маңызы бар қалалар, республикалық маңызы бар қаладағы аудан, астанадағы аудан) әкiмдерiне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртiптiк жауапкершiлiк шараларын қолдану мәселелерiн шешедi. Жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын iшкi iстер органдары қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолдану тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады;
6) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық, республикалық маңызы бар қаладағы аудандық, астанадағы аудандық) Әкімдіктер мен әкiмдер жұмысын үйлестiредi;
7) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың, республикалық маңызы бар қаладағы ауданның, астанадағы ауданның) әкiмдерi арқылы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын тиісті мәслихаттардың бекітуіне енгізеді;
9) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихатқа бекітуге ұсынады;
10) алынып тасталды
11) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы, әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
12) кәсiпорындарды, кен орындарын және мемлекеттік меншiктiң басқа да объектiлерiн жекешелендiру, жалға беру, сату мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органымен тең дәрежеде келісім-шарттарға қол қоюға, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауға қатысады.
13) төмен тұрған әкімдердің қызметін бақылауды жүзеге асырады;
14) спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн орындарда шыны ыдыстағы өнiмдердi сату тәртібін айқындайды;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 15) тармақшамен толықтырылды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
15) мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі.
2015.02.11. № 388-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында полиция органдарының жедел-іздестіру және процестік қызметіне араласпай, олардың алдына құқық бұзушылықтар профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде міндеттер қояды, жылына кемінде бір рет полиция департаменті басшысының тиісті есептерін тыңдайды.
2. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі өзiнiң жекелеген өкiлеттiгiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.
4. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша және облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық Әкімдік құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметі алдында жауап бередi.
2015.23.11. № 417-V ҚР Заңымен 29-1-баппен толықтырылды
29-1-бап. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппараты басшысының құзыреті
Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының басшысы:
1) аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) аппараттың құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
4) аппараттағы «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
5) аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
10) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 30-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
30-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) Әкімдіктер. Құрылуы және құрамы
1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) Әкімдік Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпымемлекеттік саясатын тиістi аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдікті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімi басқарады.
3. Әкім аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдікті аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімiнің орынбасарларынан, әкім аппаратының басшысынан, тиісті атқарушы органдардың бірінші басшыларынан құрады.
4. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктің отырыстарын әзірлеу мен өткізу, сондай-ақ олардың шешім қабылдау тәртібі әкімдіктің регламентінде белгіленеді. Үлгі регламентті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
5. Әкімдіктің дербес құрамы аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мәслихат сессиясының шешімімен келісіледі.
6. Аудан әкімдігінің жұмысына орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады.
7. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдік - алқалы орган, ол заңды тұлға болып табылмайды.
11.05.04 ж. № 552-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 21.12.04 ж. № 15-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 45-III ҚР Заңымен; 2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен (2006.01.07. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.11.01. № 218-III ҚР Заңымен; 2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.22.07. № 479-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.13.01. № 542-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлді) (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.04.07. № 130-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.03.07. № 229-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 31-бап өзгертілді
31-бап. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдіктің құзыреті
1. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкімдік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1-1) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуын қамтамасыз етеді;
1-2) аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті тиісті мәслихатқа және облыстың тексеру комиссиясына табыс етеді;
1-3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылына арналған бюджеті туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімін іске асыру туралы қаулы қабылдайды;
1-4) 2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-5) 2008.04.12. № 97-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1-6) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясын құрады, ол туралы ережені бекітеді және оның құрамын айқындайды.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын мәселелер қаралған жағдайда, бюджеттік комиссиялардың жұмысына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері тартылады;
1-7) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған облыстық қаржы жоспарын бекітеді;
2014.02.07. № 225-V ҚР Заңымен 1-8) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-8) ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын әзірлейді және мәслихаттың бекітуiне ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етедi;
1-9) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы іс-шараларды тиісті ауданның, облыстық маңызы қаланың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында ақпараттық қызметті жүзеге асырады;
1-10) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен 1-11) тармақшамен толықтырылды
1-11) жерді дамыту және пайдалану мәселелері жөніндегі іс-шараларды тиісті аумақты дамыту бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;
2) заң актілеріне сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) коммуналдық меншікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкінің құрамына берілетін аудандық (облыстық маңызы бар қала) коммуналдық меншіктің тізбесін айқындайды;
2-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асырады және тіркеу туралы мәліметтерді Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға енгізеді;
3) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкімет актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдеседі;
4) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасайды;
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылды
4-1) көрмелік-жәрмеңкелік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 4-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-2) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын айқындайды және бекітеді;
5) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi;