ҚР Үкіметінің 2009.30.10 № 1726 Қаулысымен 23 қосымша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар. Деректер базасына енгізілмейды
ҚР Үкіметінің 2009.30.10 № 1726 Қаулысымен 23 қосымша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар. Деректер базасына енгізілмейды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына 23-қосымша
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларының схемасы
ҚР Үкіметінің 2015.27.11. № 957 Қаулысымен 24-қосымша алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2015.27.11. № 957 Қаулысымен 24-1-қосымша алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.24.12. № 1669 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.02.04. № 173 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 25-қосымша өзгертілді; 2015.27.11. № 957 Қаулысымен 25-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына 25-қосымша
Көлік және коммуникация салаларындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін
қосымша ақылар мен үстемеақылар
Р/с № | Қосымша ақылар мен үстемеақылардың атауы | Қосымша ақылар мен үстемеақылардың түрлері | Қосымша ақылар менүстемеақылардың мөлшерлері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | | Ерекше жағдайлар үшін қосымша ақы | | |
| «Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, су жолдары қазыналық кәсіпорындарының, «Ақмолажолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Ақтөбежолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Алматыжолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Атыраужолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Батысжолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Жамбылжолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Шығысжолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қарағандыжолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қызылордажолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Қостанайжолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Маңғыстаужолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Павлодаржолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Солтүстікжолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің, «Оңтүстікжолзертхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне жұмыстың қауырттылығы және күрделілігі үшін | | ЛЖ-дан 50 %-ға дейін | Кәсіпорын басшысы белгілеген тәртіппен |
2. | | Жұмыстың көшпелі сипаты үшін үстеме ақы | | 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес |
| Ұйымдардың қызметкерлеріне тұрғылықты жерінде болмаған әр күнтізбелік күні үшін | | АЕК-тен* 35% | Кәсіпорын басшысы белгілеген тәртіппен |
3. | | Су астындағы жұмыстар үшін үстеме ақы | | |
| Ұйымдардың сүңгуірлеріне су астында жұмыс істеген әр сағаты үшін | | сағаттық мөлшерлемеден 100% | Кәсіпорын басшысы белгілеген тәртіппен |
Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:
* АЕК - заңнамада белгіленген айлық есептік көрсеткіш.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына 26-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің өкімін жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 16 қыркүйектегі № 1125 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 38, 356-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп туралы ережеде:
26, 27-тармақтар алынып тасталсын.
2. ҚР Үкіметінің 2012.30.03. № 389 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
3. «Қазақ ұлттық музыка академиясын ашу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 наурыздағы № 269 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 9, 70-құжат): 5-тармақтың екінші абзацындағы «профессор-оқытушылар құрамының еңбекақы қорына 1,75 коэффициентін қолдана отырып, жеке нормалар бойынша» деген сөздер алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына 27-қосымша
Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне үнемдеу есебінен сыйлықақы беру жүзеге асырылатын,
материалдық көмек көрсетілетін және үстемеақы белгіленетін шығыс түрлерінің
тізбесі
Сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады:
1) қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражаттың жалпы көлемінің 30% асырмай жыл ішінде, ал желтоқсанда - бір жылда үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
ел ішіндегі іссапарлар және қызметтік жол жүрулер;
елден тыс жерлерге іссапарлар және қызметтік жол жүрулер;
үй-жайларды жалға алу ақысын төлеу;
коммуналдық қызметтерге ақы төлеу;
байланыс қызметіне ақы төлеу;
көлік қызметіне ақы төлеу;
электр энергиясына ақы төлеу;
жылуға ақы төлеу;
ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу;
өзге де қызметтер мен жұмыстар;
өзге де ағымдағы шығыстар;
2) қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
негізгі жалақы;
өтемақы төлемдері;
әлеуметтік салық;
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар;
көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға арналған жарналар;
мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің жеке басын мемлекеттік міндетті сақтандыруға арналған жарналар;
қосымша ақшалай төлемдер.
Шығыстардың қалған түрлері бойынша қаржыландыру жоспары бойынша үнемделген қаражатты сыйлықақы беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемеақылар белгілеуге жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1553 Қаулысымен 28-қосымша өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына 28-қосымша '
Қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне үнемдеу есебінен сыйлықақы беру жүзеге асырылатын, материалдық
көмек көрсетілетін және үстемеақы белгіленетін шығыс түрлерінің
тізбесі
Сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады:
1) даму жоспары бойынша үнемделген қаражаттың жалпы көлемінің 30 % асырмай жыл ішінде, ал желтоқсанда - бір жылда үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
іссапарлар шығындары;
коммуналдық қызметтер;
электр энергиясы;
жылу;
байланыс қызметі;
көлік қызметі;
негізгі құралдарды ағымдағы жөндеу;
негізгі құралдар бойынша жалға алу ақысы;
несие бойынша сыйақыны (мүддені) өтеу шығындары.
2) даму жоспары бойынша үнемделген қаражаттың толық көлемінде:
жалақы;
салықтар және бюджетке түсетін өзге де міндетті төлемдер.
Шығыстардың қалған түрлері бойынша даму жоспары бойынша үнемделген қаражатты сыйлықақы беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемеақылар белгілеуге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына 29-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі
1. «Базалық лауазымдық жалақының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 1607 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 47, 548-құжат).
2. «Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 14-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі № 854 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 271-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 қаңтардағы № 91 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 3, 45-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты» мемлекеттік мекемесін» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот академиясы» мемлекеттік мекемесі деп қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі № 1008 қаулысының 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 39, 415-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 қарашадағы № 1191 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 45, 491-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 қаңтардағы № 89 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 3, 47-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 тамыздағы № 867 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 30, 408-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 каңтардағы № 41 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 қыркүйектегі № 985 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 35, 465-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1040 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 37, 493-құжат).
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1367 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 650-құжат).
12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 5, 44-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі № 402 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 18, 220-құжат).
14. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «А.Н.Сызғанов атындағы Хирургия ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1032 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 37, 528-құжат).
15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 8 желтоқсандағы № 1207 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 46, 602-құжат).
16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 131 қаулысы.
17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 610 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 243-құжат).
18. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 1156 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 44, 479-құжат).
19. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 6-құжат).