536-бап. 2007.21.07. № 308- III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II ;2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 315-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 537 - бап өзгертілді
537-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік
органдар басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының шара қолданбауы
Мемлекеттік органдар басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi өздерiне бағынысты адамдарға қатысты өз өкiлеттiктерi шегiнде шара қолданбауы не аталған шараларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды бұза отырып қолдануы не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына тиiстi ақпарат бермеуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
істерді қарауға уәкілетті органдар
31-тарау. Негізгі ережелер
ҚР 02.07.03 ж. № 451-II; 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 538-бап өзгертілді ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 538 - бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
538-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға
уәкілетті органдар (лауазымды адамдар)
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді:
1) мамандандырылған әкімшілік соттардың судьялары;
2) осы Кодексте уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары қарайды.
Ескерту. Мамандандырылған әкімшілік соттардың ведомстволық қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді, егер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған әкімшілік сот құрылмаса, аудандық (қалалық) соттардың судьялары қарауға құқылы.
05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 539 -бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 539-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
539-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi
органдар (лауазымды адамдар) құзыретiнiң ара жiгiн ажырату
1. Судьялар осы Кодекспен өздерiнiң қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, осы Кодекстің 541-бабында көрсетілген істерді қоспағанда, істерді қарайды және әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданады.
3. Әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған заттарды өтемiн төлеп алып қою, не осы заттарды тәркiлеу, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау арқылы алынған табыстарды (дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу, нақты тұлғаға берiлген арнайы құқықтан айыру (соның iшiнде көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру), қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр әрекеттер жасауға лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен) айыру, өз бетiнше тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты ерiксiз бұзу, жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi судья қарайды.
4. ҚР 2005.21.10. № 80-III Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
5. Осы Кодекстiң 27-бабына сәйкес өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi жүргiзiп жатқан адамның арызы бойынша осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiгiнде көзделген кез келген құқық бұзушылық туралы iстi судья қарайды.
540-бап . 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
32-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің
қайта қарауға жататындығы, лауазымды
адамдардың істерді қарау және әкімшілік
жазаларды қолдану жөніндегі құзыреті
28.03.03 ж. № 398-II (бұр. ред. қара); 03.06.03 ж. № 428-II; 02.07.03 ж. № 451-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 06.05.04 ж. № 551-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II; 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2005.13.04 № 40-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара); 2006.07.07. № 181-III (2007.01.01. бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2007.12.01. № 220-III (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр.ред. қара); 2007.28.02. № 235-III (бұр. ред. қара) ; 2007.02.03. № 270-III (бұр. ред. қара) ; 2007.06.07 № 276-ІІI (бұр .ред. қара ) 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 299-III (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 308- III (бұр.ред.қара); 2007.21.07. № 307-III (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 320-III (2007 жылғы 9 тамыздан қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 541-бап өзгертілді
541-бап. Соттар
1. Мамандандырылған аудандық және соларға теңестiрiлген әкiмшiлiк соттардың судьялары , осы баптың үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда,осы Кодекстiң 79-1, 79-3, 79-4, 79-5, 80-84, 86, 95-112, 115, 117, 124 (бірінші бөлігінде), 127, 129, 130, 136, 140 (екінші бөлігінде), 143, 145, 151, 153-157, 158, 159 (екiншi бөлiгiнде), 161 (төртінші және бесінші бөліктерінде), 162, 163, 167-1 (екінші және үшінші бөліктерінде), 168-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 175 (екінші бөлігінде) (жекеше нотариустар, аудиторлар және аудиторлық ұйымдар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 177-1, 177-2, 177-3, 177-4, 177-5, 179, 179-1, 183, 184, 188 (екінші бөлігінде), 190, 192, 194, 200, 202, 203, 213, 214, 222-229, 231 (екiншi бөлiгiнде), 232, 233, 235 (екiншi бөлiгiнде), 237, 237-1, 246 (екінші бөлігінде), 278 (бiрiншi бөлiгiнде), 283 (бiрiншi, үшiншi бөлiктерiнде), 298 (екiншi, үшiншi бөлiктерiнде) 298-1 (екiншi бөлiгiнде), 302 (үшiншi бөлiгiнде), 303 (екiншi бөлiгiнде), 304 (екiншi бөлiгiнде), 305 (екiншi бөлiгiнде), 306 (екiншi бөлiгiнде), 306-1 (үшінші бөлігінде), 308, 309-1 (жетінші, сегізінші бөліктерінде), 309-2 (төртiншi бөлiгiнде), 311-1 (жетінші бөлігінде), 309-4 (сегізінші, тоғызыншы бөліктерінде), 314, 315, 316, 317 (екінші және үшінші бөліктерінде), 317-1, 318-321, 322 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 323 (екінші бөлігінде), 324 (екінші және үшінші бөліктерінде), 325-328, 330, 330-1 (екінші бөлігінде), 331, 332, 335, 336 (үшiншi бөлiгiнде), 336-1 (үшiншi бөлiгiнде) 338 (бiрiншi бөлiгiнде), 338-1, 339, 340, 342-344, 346-357, 357-1, 357-2 (екінші бөлігінде), 357-3, 357-4, 357-6, 359, 361, 362, 363, 366, 368, 368-1, 369 (екiншi бөлiгiнде), 370 (екiншi бөлiгiнде), 371 (екiншi бөлiгiнде), 372-376, 381-1, 386 (үшiншi бөлiгiнде), 388, 390 (екінші бөлігінде), 391 (екінші бөлігінде), 391-1 (екінші және үшінші бөліктерінде) 393, 394 (екiншi бөлiгiнде), 396 (екiншi бөлiгiнде), 405 (бiрiншi бөлiгiнде), 409, 410, 413-415, 417, 418 , 421, 423, 424, 426-430, 432-434, 442, 445, 446 (екiншi бөлiгiнде), 453 (екiншi бөлiгiнде), 454 (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде), 461 (үшінші бөлігінде), 462 (екінші және үшінші бөліктерінде), 463 (1-1-бөлігінде), 464 (екiншi бөлiгiнде), 465, 466, 467 (бiрiншi үшiншi, бесiншi бөлiктерiнде, 468 (бірінші және екінші бөліктерінде), 469, 471, 477 (үшiншi бөлiгiнде), 484, 492 (екiншi бөлiгiнде), 494 (екінші бөлігінде), 491-1 (үшінші бөлігінде), 496 (екiншi бөлiгiнде), 501, 513-535, 537-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Судьялар, iстiң қайда қаралуға жататындығына қарамастан, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлгендерден басқа, әкiмшiлiк жаза түрлерiнiң бiрi ретiнде шетелдiк азаматтарды не азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу, әкiмшiлiк қамауға алу, лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәлiгiнен), арнаулы құқығынан айыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған заттарды өтемiн төлеп алып қою не тәркiлеу, сондай-ақ құрылыстарды ерiксiз бұзу, белгiлi бiр қызметпен айналысуға тыйым салу көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
3. Жоғарғы Соттың, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары сот талқылауы барысында анықталған процеске қатысушы адамның тарапынан осы Кодекстің 513-бабында көзделген сотқа құрметтемеушілік білдіру фактілері туралы істерді қарайды.
542-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР 03.06.03 ж. № 428-II Заңымен 543-бап толықтырылды; 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III (бұр. ред. қара); 2007.26.03. № 240-III (бұр. ред. қара ); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 543-бап өзгертілді
543-бап. Iшкi iстер органдары (полиция)
1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 113, 114, 116, 131, 144, 159 (бiрiншi бөлiгiнде), 160 (бірінші және екінші бөліктерінде), 163-1, 165, 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 247, 277, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 330-1 (бірінші бөлігінде), 328-1, 333, 334, 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-2, 338 (екiншi бөлiгiнде), 341, 357-2 (бірінші бөлігінде), 364, 365, 369 (бiрiншi бөлiгiнде), 370 (бiрiншi бөлiгiнде), 371 (бiрiншi бөлiгiнде), 377, 378, 379, 380-1, 387, 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бiрiншi бөлiгiнде), 395, 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 439 (бiрiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 443 (төртiншi бөлiгiнде), 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 459, 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi, алтыншы бөлiктерiнде), 468 (үшінші бөлігінде), 470, 472-476, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 478, 480, 481 (автомобиль көлiгіндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 482, 485-487, 500-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Iшкi iстер органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстiң iшкi iстер органдарының қарауына жататын барлық баптары бойынша, - iшкi iстер органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
2) осы Кодекстiң 131, 159 (бiрiншi бөлiгiнде), 160 (бірінші және екінші бөліктерінде) , 163-1, 165, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 330-1 (бірінші бөлігінде), 333, 334, 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377, 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бірінші бөлігінде), 395, 396 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары қалалық, аудандық бөлiмшелерiнiң бастықтары;
3) осы Кодекстiң 159, 163-1, 165, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 330-1 (бірінші бөлігінде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 389, 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 439 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 459, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 480, 485 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары жол бөлiмшелерiнiң, жол пункттерiнiң бастықтары;
4) осы Кодекстiң 131 , 159, 165, 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 311, 330-1 (бірінші бөлігінде), 333 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377, 387, 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 470, 473, 476-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары полициясының учаскелiк инспекторлары;
5) осы Кодекстiң 330-1 (бірінші бөлігінде), 333 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары патрульдiк учаскелерiнiң бастықтары;
6) осы Кодекстiң 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi және алтыншы бөлiктерiнде), 468 (үшінші бөлігінде), 470 (екiншi бөлiгiнде), 472-475, 485-487-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, iшкi iстер органдары жол полициясы департаментiнiң, басқармаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
7) осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 247, 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 470 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 473 (бiрiншi бөлiгiнде), 476, 485 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында (жеке тұлғаларға қатысты) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - арнайы шендерi бар жол полициясының қызметкерлерi;
8) осы Кодекстiң 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде, 300, 311, 387-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының табиғат қорғау және мал дәрiгерлiк полициялары бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
9) осы Кодекстiң 113, 114, 116, 330-1 (бірінші бөлігінде), 333 (екiншi бөлiгiнде), 334 (үшiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының кәмелетке толмағандардың iстерi жөніндегі бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары.
10) 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара )
11) 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 330-1 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - iшкi iстер органдары полициясының балық қорларына қылмысты қол сұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
12) осы Кодекстің 394 (бірінші бөлігінде), 395, 396 (бірінші бөлігінде)- баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін — ішкі істер органдарының көші-қон полициясы басқармаларының, бөлімдерінің, бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 544-бап өзгертілді ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 544-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 544- бап өзгертілді
544-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары
1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары осы Кодекстің 231 (бірінші бөлігінде), 235 (бірінші бөлігінде), 249, 277, 284, 312, 313, 334, 460-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары атынан істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қалалық, аудандық аумақтық органының басшысы жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі, лауазымды адамдарға онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік өртке қарсы қызметі аумақтық органының басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейінгі, заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі, лауазымды адамдарға - төрт жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 545-546-баптар алынып тасталды
ҚР 03.06.03 ж. № 428-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 547-бап өзгертілді
547-бап Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi орган
1. Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде) (әуе көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 443 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын аэродромдарда немесе осындай аэродромдар аумақтарында жасалған бұзушылық туралы iстердi қоспағанда), 444, 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 447 (бірінші бөлігінде), 459, 460, 479 (әуе көлiгiнде бұзушылық жасағаны үшiн), 480 (екiншi бөлiгiнде), 482-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы:
соған уәкiлеттi лауазымды адамдар (411, 444, 446 (бiрiншi бөлiгi), 459, 460-баптар, азаматтық авиация қызметi саласында бұзушылық жасағаны үшiн).
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 548-бап жаңа редакцияда ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 548-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 548-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
548-бап. Көлік бақылау органдары
1. Көлік бақылау органдары осы Кодекстің 175 (екінші бөлігінде, бұл бұзушылықтарды Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде көлік құралдарының иелері немесе тасымалдаушылар жасаған кезде) 246 (бірінші бөлігінде), 247, 357-2 (бірінші бөлігінде), 439, 440, 440-1, 441, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 448, 449, 450, 451, 452, 453 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 454 (төртінші, бесінші бөліктерінде), 455, 456, 457, 458, 459, 460 (әуе кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 461 (6-1 бөлігінде), 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу болып табылатын кезде, екінші және үшінші бөліктерінде), 467-1, 470 (үшінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жасалса) 477 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 479-481 әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 483, 486 (бірінші бөлігінде), 490-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Көлік бақылау органдары атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
осы Кодекстің көлік бақылау органдарының қарауына жатқызылған барлық баптары бойынша - көлік бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көлік бақылау органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
175 (екінші бөлігінде, бұл бұзушылықтарды Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде көлік құралдарының иелері немесе тасымалдаушылар жасаған кезде), 247, 357-2 (бірінші бөлігінде), 440, 440-1, 441, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 452, 454 (төртінші бөлігінде), 455, 456, 459-460 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 461 (6-1-бөлігінде), 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу болып табылатын кезде, екінші және үшінші бөліктерінде), 467-1, 470 (үшінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінде жасалса), 477 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 479, 480, 481 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 483, 486 (бірінші бөлігінде), 490-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша — көліктік бақылау органдарының осыған уәкілетті лауазымды адамдары құқылы.
3. Осы баптың екінші бөлігінің үшінші абзацында көрсетілген лауазымды адамдар салатын айып мөлшері он айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
ҚР 07.01.03 ж. № 372-II; 03.06.03 ж. № 428-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 549-бап толықтырылды; ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 549-бап өзгертілді
549-бап. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган
1. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде) (темір жол көлігімен, теңіз және ішкі су көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде), 441, 443, 444, 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 450, 451 (екiншi бөлiгiнде), 452, 453 (бiрiншi бөлiгiнде), 455 (үшiншi бөлiгiнде), 457 (өздерiнiң қадағалауындағы шағын кемелер мен олардың тұруына арналған құрылыстар базалары бөлiгiнде), 459, 460, 481 (теңіз және әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтар бөлігінде), 488-489 -баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның, олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 549-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 549-1-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
549-1-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы
уәкілетті орган
1. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 357-2 (бірінші бөлігінде), 492 (бірінші бөлігінде), 494 (бірінші бөлігінде), 494-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 495, 496 (бірінші бөлігінде), 497-1, 497-2, 497-3-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.13.04 № 40-III (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.05.06 № 146-III Заңдарымен 550-бап өзгертілді
550-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары
1. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң 87, 87-1 , 89-94, 175 (екінші бөлігінде, жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтарға қатысты), 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 399-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
облыстар, қалалар және аудандар бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
облыстар мен Астана және Алматы қалалары бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - үш жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының еңбек жөніндегі орталық атқарушы органының бас мемлекеттік еңбек инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға - төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік еңбек инспекторы жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.