ҚР Үкіметінің 2015.27.11. № 957 Қаулысымен 16-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына 16-қосымша
Ауыл шаруашылығы, орман, балық және аң аулау шаруашылығы саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар
Р/с № | Қосымша ақылар мен үстемеақылардың атауы | Қосымша ақылар мен үстемеақылардың түрлері | Қосымша ақылар мен үстемеақылардың мөлшерлері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | | Ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы | | |
| Мекемені дамытуға бағытталған жұмыстары, тәжірибеде озық әдістерді пайдаланғаны үшін, жұмыстағы жоғары жетістіктері, аса маңызды немесе шұғыл жұмыстарды орындағаны үшін, еңбектегі күрделілік және қауырттылық үшін | | БЛЖ-ның 50%-ынан аспайды | Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және шарттармен |
2. | | Ауыр (ерекше ауыр) қол еңбегі жұмыстарымен және еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қосымша ақы | | 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және еңбек жөніндегі мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген еңбек жағдайлары зиянды өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізімі (тізбесі) негізінде |
1) | Қауіпті және аса қауіпті індеттердің қоздырғыштары және оларды жұқтыруы мүмкін және жұқтыру әлеуеті бар материалдармен (жануарлар мен құстардың, кене, шыбын-шіркей, балпақ сарышұнақ тышқандар мен тышқан тектес кеміргіштердің аса қауіпті індеттерінің қоздырғыштарын жұқтырған патологиялық материалдармен байланысы) жұмыс істегені үшін | | БЛЖ-дан 140 % | Жұмысты нақты орындауына қарай |
2) | Улармен және улы химикаттармен тікелей жұмыс істегені, улармен және улы химикаттармен өңделген, карантинге жатқызылған ішкі және импорттық өнімді тексеріп қарағаны, сараптама жүргізгені, тексергені үшін | БЛЖ-дан 60 % | |
3) | Химиялық-токсикологиялық және радиологиялық зерттеулерді: сынамаларды іріктеу және жануарлардың қырылуын анықтау бойынша патологиялық материалдарға зертханалық зерттеу жүргізгені, жоғары сапалы улар, радионуклидтер және химиялық заттар (қышқылдар, сілтілер, прекурсорлар), зерттеу кезінде олармен жанасқаны және жұмыс істегені үшін | БЛЖ-дан 60 % | |
4) | Орман өрттерін, оның ішінде арнайы құрал-жарақтарды қолдана отырып сөндіруге қатысқаны үшін, тікұшақ техникасы арқылы десант түсіру, сондай-ақ орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жүргізу жұмыстары үшін | | Әр сағат үшін сағаттық мөлшерлеменің 100% | |
ҚР Үкіметінің 2015.27.11. № 957 Қаулысымен 17-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына 17-қосымша
Геологиялық ақпарат статистикасы, ақпаратты техникалық қорғау, ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандарды даярлау және
біліктілігін арттыру жүйесінің азаматтық қызметшілеріне, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарының қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар
Р/с № | Қосымша ақылар мен үстемеақылардың атауы | Қосымша ақылар мен үстемеақылардың түрлері | Қосымша ақылар мен үстемеақылардың мөлшерлері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | | Кәсіби шеберлігі үшін үстемеақы | | |
| Геологиялық ақпарат статистикасы жүйесі мемлекеттік мекемелерінің, «Қазгеоақпарат» республикалық геологиялық ақпарат орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне | | БЛЖ-ның 60%-нан аспайды | Уәкілетті орган белгілеген тәртіппен |
2. | | Ерекше еңбек жағдайлары үшін қосымша ақы | | |
| «Ақпаратты техникалық қорғау орталығы», «Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік және қызметтік құпияны қамтитын құпия және өте құпия құжаттармен тұрақты жұмыс істейтін мамандарға | | БЛЖ-дан 25% | Лауазымдардың нақты тізбесі бойынша төлеу тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган белгілейді |
ҚР Үкіметінің 2010.22.01 № 19 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.30.12. № 1401 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 18-қосымша өзгертілді; 2015.27.11. № 957 Қаулысымен 18-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына 18-қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық
стратегиялық зерттеулер институты, Қазақстан Республикасы Заңнама институтының қызметкерлеріне
еңбек жағдайлары үшін үстемеақылар
Р/с № | Үстемеақылардың атауы | Үстемеақылардың түрлері | Үстемеақылардың мөлшерлері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Қазақстан Республикасы Заңнама институтының ғылыми қызметкерлеріне | Құқық саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізгені үшін үстемеақы | ЛЖ-дан 100% | Мекеме басшысы белгілеген тәртіппен және шарттармен |
2 | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметшілеріне | Ғылыми зерттеулердің және ел басшыларына ұсынылатын есеп беру материалдарының жоғары сапасы үшін үстемеақы | ЛЖ-дан 100% | Мекеме басшысы белгілеген тәртіппен және шарттармен |
ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 190 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2011.30.09. № 1122 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2014.27.03. № 269 Қаулысымен (2014 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 19-қосымша өзгертілді; 2015.27.11. № 957 Қаулысымен 19-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына 19-қосымша
Азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін бірыңғай қосымша ақылар мен үстемеақылар
Р/с№ | Қосымша ақылар мен үстемеақылардың атауы | Қосымша ақылар менүстемеақылардың түрлері | Қосымша ақылар мен үстемеақылардың мөлшерлері | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| | Ауылдық жердегі жұмысы үшін арттыру | | |
1) | Ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмi бойынша арттырылған айлықақылар (тарифтiк мөлшерлемелер) белгiленедi | | 25 %-дан кем емес | 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес |
2) | Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және ауылдық елді мекендерде орналасқан мекемелерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға арттырылған айлықақылар (тарифтiк мөлшерлемелер) белгiленедi. | | 25 %-дан кем емес | 2007 жылы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес |
2. | Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне кешкі сағат 22-ден таңғы сағат 6-ға дейін әр сағаты үшін | Түнгі уақыттағы жұмысы үшін қосымша ақы | Сағаттық мөлшерлемеден 50% | 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес |
3. | Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне мереке немесе демалыс күндерінің әр сағаты үшін | Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысы үшін қосымша ақы | Сағаттық мөлшерлемеден 100% | 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес |
4. | Мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне мерзімнен тыс жұмыстың әр сағаты үшін | Мерзімнен тыс жұмыс істегені үшін қосымша ақы | Сағаттық мөлшерлемеден 50% | 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес |
5. | Мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың негізгі лауазымы (мамандығы) бойынша жұмыс уақытының шегінде қосымша жұмыс орындайтын қызметкерлеріне | Лауазымдарды қоса атқарғаны (қызметтер көрсету аймағының кеңейгені) үшін қосымша ақы | ЛЖ-дан 50 % | 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Көрсетілген қосымша ақылар мемлекеттік мекемелердің, қазыналық кәсіпорындардың басшыларына және олардың орынбасарларына қолданылмайды |
6. | Мемлекеттік мекемелердің және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне | Уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындағаны үшін қосымша ақы | Нақты көлеміне қарай | 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес |
7. | Экологиялық апат аймақтарында, оның ішінде: экологиялық апат экологиялық дағдарыс экологиялық дағдарыс алдындағы жағдайдағы аймақтарда тұратын және еңбек қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне | Экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін қосымша ақы | ЛЖ-дан 50 % | 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Арал өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес |
ЛЖ-дан 30 % |
ЛЖ-дан 20 % |
8. | Радиациялық қатер аймақтарында, оның ішінде: төтенше радиациялық қатер ең көп радиациялық қатер жоғарғы радиациялық қатер ең аз радиациялық қатер жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аймақтарда тұратын және еңбек қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне | Радиациялық қатер аумағында жұмыс істегені үшін қосымша ақы | 2 АЕК* | 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес. Көрсетілген қосымша ақы жеңiлдiктер мен өтемақыларға құқықты растайтын құжат (куәлік) болған жағдайда беріледі |
1,75 АЕК* |
1,5 АЕК* |
1,25 АЕК* |
1 АЕК* |
9. | | Ауыр (ерекше ауыр) қол еңбегі жұмыстарымен және еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қосымша ақы | | 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен Еңбек жағдайлары зиянды кәсіптер және қызметтер өндірістерінің, цехтарының тізімі (тізбесі) негізінде |
1) | Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметшілері мен жұмысшыларына | | БЛЖ-дан 30% | |
2) | Тазалаушыларға: дезинфекциялық құралдарды пайдаланатын өндірістік және қызметтік үй-жайларды; дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, дәретханаларды жинаған кезде | | БЛЖ-дан 20% | |
БЛЖ-дан 30% |
10. | | Сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы | | |
| «1-сыныпты жүргізуші» (В, С, Д, Е санаттары болғанда) «2-сыныпты жүргізуші» (В, С, Е немесе В, С, Д немесе Д (Д және Е) санаттары болғанда) сыныптық біліктілігі бар жүк және жеңіл автомобильдер, автобустар жүргізушілеріне | | БЛЖ-дан 35% | |
БЛЖ-дан 20% |
11. | | Құрметті атағы үшін үстемеақы | | |
| Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының «Халық» деген құрметті атағы бар және республиканың құрметті атақтарына ие болған қызметкерлерге Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының «Еңбек сіңірген» құрметті атағы бар және республиканың құрметті атақтарына ие болған қызметкерлерге | | БЛЖ-дан 50% | «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес |
БЛЖ-дан 30% |
12. | | Ғылыми дәрежесі үшін қосымша ақы | | |
| Ғылым кандидаттарына, философия докторларына (PhD), бейіні бойынша докторларға | | 1 ЕТЖМ** | Көрсетілген қосымша ақы біліктілігі жоғары ғылыми кадрларды аттестаттау жөніндегі уәкілетті орган берген тиісті дипломы болған кезде белгіленеді және негізгі жұмыс орны бойынша төленеді |
Ғылым докторларына | 2 ЕТЖМ** |
13. | Персоналдың жұмысын ұйымдастырғаны үшін | «Аға» мәртебесі үшін қосымша ақы | БЛЖ-дан 25% | |
14. | Ұйымның негізгі персоналына | Бөлімшені (кабинет) меңгергені үшін қосымша ақы | БЛЖ-дан 50% | |
15. | Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне | Ерекше еңбек жағдайлары үшін үстемеақы | ЛЖ-дан 10% | |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
* АЕК - заңнамалық актілерде белгіленген айлық есептік көрсеткіш.
**ЕТЖМ - заңнамада белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшері.
ҚР Үкіметінің 2015.27.11. № 957 Қаулысымен 20-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына 20-қосымша
Мемлекеттік мекемелерде оқу сабақтарын өткізуге тартылған қызметкерлердің еңбегіне сағат бойынша ақы төлеу
Оқитындар контингенті | Сағат бойынша ақы төлеу мөлшері* |
Профессор, ғылым докторы | Доцент, ғылым кандидаты | Ғылыми дәрежесі жоқ адамдар |
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының оқушылары және оқушы- лардың осыған ұқсас басқа да санаттары, техникалық және кәсіп- тік, орта білімнен кейінгі білімді талап ететін лауазымға ие қызметкерлер, жұмысшы- лар, курс тыңдаушылары; студенттер; аспиранттар, басшы қызметкерлер мен маман- дардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу орындарының тыңдаушыла- ры, дәрігерлердің консультация өткізулері | 0,09*** 0,10**** 0,12***** | 0,08*** 0,09**** 0,10***** | 0,07*** 0,08**** 0,09***** |
Қызметкерлер санаты | Сағат бойынша төленетін ақының мөлшері* |
Оқу сабақтарын жүргізуге қатысатын, пластикалық кейіп- терді көрсететіндердің еңбегі- не сағат бойынша ақы төлеу ставкасы мынадай мөлшерде белгіленеді: киімсіз немесе күрделі кейіпте кейіп көрсеткені үшін киім киіп тұрып кейіп көрсет- кені үшін | 0,04 0,03 |
Қызметкерлер санаты | Сағат бойынша төленетін ақының мөлшері |
Оқу сабақтарын өткізуге қаты- сатын оқу-қосалқы қызметкер қатарындағы адамдарға сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы ғылыми дәрежесі жоқ адамдарға көзделген сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасының 50-пайызы мөлшерінде белгіленеді | 50% |
Қызметкерлер санаты | Сағат бойынша төленетін ақының мөлшері** |
Ғылыми дәрежесі мен атағының болуына қарамастан, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыз- дандыру мекемелерінің консуль- танттарына Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшелеріне және корреспондент мүшелеріне | 3 % 25% |
Ескертпе: Ұзақтығы бір сағаттан кем болмайтын біржолғы консультация беруге бір сағат ретінде ақы төленеді. Сағат бойынша еңбек ақы төлеу ғылым докторының немесе кандидатының ғылыми дәрежесі үшін берілетін қосымша ақыны ескереді. Жоғары білімі бар жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) қызметкерлері негізгі лауазымы бойынша жұмыс күнінен тыс ЖОО ректорының рұқсатымен сол оқу орнында көлемі жылына 225 сағаттан аспайтын көлемде, сағат бойынша еңбекақы төлеу шарттарында педагогикалық жұмыспен шұғылдана алады. «Халық» деген құрметті атағы бар адамдарға сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы профессорлар, ғылым докторлары үшін көзделген мөлшерде, ал «Еңбек сіңірген» құрметті атағы бар адамдарға доценттер, ғылым кандитаттары үшін көзделген мөлшерде белгіленеді. Конкурстар мен байқаулардың әділқазылар алқасының мүшелеріне, сондай-ақ конкурстық жұмыс рецензенттеріне еңбек ақы төлеу студенттермен оқу сабақтарын жүргізетін адамдарға көзделген сағат бойынша еңбек ақы төлеу ставкасы бойынша жүргізіледі.
* Сағат бойынша ақы төлеу ставкасы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген базалық лауазымдық жалақыны және сағат бойынша ақы төлеу коэффициенттерінің тиісті мөлшерін ескере отырып анықталады
** Сағат бойынша ақы төлеу ставкасы лауазымдық жалақысынан пайызбен белгіленеді.
*** Сағат бойынша ақы төлеу ставкасы: жоғары оқу орнына түсуге даярлау, секциялық және жаттықтырушы жұмыстары бойынша курстардың оқытушыларына еңбек ақы төлеу үшін; тілдерді үйрену жөніндегі курстардың оқытушыларының еңбегіне ақы төлеу үшін; университеттердің, педагогикалық, инженер-педагогикалық институттардың (факультеттердің) студенттері педагогикалық практика өтетін оқу-тәрбие мекемелері қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу үшін қолданылуы мүмкін.
**** Сағат бойынша ақы төлеу ставкасы: басқа жоғары оқу орындарынан тартылатын емтихан комиссиясының төрағалары мен мүшелеріне, сондай-ақ өндірістерден тартылатын мамандардың еңбегіне ақы төлеу үшін; егер студенттерге өздері берген пәндер бойынша мемлекеттік емтихан қабылдайтын немесе дипломдық жоба жетекшісі бола отырып дипломдық жобаны қорғауды қабылдайтын жағдайларда, Мемлекеттік емтихан комиссиясына қатысқаны үшін ректорлар мен проректорлардың еңбегіне ақы төлеу; сағат бойынша жұмыс істейтін оқытушылар өнер және мәдениет жоғары оқу орындарында арнайы пәндер бойынша жеке сабақтарды жүргізу кезінде; медбикелерді даярлау үшін азаматтық қорғаныс кафедрасына шақырылған медицина қызметкерлерін, қоғамдық кәсіптер факультеттеріне оқытушылық жұмыстарға тартылған адамдарға еңбек ақы төлеу үшін; оқуға түсу емтихандарын қабылдау кезінде; шет тілін жедел меңгеру жөніндегі курстардың тыңдаушыларымен, магистранттармен сабақ жүргізу кезінде; басқа жоғары оқу орындарынан тартылатын оқытушыларға студенттердің далалық және педагогикалық практикасына жетекшілік жасағаны үшін қолданылуы мүмкін;
***** Сағат бойынша ақы төлеу ставкалары, сондай-ақ: мекемелер экономикалық және құқықтық мәселелер бойынша ақылы қызметтер көрсету үшін тартатын жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы мен мамандардың еңбегіне ақы төлеу үшін; диссертациялық зерттеулердің консультанттары ретінде тартылатын басқа ұйымдардың жетекші ғалымдары мен мамандарының еңбегіне ақы төлеу үшін (бір докторантқа жылына 50 сағат); басшы қызметкерлердің және мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстардың тыңдаушыларымен сабақ (лекция) өткізгені үшін ақы төлеу; халықаралық олимпиадалардың қатысушыларымен сабақтар (лекция) өткізгені үшін еңбек ақы төлеу үшін қолданылуы мүмкін
ҚР Үкіметінің 2015.27.11. № 957 Қаулысымен 21-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына
21-қосымша
Техникалық қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін
және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлер үшін мамандығы бойынша
жұмыс өтілін есептеу қағидалары
Техникалық қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі белгілі бір функционалдық блокқа, звеноға және сатыға жататын атқаратын лауазымына сәйкес олардың лауазымдық жалақысын айқындау мақсатымен есептеледі.
1. Лауазымдық жалақы алуға құқық беретiн мамандық бойынша жұмыс өтіліне мемлекеттiк органдарда iстеген барлық жұмыс уақыты кiредi, сондай-ақ:
1) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, офицерлiк құрамдағы адамдардың, прапорщиктердiң, мичмандардың, Қарулы Күштердегi мерзiмсiз қызметтегi әскери қызметшiлердiң, iшкi, шекара әскерлерiнде, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының азаматтық қорғаныс басқару органдары мен бөлiмшелерiнде, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiнде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнде, Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметінде және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланында, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында және әскери-тергеу органдарында мiндеттi әскери қызметiн өткерген;
1-1) терiс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген;
2) теріс себептермен қызметтен шығарылған адамдардан басқа, басшы құрамдағы адамдардың ішкі істер органдары жүйесіндегі, қылмыстық-атқару қызметі, мемлекеттік өртке қарсы қызмет жүйесіндегі қызметте, прокуратура органдарындағы қызметте, Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының сот аппараттарында, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетінде жұмыс істеген;
3) Қазақстан Республикасы мен бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының соттарында, прокуратура органдарында, ішкі істер органдарында, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік комитеті органдарында, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінде еңбек сіңірген жылдарына үстемеақы алу құқығын беретін лауазымдарда жұмыс істеген;
4) Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекеттік банкі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жүйесінде жұмыс істеген;
5) жүктілігі және босануы бойынша демалысы, сондай-ақ заңнамаға сәйкес берілген бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты;
6) егер шетелге жіберер алдында қызметкер мемлекеттік органдарда жұмыс істеген болса және көшу уақытын қоспағанда, шетелден қайтып келген күнінен бастап екі айдың ішінде мемлекеттік органға қызметке тұрса, шетелде жұмыс істеген;
7) Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдары депутаттарының өкілеттіктерін тұрақты негізде жүзеге асырған;
8) егер қызметкер курсқа түскенге дейін мемлекеттік органда жұмыс істесе және оны бітірген соң мемлекеттік органға қайта оралса, оның кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында мемлекеттік органдар жолдамасымен жұмыстан қол үзіп оқыған;
9) ұйымдарда мемлекеттік органдардағы атқаратын лауазымдары бойынша мамандықтарымен бірдей мамандықтар бойынша лауазымдарда кейінгі жұмыс істеген уақыты кіреді.
2. Осы Қағидаларға сәйкес есептелетін мамандық бойынша жұмыс өтілі күнтізбелік есептеуде ескеріледі.
3. Күнтізбелік ай ішінде лауазымдық жалақысын арттыру құқығы туындаған қызметкерлерге, өтілін ескере отырып лауазымдық жалақысын есептеу осындай құқық туындаған күннен бастап жүзеге асырылады.
4. Мамандығы бойынша жұмыс өтілін еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия айқындайды, оның құрамын тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітеді.
Мамандығы бойынша жұмыс өтілін белгілеу жөніндегі комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді. Шешімнен үзінділер екі данада дайындалады және бір данасы - кадр қызметіне, екіншісі - бухгалтерияға беріледі.
5. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттары мамандығы бойынша жұмыс өтілін айқындауға арналған құжаттар болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2009.05.02 № 111 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2015.27.11. № 957 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 22-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1400 қаулысына 22-қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы азаматтық қызметшілер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлері, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлері лауазымдарының және кәсіптерінің тізбесі мен олардың психоэмоционалдық және дене жүктемесін айқындайтын критерийлер
Р/с № | Қызметкерлер лауазымдарының және кәсіптерінің атауы | Психоэмоционалдық және дене жүктемелерінің критерийлері |
1 | 2 | 3 |
1. | Жұмысы психоэмоционалдық және дене жүктемесінің жоғарғы дәрежесімен ұштасқан хирургия- лық, оның ішінде балалар хирургиясы, бейінді мамандар | Хирургиялық араласудың нәтижесі үшін тұрақты жүйке-эмоциялық күйзеліс, кезекшілікке байланысты қатты шаршау, шұғыл операциялық араласулар,мәжбүрлі жұмыс істеу қалпы, анализатор жүйелерінің шамадан тыс күйзелісі, жылдам шешім қабылдау қажеттігі, көзге көп күш түсу - жоғары дәрежедегі жүктеме |
1) | дәрігерлер: |
кардиохирург |
трансплантолог |
микрохирург |
ангиохирург |
нейрохирург |
2) | орта медициналық персонал: |
| операция медициналық бикесі, хирургия медициналық бикесі |
реаниматология және анестезиология және интенсивті терапия бөлімшесінің анестезиялық медбикесі; |
2. | Хирургиялық және акушер- гинекологиялық, соның ішінде балалар хирургиясы, бейінді мамандар: | 1-тармақтағы өлшемдер, бірақ жүктеме дәрежесі одан төмендеу - орташа дәрежедегі жүктеме |
1) | дәрігерлер: |
| акушер-гинеколог |
| жалпы хирург |
| абдоминальды хирург |
| торакальды хирург |
| ангиохирург |
| нейрохирург |
| анестезиолог-реаниматолог |
| эндокринологиялық хирург |
| уролог |
| проктолог |
| онколог-хирург |
| маммолог |
| травматолог-ортопед (оның ішінде травматология пункттерінің) |
| жақ сүйегі-бет хирургы |
| пластикалық хирург |
| камбустиолог |
| офтальмолог |
| оториноларинголог |
| эндоскопист |
| трансфузиолог |
2) | орта медициналық персонал: | |
| операция медициналық бикесі |
| перзентхана бөлімшесінің акушері |
| реаниматология және анестезиология және интенсивті терапия бөлімшесінің анестезист медициналық бикесі |
| интенсивті терапия палатасының медициналық бикесі |
| травматология пункттерінің медициналық бикесі | |
3. | Амбулаториялық ұйымдардың хирур- гиялық, оның ішінде балалар хирургиясы бейінді мамандары | 1-тармақтағы өлшемдер,бірақ жеңіл дәрежедегі жүктеме |
1) | дәрігерлер: |
| хирург |
| уролог |
| онколог-хирург |
| маммолог |
| травматолог-ортопед |
| офтальмолог |
| оториноларинголог |
| стоматолог-хирург |
| акушер-гинеколог |
2) | орта медициналық персонал: |
| хирургиялық бейінді медбике; |
4. | Ауылда орналасқан алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының мамандары: | Зор шыдамдылық таныту және аса зейінді болу, психоэмоциялық күйзеліс - үйдегі науқастармен және оның туысқандарымен қарым-қатынас қиындығы, психикалық ауытқуы бар науқастың әдеттен тыс мінез көрсету қаупінің жоғарылығы, қолайсыз жағдайлардың әсер етуі (үй-жайдан тыс болуға байланысты жұмыс), патогендік инфекциямен үнемі контактіде болу қаупі, шамадан тыс жүктемесі бар жұмыс - 1 дәрежедегі жүктеме |
1) | дәрігерлер: | |
| терапевт (учаскелік) | |
| педиатр (учаскелік) | |
| жалпы практика | |
2) | орта медициналық персонал: | |
| учаскелік медициналық бике | |
| жалпы практика медициналық бикесі | |
| фельдшер | |
| акушер | |
| медициналық бике | |
5. | Қалада орналасқан алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының мамандары: | 4-тармақтағы өлшемдер, бірақ жүктеме дәрежесі одан төмендеу - 2 дәрежедегі жүктеме |
1) | дәрігерлер: | |
| терапевт (учаскелік) | |
| педиатр (учаскелік) | |
| жалпы практикадағы | |
2) | орта медициналық персонал: | |
| учаскелік медициналық бике | |
| жалпы практика медициналық бикесі | |
| Фельдшер | |
| Акушер | |
| медициналық бике | |
6. | Патологоанатомиялық бюролардың (бөлімшелердің), сот-медициналық сараптама орталықтарының мамандары: | Мәйітті союға байланысты жұмыс, патогендік флорамен байланыста болу қаупі, қайтыс болған науқастардың, қаза тапқан және өлтірілген адамдардың туысқандарымен қарым-қатынас жасау кезіндегі психоэмоциялық күйзеліс |
1) | тікелей мәйіттердің сараптамасымен және мәйіт материалдарымен айналысатын сот-медициналық сарапшысы |
2) | тікелей мәйіттерді союмен айналысатын патологоанатом, соның ішінде балалар патологоанатомы |
7. | Жедел медициналық жәрдем станцияларының (бөлімшелерінің) қызметкерлері: | Жоғары жедел қасиеті - диагностика мен емдеуде тез шешім қабылдау, жарақат алудың жоғары қаупі, артық дене жүктемелері, жоғары психоэмоционалдық жүктеме - өмір мен өлім арасында жатқан науқастарға жедел медициналық көмек көрсету жөніндегі жұмыс. |
1) | жедел және шұғыл медициналық жәрдем дәрігері |
2) | жедел медициналық жәрдем станциясының фельдшері |
3) | медициналық бике, медициналық тіркеуші, санитар, жүргізуші |
8 | Терапиялық бейінді мамандар: | |
1) | Дәрігер: | Реанимацияның, қарқынды терапия мен жаңа туған нәрестелерге, оның ішінде дене салмағы 500 грамм болатын шала туған нәрестелерге күтім жасау нәтижесі үшін тұрақты жүйке-эмоциялық күйзеліс, кезекшілікке және шұғыл шақыртуларға байланысты қатты шаршау, арнайы жабдықтармен тұрақты жұмыс істеу (өкпені жасанды желдету аппараттары, кювездер, реанимациялық үстелдер) |
неонатолог |
2) | орта медицина персоналы: |
жаңа туған нәрестелер физиологиясы және патологиясы бөлімшелерінің жаңа туған нәрестелерге күтім жасауды жүзеге асыратын медициналық бикесі |
шала туған нәрестелерге күтім жасау бөлімшелерінің жаңа туған нәрестелерге күтім жасауды жүзеге асыратын медициналық бикесі |
3) | дәрігер: | Адам өліміне жиі әкеп соғатын қатерлі қан ауруларымен ауыратын сырқаттарға химиялық терапия жүргізу нәтижесі үшін тұрақты жүйке-эмоциялық күйзеліс, кезекшілікпен байланысты қатты шаршау, өмірге қауіп төндіретін, дереу шешім қабылдауды талап ететін асқынулардың жоғары пайызы |
химиялық терапияны жүргізумен айналысатын гематолог |
4) | орта медицина персоналы: |
гематологиялық сырқаттарға химиялық терапияны жүзеге асыратын медициналық бикесі |