Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2005 жылғы 2 ақпандағы № 88 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 ж. 29 желтоқсандағы № 1400 Қаулысымен 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерiне және қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 2-3, 14-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн:
1) 3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгi қызметкерлерiне еңбекақы төлеу қоры шетелдiк валютадағы лауазымдық жалақылары негiзге алына отырып белгiленедi;";
2) көрсетiлген қаулымен бекiтілген Мемлекеттік мекемелердiң мемлекеттік қызметшi емес қызметкерлерi мен қазыналық кәсiпорындар қызметкерлерi лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмiнде:
F санатының тобы мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры;
M. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры;
F. Мүсiрепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры;
H. Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспiрiмдер театры;
Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы;
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрi;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры.";
G-14 санатының бiрiншi абзацында мемлекеттік тiлдегi мәтiндегi "Біліктілiгi орташа деңгейдегi санаты жоқ маман" деген сөздер "Бiлiктілiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ аға маман" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекiтілген "Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар жұмысшыларының лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеуге арналған коэффициенттер" деген 3-қосымшада:
"Коэффициенттер" деген бағанда:
"1,07" деген сандар "1,09" деген сандармен ауыстырылсын;
"1,00" деген сандар "1,07" деген сандармен ауыстырылсын;
4) көрсетiлген қаулымен бекітілген "Мемлекеттік білiм беру мекемелерiнiң және қазыналық кәсiпорындарының қызметкерлерiне еңбек жағдайлары үшiн қосымша ақылар" деген 4-қосымшада:
ескертудiң 3-тармағында:
мемлекеттік тiлдeгі мәтiнде "үстемеақылар балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң" деген сөздерден кейiн "бейiндiк мақсаттағы пәндер бойынша педагог қызметкерлерiне" деген сөздермен толықтырылсын;
мемлекеттік тілдегi мәтiнде "басшылары мен педагог қызметкерлерiне" деген сөздер "бейiндiк мақсаттағы пәндер бойынша педагог қызметкерлерiне" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | Д. Ахметов |