Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 27 қыркүйектегі № 985 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысымен 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 14-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерi мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзілiмiнде:
F санатының тобы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы".
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |