Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2003 жылғы 20 наурыздағы № 275 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
3) тармақшада "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Жангелдин Ерлен Тоқтағалиұлы (келісім бойынша);" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы (келісім бойынша);" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Ислам Даму банкінің:
Басқарушы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі есенбаев Мәжит Төлеубекұлы;
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Жәмішев Болат Бидахметұлы (келісім бойынша)".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |