Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы
№ 41 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1040 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысымен 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389-І Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 14-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
5-тармақтың 1) және 2) тармақшаларындағы "(мемлекеттік білім беру мекемелерінде - еңбекақы төлеуге арналған қолда бар қаражат шегiнде)" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | Д.К. Ахметов |