Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 5 наурыздағы № 281a қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасында "Марченко Григорий Александрович" деген сөздер "Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 2) тармақшасында "Павлов Александр Сергеевич" деген сөздер "Марченко Григорий Александрович" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 3) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтың 5) тармақшасында "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Жәмішев Болат Бидахметұлы (келісім бойынша)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | Д. Ахметов |