Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының
өкiлдерiн тағайындау туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 18 наурыздағы № 323 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1041; 20.03.03 ж. № 275; 19.06.03 ж. № 576;
02.07.03 ж. № 643; 12.11.03 ж. № 1132; 05.03.04 ж. № 281а;
15.04.04 ж. № 418; 27.09.04 ж. № 986; 2005.22.04. № 382 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 20 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы 3-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1041; 20.03.03 ж. № 275 (бұр. ред. қара); 19.06.03 ж. № 576; 02.07.03 ж. № 643; 12.11.03 ж. № 1132; 05.03.04 ж. № 281а (бұр. ред. қара); 15.04.04 ж. № 418; 27.09.04 ж. № 986 (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.22.04. № 382 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналардың Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып:
1) Халықаралық Валюта Қорының:
Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы (келісім бойынша),
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Келiмбетов Қайрат Нематұлы;
2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің:
Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрi Келiмбетов Қайрат Нематұлы,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi Өзбеков Ғани Нұрмаханбетұлы;
3) Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің:
Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Арман Ғалиасқарұлы Дунаев,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы (келісім бойынша);
4) Азия Даму Банкінің:
Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Арман Ғалиасқарұлы Дунаев,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Исаев Батырхан Арысбекұлы;
5) Ислам Даму банкінің:
Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы;
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |