Қазақ ұлттық музыка академиясын ашу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң қаулысы 1998 жылғы 31 наурыздағы № 269
(2007.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Дарынды жастардың қатарынан музыка өнерi саласында мамандарды үздiксiз даярлауды одан әрi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақ ұлттық музыка академиясы құрылсын.
2. Қазақ ұлттық музыка академиясының мекен-жайы Ақмола қаласы болады деп белгiленсiн.
3. Ақмола өнер колледжi мен П.И.Чайковский атындағы № 1 музыка мектебi Қазақ ұлттық музыка академиясына қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментi белгiленген тәртiппен П.И.Чайковский атындағы № 1 музыка мектебiнiң ғимараттарын, Ақмола өнер колледжiнiң оқу корпусы мен жатақханасын Қазақ ұлттық музыка академиясына берудi жүзеге асырсын.
ҚР Үкіметінiң 11.01.02 ж. № 41 қаулысымен ; ҚР Үкіметінiң 2007.29.12 № 1400 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1998 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінiң шығыстарында Қазақ ұлттық музыка академиясын қаржыландыруды көздесiн;
1998 жылы музыкалық аспаптар, оқу құралдары мен әдебиеттер, компьютерлiк техника алуға Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігіне 04 «Білім» функционалды тобы бойынша дарынды балаларды мемлекеттік қолдауға көзделген қаражат шегiнде 100 мың АҚШ долларына баламды сомада қаражат бөлсiн.
6. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгi:
белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінiң 1999-2001 жылдары Қазақ ұлттық музыка академиясының Үлкен Концерт залының, 100 орындық қонақүй үлгiсіндегі жатақхананың құрылысы, оқу корпустары мен студенттiк жатақханаларды қата жаңарту және күрделi жөндеуден өткізу жөніндегі ұсыныстарды қарасын;
студенттердi оқыту, оқытушылардың тағлымдамасы мен олардың біліктiлiгiн арттыру, музыка өнерi саласында халықаралық конкурстарға қатысуын қаржыландыру үшiн техникалық көмектi тартудың мүмкiндiгiн қарасын.
7. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі:
Қазақ ұлттық музыка академиясының профессор-оқытушылар құрамының санын белгiлеген кезде бейiндiк мамандықтар бойынша 3,5 студентке 1 оқытушы және 5 оқушыға 1 оқытушы есебіндегі нормативтi басшылыққа алсын;
Қазақ ұлттық музыка академиясының құрылымын, мамандықтарының тiзбесiн және штат санын белгiлеп, оны материалдық-техникалық жағынан жарақтауға және кадр әлеуетiн күшейтуге көмек көрсетсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi