Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 17 сәуірдегі № 591 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 2005.06.05. № 434 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы № 220 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарындағы:
реттік нөмірі 12-жол алынып тасталсын;
реттік нөмірі 17-жолдағы "Заң жобасының атауы" бағанындағы "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деген сөздер "Банкроттық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 32-1 мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"32-1. Қазақстан
Республикасының Мемкірісмині, мамыр маусым тамыз
салық кодексі Қаржымині ";
реттік нөмірі 52-жолдағы "Заң жобасының атауы; бағанындағы "қызметтерін" деген сөз "полициялар" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) ҚР Үкіметінің 2005.06.05. № 434 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3) ҚР Үкіметінің 2000.08.17. № 1269 қаулысымен алып тасталды
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі