Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтыру енгізу және кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 434 Қаулысы
(2017.31.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгiзiлсiн:
1) «Республикалық бюджеттен берілген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзілсiн:
Аушарипов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Виталий Серикович министрлігінiң Қазынашылық комитетi
кредит беру басқармасының бастығы,
хатшы
Сыздықов - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң
Тито Уахапұлы Мәжілiсi Қаржы және бюджет комитетiнiң
мүшесi (келісім бойынша)
Кравченко - Қазақстан Республикасының Индустрия
Иван Михайлович және сауда бiрiншi вице-министрi
Исақов - Қазақстан Республикасы Президентi
Нұржан Әзiмханұлы Әкiмшілiгiнiң құқық қорғау және сот
жүйесi мәселелерi бөлiмiнiң бас
инспекторы (келісім бойынша)
Рахымов - »Қазақстанның Даму Банкi»
Сейiтқали Сайлаубайұлы акционерлік қоғамының вице-президентi
(келісім бойынша)
Кәрiмов - »Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры»
Ержан Балықбайұлы акционерлік қоғамының басқармасы
төрағасының орынбасары (келісім
бойынша)
«Беркiнбаев Сабыржан Омарханұлы - «Медетшi қор» жабық акционерлік қоғамы президентінің мiндетiн атқарушы (келісім бойынша)»деген жолдағы «жабық акционерлік қоғамы президентінің мiндетiн атқарушы» деген сөздер «акционерлік қоғамының президентi» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Аманбаев Мұрат Ермұханұлы - Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігi төрағасының орынбасары» деген жолдағы «Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттігi төрағасының орынбасары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген құрамнан: Мамин Асқар Ұзақбайұлы, Весенин Виктор Николаевич, Ыбырайымов Рүстембек Қуатәлiұлы, Свечников Вячеслав Иванович, Сәпиев Еркебұлан Оңалбекұлы, Сембин Асқар Болатұлы шығарылсын;
көрсетілген қаулымен бекiтілген Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздар шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайта құрылымдау мәселесiн енгізу үшiн Комиссия отырысының күн тәртібіне қарыз алушы Комиссияның жұмыс органына мынадай құжаттарды ұсынады:
бизнес-жоспар;
сенiм білдiрілген өкiлдiң (агенттің) қорытындысы;
құзыретiне бизнес-жоспарда көрсетілген мәселелер кiретiн мемлекеттік органның қорытындысы»;
2) ҚР Үкіметінің 2017.31.08. № 520 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 6 мамырдағы
№ 434 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір
күші жойылған шешімдерiнiң тiзбесi
1. «1998 жылға арналған республикалық бюджеттi (шығыс бөлiгiн) қалыптастыру жөніндегі арнаулы комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 12 маусымдағы № 961 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., № 26, 237-238-құжаттар).
2. «Кредиторлық берешектi өтеудi ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 18, 197-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 маусымдағы № 804 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 28, 265-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 шiлдедегi № 1047 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 38, 325-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 23 қыркүйектегi № 1448 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 48, 444-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1999 жылғы 12 қазандағы № 1548 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 49, 468-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 қазандағы № 1593 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 49, 476-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 13 маусымдағы № 569 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 қарашадағы № 1750 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 51, 501-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 6 желтоқсандағы № 1867 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 53, 529-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң жобасын әзiрлеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 қаңтардағы № 52 қаулысы.
11. «Кредиторлық берешектi өтеудi ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 1 наурыздағы № 337 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., № 11-12, 124-құжат).
12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 1 наурыздағы № 337 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 21 наурыздағы № 430 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 16, 166-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 сәуірдегі № 591 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
14. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 қаңтардағы № 52 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 маусымдағы № 913 қаулысы.
15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 1 наурыздағы № 337 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 27 шiлдедегі № 1134 қаулысы Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 31, 385-құжат).
16. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 қаңтардағы № 52 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 93 қаулысы.
17. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 қаңтардағы № 52 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 509 қаулысы.
18. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы темір жол өткізу пункттерінде бiрыңғай бақылау-өткізу пункттерiн жайластыру және дамыту бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 қарашадағы № 1118 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 43, 457-құжат).
19. «Қазақстан Республикасының қаржы жүйесiн реформалау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 7 маусымдағы № 630 қаулысы.
20. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 7 маусымдағы № 630 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 20 тамыздағы № 872 қаулысы.