Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 ақпандағы № 145 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәулет Еділұлы Ерғожин;»;
2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов;»;
3) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Аслан Есболайұлы Мусин;»;
5) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәулет Еділұлы Ерғожин;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi | К. Мәсімов |