Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 19 тамыздағы № 867 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысымен 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 14-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
1) 1-тармақ "негiзiнде" деген сөздің алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ресей федерациясындағы Сауда өкiлдiгі қызметкерлерiнiң шетел валютасындағы лауазымдық жалақыларының схемалары";
2) 2-тармақ "бекітілсiн" деген сөздiң алдынан ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ресей федерациясындағы Сауда өкiлдiгi қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттары 23-қосымшаға сәйкес";
3) көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерi және қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлімiнде:
G санаты тобында:
"G-1" санаты ", сауда өкiлi" деген сөздермен толықтырылсын;
"G-2" санаты ", сауда өкiлiнiң орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын;
4) осы қаулының қосымшасына сәйкес 23-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 19 тамыздағы
№ 867 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 41 қаулысына
23-қосымша
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігінің
қызметкерлері лауазымдық жалақыларының
Схемасы
Лауазымы | Лауазымдық жалақы АҚШ долларымен |
Сауда өкілі Сауда өкілінің орынбасары Кеңесші Жоғарғы санат біліктілігінің жоғарғы деңгейлі бухгалтері Бірінші санат біліктілігінің жоғарғы деңгейлі маманы | 2700 2500 2250 1500 1500 |