Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 377 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Марченко Григорий Александрович (келісім бойынша),
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Смайылов Әлихан Асханұлы».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер Министрі | К. Мәсімов |