Қазақстан Республикасының қаржы жүйесiн реформалау жөніндегі
ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2004 жылғы 7 маусымдағы № 630 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 20.08.04 ж. № 872
қаулысымен енгізілгені өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 434 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесiн реформалау жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 20.08.04 ж. № 872 қаулысымен 1-тармақ өзгерді
1. Мынадай құрамда Қазақстан Республикасының қаржы жүйесiн реформалау жөнiндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын:
Ахметов - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,
Даниал Кенжетайұлы төраға
Дунаев - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi,
Арман Ғалиасқарұлы төрағаның орынбасары
Жәмiшев - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын
Болат Бидахметұлы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі агенттiгiнiң төрағасы, төрағаның
орынбасары (келісім бойынша)
Өзбеков - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ғани Нұрмұхамедұлы вице-министрi, хатшы
Орынбаев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ербол Тұрмаханұлы Әкiмшiлiгі басшысының орынбасары -
экономикалық саясат басқармасының
бастығы (келісім бойынша)
Марченко
Григорий Александрович - Қазақстан Республикасы Президентінің
көмекшiсi (келісім бойынша)
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының Экономика
Қайрат Нематұлы және бюджеттік жоспарлау министрi
Сәйденов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Әнуар Ғалимоллаұлы Төрағасы (келісім бойынша)
Асанов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Жақып Қажманұлы вице-министрi
Ысқақов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Марлен Нұрахметұлы министрлігі Салық комитетiнiң төрағасы
2. Комиссия 2004 жылғы 1 қыркүйекке дейiн Қазақстан Республикасының қаржы жүйесiн реформалау жөнiндегі ұсыныстарды әзiрлесiн және Үкіметке енгiзсiн.
3. Комиссияға қажет болған кезде Комиссияның қызметіне қатысу үшiн Қазақстан Республикасы мүдделi мемлекеттік органдарының мамандарын тарту құқығы берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып белгіленсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | | | | | | Д. Ахметов |