Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 18 наурыздағы № 323 Қаулысы
(2016.29.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2017 жылғы 25 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы 3-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1041; 20.03.03 ж. № 275 (бұр. ред. қара); 19.06.03 ж. № 576; 02.07.03 ж. № 643; 12.11.03 ж. № 1132; 05.03.04 ж. № 281а (бұр. ред. қара); 15.04.04 ж. № 418; 27.09.04 ж. № 986 (бұр. ред. қара); 2005.22.04. № 382 (бұр. ред. қара); 2006.20.03. № 190 (бұр.ред.қара); 2006.20.06. № 564 (бұр.ред.қара); 2007.26.02. № 145 (бұр.ред.қара); 2007.26.09 № 838 (бұр. ред. қара); 2008.25.01. № 66 (бұр.ред.қара); 2008.16.05. № 462 (бұр. ред. қара); 2008.28.11. № 1105 (бұр.ред.қара); 2009.20.03 № 377 (бұр.ред.қара); 2009.07.05 № 664 (бұр.ред.қара); 2010.31.08. № 851 (бұр.ред.қара); 2011.19.09. № 1074 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 353 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.12. № 1615 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.08.05. № 470 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.23.12. № 1384 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.09.10. № 1079 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.08. № 488 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналардың Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып:
1) Халықаралық Валюта Қорының:
Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Талғатұлы Ақышев (келісім бойынша),
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов;
2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің:
Басқарушы - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова;
3) Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің:
Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов;
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов;
4) Азия Даму Банкiнiң:
Басқарушы - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов;
5) Ислам Даму Банкiнiң:
Басқарушы - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов тағайындалсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |