Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41
қаулысына өзгерiс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 30 шілдедегі № 854 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысымен 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 14-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
"Төтенше жағдайлар жөніндегі органдар жүйесi мемлекеттік мекемелерiнiң қызметкерлерiне еңбек жағдайлары үшiн қосымша ақылар мен үстемеақылар" деген 13-қосымшада:
("Қызметкерлер кәсiптерiнiң, лауазымдарының, санаттарының атауы") деген 2-бағанда реттiк нөмiрi 1-жолдың 1) тармақшасындағы "Болжам" ғылыми-болжау" деген сөздер "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесiнiң, соның iшiнде "Болжам" ғылыми-өндiрiстік" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И.Тасмағамбетов |