«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 27 ақпандағы № 131 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысымен 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 14-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлері мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлер лауазымдарының санаттар бойынша тізілімінде:
Ғ санатының тобы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайы»;
«Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер мұражайы»;
«Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы»;
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы».
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |