Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 18 наурыздағы № 323 Қаулысы
(2013.08.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы 3-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1041; 20.03.03 ж. № 275 (бұр. ред. қара); 19.06.03 ж. № 576; 02.07.03 ж. № 643; 12.11.03 ж. № 1132; 05.03.04 ж. № 281а (бұр. ред. қара); 15.04.04 ж. № 418; 27.09.04 ж. № 986 (бұр. ред. қара); 2005.22.04. № 382 (бұр. ред. қара); 2006.20.03. № 190 (бұр.ред.қара); 2006.20.06. № 564 (бұр.ред.қара); 2007.26.02. № 145 (бұр.ред.қара); 2007.26.09 № 838 (бұр. ред. қара); 2008.25.01. № 66 (бұр.ред.қара); 2008.16.05. № 462 (бұр. ред. қара); 2008.28.11. № 1105 (бұр.ред.қара); 2009.20.03 № 377 (бұр.ред.қара); 2009.07.05 № 664 (бұр.ред.қара); 2010.31.08. № 851 (бұр.ред.қара); 2011.19.09. № 1074 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.26.03. № 353 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.19.12. № 1615 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.08.05. № 470 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналардың Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып:
1) Халықаралық Валюта Қорының:
Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Марченко Григорий Александрович (келісім бойынша),
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов;
2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің:
Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Мәдина Ерасылқызы Әбілқасымова;
3) Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің:
Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Жәмішев Болат Бидахметұлы,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов;
4) Азия Даму Банкінің:
Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Асқарбекұлы Досаев;
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов;
5) Ислам Даму Банкінің:
Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Өрентайұлы Исекешев;
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |