“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына өзгерiс енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 сәуірдегі № 382 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Басқарушылар кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармақтың 5) тармақшасының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |