Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 жылғы 24 қаңтардағы № 91 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысымен 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы 41 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 14-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тақырыпта "қызметкерлерiне" деген сөзден кейiн "және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерiне" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 1-тармақта:
бiрiншi абзацта:
"қызметкерлерiне" деген сөзден кейiн "және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне" деген сөздермен толықтырылсын;
"(бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер" деген сөздерден кейiн "мен қазыналық кәсiпорындардың" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi және үшiншi абзацтардағы "мемлекеттік мекемелер" деген сөздерден кейiн "мен қазыналық кәсiпорындар" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 2-тармақта:
екiншi абзацта "қызметкерлерiнiң" деген сөзден кейiн "және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
үшiншi абзацта "қызметкерлерiне" деген сөзден кейiн "және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 3-тармақта:
1) тармақшада:
"мемлекеттік мекемелер" деген сөздерден кейiн "мен қазыналық кәсiпорындардың" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берiлген мемлекеттік жоғары оқу орындары қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына еңбекақы төлеу лауазымдық жалақылардың (ставкалардың) белгiленген мөлшерiне жоғарылататын коэффициентпен жүзеге асырылады;";
2) тармақшада:
"мемлекеттік мекемелер" және "(мемлекеттік мекемелер)" деген сөздерден кейiн "мен қазыналық кәсiпорындар" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"педагог қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн лауазымдық жалақылар (ставкалар) заңнамада бiр аптаға белгiленген нормативтiк оқу жүктемесiне қарай белгiленедi;";
5) тармақша алынып тасталсын;
5) 4-тармақта:
1) тармақшада:
"мемлекеттік мекемелер" деген сөздерден кейiн "мен қазыналық кәсiпорындардың" деген сөздермен толықтырылсын;
"ұжымдық шартта" деген сөздерден кейiн "және (немесе) жұмыс берушінің актiсiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада "мемлекеттік мекемелердiң" деген сөздерден кейiн "және қазыналық кәсiпорындардың" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне жалақысындағы айырма қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесiне сәйкес олардың орташа жалақысы бұрын қолданылған еңбекақы төлеу жүйесi бойынша орташа жалақысынан төмен болып шыққан жағдайларда және олар дәл сол лауазымда жұмыс iстеп жүрген жағдайда төленедi;";
4) тармақшадағы "мемлекеттік мекемелер" деген сөздерден кейiн "мен қазыналық кәсiпорындардың" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Мыналарға:
1) мемлекеттік басқару органдарына:
мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелерi бойынша қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi мемлекеттік мекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен (мемлекеттік білім беру мекемелерiнде - еңбекақы төлеуге арналған қолда бар қаражат шегiнде) немесе мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсiпорын үшiн бекіткен еңбекақы төлеу қоры шегiнде мемлекеттік басқару органы белгiлеген тәртiппен сыйлықақы беру;
2) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың басшыларына:
мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерi мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлімiнде көрсетілген лауазымдар атауларына олардың қызметiнiң ерекшелiгін сипаттайтын арнаулы қосымша атауларды қолдану, сондай-ақ функционалдық мiндеттерiне қарай өзге де лауазымдар атауларын теңестiру;
кредиторлық берешек болмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi мемлекеттік мекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен (мемлекеттік білім беру мекемелерiнде - еңбекақы төлеуге арналған қолда бар қаражат шегiнде) немесе кредиторлық берешегi болмаған кезде мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсiпорын үшiн бекiткен еңбекақы төлеу қоры шегiнде салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушiнiң актiсiнде белгiленген тәртіппен қызметкерлердiң лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгiлеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету құқығы берiлсiн.";
7) 6-тармақта "мемлекеттік органдар болып саналмайтын мемлекеттік мекемелердiң" деген сөздерден кейiн "және қазыналық кәсiпорындардың" деген сөздермен толықтырылсын;
8) көрсетiлген қаулыға 2, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 16, 19-қосымшалардың тақырыбы мен мәтiніндегі "мекемелер", "мекемелерi", "мекемелерiнiң" деген сөздерден кейiн "мен қазыналық кәсiпорындар", "мен қазыналық кәсiпорындары", "және қазыналық кәсiпорындарының" деген сөздермен толықтырылсын;
9) көрсетiлген қаулыға 1, 3-қосымшалар осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
10) көрсетiлген қаулыға 4-қосымшада:
"Қызметкерлер кәсіптерінің, лауазымдарының, санаттарының атауы" деген 2-бағанда:
реттiк нөмiрi 2-жолдың үшiншi абзацындағы "мұғалiмдерiне, деген сөзден кейiн "кәсiптiк мектептердiң, орта кәсiптiк оқу орындарының" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 4-жолдың 4) тармақшасындағы "кітапханашыларына" деген сөз "кітапхана қызметкерлерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 6-жолдың 2) тармақшасында:
бiрiншi абзацта "орналасқан" деген сөзден кейiн "мемлекеттік және" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацта "орналасқан" деген сөзден кейiн "мемлекеттік және" деген сөздермен толықтырылсын;
төртiншi абзацта "(сыныптардың, топтардың)" деген сөздерден кейiн "мемлекеттік және" деген сөздермен толықтырылсын;
Ескертудiң 3-тармағындағы "жоғары спорт шеберлiгi мектебiнiң" деген сөздерден кейiн "мамандандырылған бөлiмшелерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
11) көрсетiлген қаулыға 5-қосымшада:
реттік нөмiрi 6-жол алынып тасталсын;
ескертудегі "проректорларына" деген сөзден кейiн ", кафедра меңгерушiлерiне, профессорларына" деген сөздермен толықтырылсын;
12) көрсетiлген қаулыға 6-қосымшада:
реттік нөмiрi 1-жолдың "Қызметкерлер кәсіптерінің, лауазымдарының, санаттарының атауы" деген 2-бағанында:
қазақ тiліндегі мәтiнiнде 3) тармақшада:
"Қанды және оның құрамдас бөлiктерiн даярлау жөніндегі," деген сөздер "Қанды және оның құрамдас бөлiктерiн әрі сүйек кемігін даярлау және мұздатылған күйiнде сақтау жөніндегі, емдеу плазмоферезі, гемосорбция және гемодиализ бөлiмшесiнiң (кабинеттерiнiң)," деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы "Санитарлық-алдын алу мекемелерiнің" деген сөздер "Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердiң" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"Аса қауіпті инфекциялардың қоздырғыштарымен және олар ықтимал жұқтырылған материалдармен жұмыс iстейтiн қызметкерлерге;
Қызылорда облысы Арал және Қазалы аудандарының денсаулық сақтау мекемелерiнiң қызметкерлерiне";
13) тармақшадағы "Қатаң бақылаудағы" деген сөздер "Қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгiдегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
14) тармақшадағы "бөлімшелерінің" деген сөзден кейiн ", психиатриялық ауруханалардың" деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақшаның жолдары мынадай редакцияда жазылсын:
"15) ЖҚТБ-ның алдын алу және Лауазымдардың
оған қарсы күрес жөнiндегі нақты тiзбесi
орталықтардың қызметкер- бойынша төлеудің
леріне ЖҚТБ-мен ауыратын 60% тәртібi мен
және АҚТҚ жұқтырған шарттарын
ауруларға диагноз қойғаны, азаматтардың
емдегені және оларға тікелей денсаулығын қорғау
қызмет көрсеткенi үшiн; саласындағы
ғылыми-зерттеу орталық атқарушы
ұйымдарының, ғылыми- орган белгілейдi
өндірiстiк бiрлестiктер мен
олардың құрылымдық, оның
iшiнде бактериалдық және
вирустық препараттарды
жасау жөніндегі бөлiмшеле.
рiнiң ЖҚТБ проблемасы
бойынша ғылыми тақырыпты
орындағаны үшiн және
ЖҚТБ-мен ауыратын және
АҚТҚ жұқтырған аурулармен
араласатын, ЖҚТБ вирусымен
және АҚТҚ ықтимал жұқтырылған
материалмен (оның iшiнде
жануарлармен) жұмыс
iстейтiн қызметкерлерiне
Денсаулық сақтау ұйымдары- Көpcетілген
ның, мамандандырылған бө- қосымша ақы нақты
лiмшелердің қызметкерлерiне жұмыс iстеген сағат-
ЖҚТБ-мен ауыратын және қа тепе-тең төленеді.
АҚТҚ жұқтырған ауруларды Лауазымдардың
емдегенi және оларға тiкелей нақты тізбесiн
қызмет көрсеткенi үшiн; 60% азаматтардың
консультациялар, тексерулер денсаулығын қорғау
жүргiзгенi, медициналық саласындағы
жәрдем, сот-медициналық орталық атқарушы
және патологоанотомиялық орган белгілейдi";
сараптама, сондай-ақ
халықтың қаны мен ЖҚТБ-
мен ауыратын және АҚТҚ
жұқтырған аурулардан
алынатын материалдарды
зертханалық тексерудiң
барлық түрлерiн жасағаны
үшiн
реттiк нөмiрi 1-жолдың "Кәсiптердiң, лауазымдардың, қызметкерлер санаттарының атауы" деген 2-бағанындағы 16) тармақша "(бөлiмшелердiң, құрылымдық бөлiмшелердiң)" деген сөздерден кейiн "өлiк тiндерiн, мүшелерiн және терiсiн дайындау (консервациялау) бөлiмшесiнiң" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 2-жолдың "Ескерту" деген 5-бағанындағы 3) тармақшаның екiншi, үшiншi абзацтары "Өзiнiң жұмыс", "Жұмыс уақытынан" деген сөздердiң алдынан "Мекеменiң жұмыс режимiн ескерiп," деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмiрi 3-жолда:
"Ескерту" деген 5-баған "Лауазымдардың және ұйымдардың нақты тiзбесi бойынша төлеудiң тәpтiбi мен шарттарын азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы орталық атқарушы орган белгілейдi" деген сөздермен толықтырылсын;
1) тармақшада:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"аса қауiптi инфекциялардың
қоздырғыштарымен және олар
ықтимал жұқтырылған материалдармен 40-80%-ға
жұмыс iстегені үшін; дейiн";
үшiншi, төртіншi, бесiншi, алтыншы, жетіншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он бiрiншi абзацтарда "Лауазымдық жалақыдан қосымша ақылар және үстемеақылардың мөлшерi" деген 4-баған "-ға дейін" деген сөзбен толықтырылсын;
6) тармақшада "Ескерту" деген 5-баған "Дәрiгер-хирург лауазымдарының нақты тiзбесi бойынша осы қосымша ақыны төлеудің тәртібі мен шарттарын азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы орталық атқарушы орган белгiлейдi" деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшада:
"Қосымша ақылар мен үстемеақылар түрлерi" деген 3-баған "төтенше" деген сөздiң алдынан "Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүзеге асыру кезеңiнде" деген сөздермен толықтырылсын;
"Лауазымдық жалақыдан қосымша ақылар және үстемеақылардың мөлшерi" деген 4-баған "кезекшiлiктiң" деген сөздiң алдынан "Күту және тұрақты дайын болу режиміндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
"Ескерту" деген 5-бағанда:
реттiк нөмiрi 4-жол "Көрсетiлген қосымша ақы азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы орталық атқарушы орган бекіткен тәртіппен белгіленедi" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 9-жол "Көрсетiлген үстемеақыны белгiлеудiң тәртібi мен шарттарын мемлекеттік басқару органы белгiлейдi" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 10-жол "Көрсетiлген үстемеақыны белгiлеудің тәртібі мен шарттарын мемлекеттік басқару органы белгiлейдi" деген сөздермен толықтырылсын;
ескертудiң бiрiншi абзацындағы "мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерiнде ("деген сөздерден кейiн "алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын ауруларды мәжбүрлеп емдеуге арналған" деген сөздермен толықтырылсын;
13) көрсетiлген қаулыға 8-қосымшада:
реттiк нөмiрi 1-жолдағы 3), 4) тармақшалардың "Ескерту" деген 5-бағаны "Осы қосымша ақыны төлеудiң тәртібі мен шарттарын мәдениет саласындағы орталық атқарушы орган белгiлейдi" деген сөздермен толықтырылсын;
14) көрсетiлген қаулыға 9-қосымшада:
"Қызметкерлер кәсіптерiнiң, лауазымдарының, санаттарының атаулары" деген 2-бағанда:
реттік нөмiрi 1-жолдағы "басшыларына, мамандары мен қызметшiлерiне" деген сөздер "олимпиадалық дайындық орталығының қызметкерлерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 2-жолдағы "спорт шеберлiгi мектебiнiң" деген сөздерден кейiн "олимпиадалық дайындық орталығының" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 5-жолдағы "спорт жөнiндегі жаттықтырушы-оқытушыларға" деген сөздер "басшыларға және спорт жөнiндегі жаттықтырушы-оқытушыларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмiрi 1-жолдың "Ескерту" деген 5-бағанында "Қызметкерлер лауазымдарының нақты тiзбесi бойынша көрсетiлген үстемеақыны төлеудiң тәртібі мен шарттарын дене шынықтыру және спорт саласындағы орталық атқарушы орган белгiлейдi. Бұл үстемеақы ең жоғарғы көрсеткіш бойынша төленедi." деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 1-жолдың 7) тармақшасы "Республикалық олимпиадалық дайындық орталықтары, спорт колледждерi мен жоғары спорт шеберлiгi мектептерiнен басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 2-жолдың "Ескерту" деген 5-бағаны "Көрсетiлген үстемеақыны төлеудiң тәртібі мен шарттарын дене шынықтыру және спорт саласындағы орталық атқарушы орган белгiлейдi. Бұл үстемеақы ең жоғарғы көрсеткiш бойынша төленедi." деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 2-жолдың 7) тармақшасы "Республикалық олимпиадалық дайындық орталықтарынан, спорт колледждерiнен және жоғары спорт шеберлiгi мектептерiнен басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 5-жолдың "Ескерту" деген 5-бағаны "Бұл үстемеақы ең жоғарғы көрсеткiш бойынша төленеді." деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
"Ескерту.
Жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тiкелей қамтамасыз еткені және спорттық ойын түрлері бойынша спорт жарыстарының чемпиондары мен жүлдегерлерiн дайындағаны үшін спорттық ойын түрлерi жөніндегі жаттықтырушы-оқытушыларға үстемеақы төлеудің тәртібi мен шарттарын дене шынықтыру және спорт саласындағы орталық атқарушы орган белгiлейдi.";
15) көрсетiлген қаулыға 10-қосымша:
"Қызметкерлер кәсiптерiнiң, лауазымдарының, санаттарының атауы" деген 2-бағандағы реттiк нөмiрi 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қару-жарақты, оқ-дәрiлердi, әскери техниканы жөндеумен, қабылдап алумен, сақтаумен, берумен және күзетудi қамтамасыз етумен;
қару-жарақтарға, оқ-дәрiлерге, әскери техникаға және заттай мүлiктi қоспағанда, әскери мақсаттағы мүлiкке есеп жүргiзумен тiкелей айналысатын қызметкерлерге";
реттiк нөмiрi 5-жолдың "Қосымша ақылар мен үстемеақылардың түрлерi" деген 3-бағанында "әскери техниканы," деген сөздерден кейiн "заттай мүлiктi қоспағанда, әскери мақсаттағы" деген сөздермен толықтырылсын;
16) көрсетiлген қаулыға 12-қосымшада:
реттік нөмiрi 1-жолдың "Ескерту" деген 5-бағанындағы "материалдық-техникалық жабдықтау және өткізу қызметкерлерi, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және күзет" деген сөздер алынып тасталсын;
реттiк нөмiрi 4-жолдың "Қызметкерлер кәсiптерiнiң, лауазымдарының, санаттарының атауы" деген 2-бағанында "тергеу изоляторларының," деген сөздерден кейiн "уақытша ұстау изоляторларының" деген сөздермен толықтырылсын;
17) көрсетiлген қаулыға 13-қосымшада:
реттік нөмiрi 2-жолда:
"Қосымша ақылар мен үстемеақылардың түрлерi" деген 3-баған "төтенше" деген сөздiң алдынан "Құтқару және шұғыл жұмыстарды жүзеге асыру кезеңіндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
"Лауазымдық жалақыдан қосымша ақылар және үстемеақылардың мөлшерi" деген 4-баған "кезекшiлiктiң" деген сөздің алдынан "Күту және тұрақты дайын болу режиміндегі" деген сөздермен толықтырылсын;
peттік нөмiрi 1-жолдағы 1) тармақшаның "Ескерту" деген 5-бағаны "Лауазымдардың нақты тiзбесi бойынша көрсетiлген үстемеақыны төлеудің тәртібі мен шарттарын төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы орталық атқарушы орган белгiлейдi" деген сөздермен толықтырылсын;
18) көрсетiлген қаулыға 15-қосымшада:
"Қызметкерлер кәсіптерінің, лауазымдарының, санаттарының атауы деген 2-бағанда реттiк нөмiрi 2-жолдың бiрiншi абзацындағы "пайыздық үстемеақы төленедi" деген сөздер алынып тасталсын;
19) көрсетiлген қаулыға 17-қосымшада:
тақырыбы "Статистика" деген сөзден кейiн ", геологиялық ақпарат, ақпаратты техникалық қорғау" деген сөздермен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 1-жолдың "Қызметкерлер кәсiптерiнiң, лауазымдарының, санаттарының атауы" деген 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "Статистика жүйесi мемлекеттік мекемелерінің, "Казгеоақпарат" республикалық геологиялық ақпарат орталығы" мемлекеттік мекемесiнiң қызметкерлерiне";
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 2-жолмен толықтырылсын:
"2 "Ақпаратты техникалық Ерекше Лауазымдардың
қорғау орталығы" еңбек нақты тiзбесi
мемлекеттік мекеме- жағдай- бойынша төлеудiң
сiнiң мемлекеттік және лары 15% тәpтібімен
қызметтік құпиясы бар үшiн шарттарын
құпия және аса құпия қосымша уәкілетті орган
құжаттармен тұрақты ақы белгілейдi";
жұмыс iстейтін
мамандарына
20) көрсетiлген қаулыға 20-қосымшада:
"белгілеген лауазымдық жалақыны" деген сөздерден кейiн "және сағат бойынша ақы төлеу коэффициенттерiнiң тиiстi мөлшерлерiн" деген сөздермен толықтырылсын;
жиырма үшiншi абзац алынып тасталсын;
21) көрсетiлген қаулыға 21-қосымшада:
1-тармақта:
5) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жүктілігi және босануы бойынша демалыс, сондай-ақ заңнамаға сәйкес берiлген, баланы күту жөніндегі жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс уақыты;
7) Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкілдi органдары депутаттарының өкiлеттіктерiн тұрақты негiзде жүзеге асырған;";
2-тармақтағы "Осы Тәртiпке" деген сөздер "Осы Ережеге" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) көрсетiлген қаулыға 22-қосымшада:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар жұмысшыларының Жұмыстар мен жұмысшылар кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-біліктілік анықтамалығы шығарылымдарында жоқ жекелеген кәсiптерiн тарифтеу (барлық қызмет салалары үшiн ортақ)";
"Жұмысшы кәсiбiнiң атауы" деген бағанда:
реттік нөмiрi 23-жол "(-құтқарушы)" деген сөзбен толықтырылсын;
реттiк нөмiрi 34-жол "Жануарларды" деген сөзден кейiн "оның iшiнде жануарлардың кез келген күрделi және ерекше қауiптi топтарын" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмiрi 36-жол "Санитар" деген сөзден кейiн "әйел санитар (-жуушы)" деген сөздермен толықтырылсын;
реттік нөмiрi 45-жол "(вахтер)" деген сөзбен толықтырылсын;
"Бiлiктілік разряды" деген бағанда:
реттiк нөмiрi 6-жолдағы "3" деген сан "3 - 5" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 34-жолдағы "4" деген сан "2 - 6" деген сандармен ауыстырылсын;
реттiк нөмiрi 38-жолдағы "4" деген сан "5" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 51, 52, 53, 54, 55, 56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 68, 69, 70-жолдармен толықтырылсын:
"51. Жағалау боцманы 2-3
52. Жағалау матросы 1-2
53. Таразышы 1
54. Киім iлушi 1
55. Суару-жуу машиналарына май құюшы 2
56. Орман iсiн жүргiзушi 2-6
57. Кеме жүргiзу жағдайының жөндеушісі 3-4
58. Гидрометеорологиялық бекеттi 5-7
байқаушы
59. Арна зерттеу партиясының дала (жол) 1-4
жұмысшысы
60. Еден сүртуші 2-3
61. Кеме жүргізу жағдайының бекеттегi 2-4