Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы
№ 323 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазакстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 мамырдағы № 462 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдерін тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 18 наурыздағы № 323 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
1) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәулет Еділұлы Ерғожин;»;
4) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |