Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының
өкiлдерiн тағайындау туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 18 наурыздағы № 323 қаулысы
(2007.26.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 26 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы 3-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1041; 20.03.03 ж. № 275 (бұр. ред. қара); 19.06.03 ж. № 576; 02.07.03 ж. № 643; 12.11.03 ж. № 1132; 05.03.04 ж. № 281а (бұр. ред. қара); 15.04.04 ж. № 418; 27.09.04 ж. № 986 (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.22.04. № 382 (бұр. ред. қара); 2006.20.03. № 190 (бұр.ред.қара); 2006.20.06. № 564 (бұр.ред.қара); 2007.26.02. № 145 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мыналардың Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып:
1) Халықаралық Валюта Қорының:
Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы (келісім бойынша),
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәулет Еділұлы Ерғожин;
2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің:
Басқарушы - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов;
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов;
3) Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің:
Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Аслан Есболайұлы Мусин;
4) Азия Даму Банкінің:
Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Наталья Артемовна Коржова,
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Марат Әпсеметұлы Құсайынов;
5) Ислам Даму Банкінің:
Басқарушы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі Асқар Болатұлы Баталов;
Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Дәулет Еділұлы Ерғожин;
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |