“1998 жылға арналған республикалық бюджеттi (шығыс бөлiгiн) қалыптастыру
жөніндегі арнаулы комиссия құру туралы” Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 12 маусымдағы N 961 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 434 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. 1998 жылға арналған республикалық бюджеттi (шығыс бөлiгiн) қалыптастыру жөніндегі арнаулы комиссия мына құрамда құрылсын:
Мұқашев Ж.Ж. - Қазақстан Республикасының Қаржы
вице-министрi, Комиссия төрағасы
Ертiлесова Ж.Ж. - Қазақстан Республикасының Қаржы
вице-министрi, Комиссия төрағасының
орынбасары
Мыңбаев С.М. - Қазақстан Республикасының Қаржы
вице-министрi
Марченко Г.А. - Қазақстан Республикасының Бағалы
қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының
төрағасы (келісім бойынша)
Өтембаев Е.Ә. - Қазақстан Республикасы Стратегиялық
жоспарлау жөніндегі агенттiгiнiң
төрағасы (келісім бойынша)
Ақанов С.А. - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Дәмитов К.К. - Қазақстан Республикасының Экономика
және сауда вице-министрi
Зейнелғабдин А.Б. - Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігі Бюджеттік департаментiнiң
директоры
Котенко Н.Л. - Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Үкiмет
шешiмдерiн әзiрлеудi үйлестiру
бөлiмiнiң меңгерушiсi
2. 1998 жылға арналған республикалық бюджеттi (шығыс бөлiгiн) қалыптастыру жөніндегі арнаулы комиссия туралы ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).
3. 1998 жылға арналған республикалық бюджеттi (шығыс бөлiгiн) қалыптастыру жөніндегі арнаулы комиссия 1997 жылдың 20 маусымына дейiн Комиссияның жоспар-кестесiн әзiрлеп, бекiтсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1997 жылғы 12 маусымдағы
№ 961 қаулысымен
бекітілген
1998 жылға арналған республикалық бюджеттi (шығыс
бөлiгiн) қалыптастыру жөніндегі арнаулы комиссия туралы
ЕРЕЖЕ
1. 1998 жылға арналған республикалық бюджеттi (шығыс бөлiгiн) қалыптастыру жөніндегі арнаулы комиссия (бұдан әрi - Комиссия) өз қызметiн Конституцияға, заңдарға, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілеріне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асыратын консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия қызметiнiң негiзгi мақсаты қоғамның, мемлекеттiң мүдделерiне және қазiргi заманғы халықаралық стандарттарға жауап беретiн 1998 жылға арналған республикалық бюджеттiң шығыс бөлiгiнiң тиiмдi құрылымын қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады.
3. Комиссияның бiрiншi кезектегi мiндетi мемлекеттік және республикалық бюджеттi қалыптастыру кезiнде Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттік комитеттерi, өзге орталық және жергiлiктi атқарушы органдар өз бюджеттік өтiнiмдерiн әзiрлеу кезiнде ұстануға тиiстi баптар бойынша шығыстардың жоғарғы лимиттерiн айқындау болып табылады.
Комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
1996 және 1997 жылдардағы республикалық бюджеттiң шығыс бөлiгiнiң атқарылуының тиiмдiлiгiне талдау жасау;
1998 жылға арналған мемлекеттік және республикалық бюджеттiң баптары бойынша шығыстардың жоғарғы лимиттерiн айқындаудың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ұсынған әдiстемесiн қарау және бекіту;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі берген ұсыныстардың негiзiнде, кiрiстер болжамын және тапшылықты қаржыландырудың жол берiлетiн деңгейiн есепке ала отырып, 1998 жылға арналған мемлекеттік бюджеттiң iрiлендiрiлген баптары бойынша шығыстардың жоғарғы лимиттерiн қалыптастыру;
Комиссия мүшелерiнiң немесе Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiнiң, мемлекеттік комитеттерiнiң және өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының бағдарламаларды республикалық бюджеттен жергiлiктi бюджеттерге және жергiлiктi бюджеттерден республикалық бюджетке көшiруге қатысты ұсынымдарын қарау;
1998 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердiң iрiлендiрiлген параметрлерiн белгiлеуге қатысу.
4. Комиссияның:
министрлiктерден, мемлекеттік комитеттерден, Үкiметтiң құрамына кiрмейтiн өзге орталық атқарушы органдардан, жергiлiктi басқару органдарынан, басқа да мемлекеттік органдардан өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша қажеттi ақпаратты сұратуға;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне шығыстарды министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, өзге атқарушы органдар бойынша Комиссия белгiлеген шығыстардың жоғарғы лимиттерiнiң шегiнде неғұрлым егжей-тегжейлi әзiрлеуi кезiнде ұсынымдар беруге;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінiң және басқа министрлiктер мен ведомстволардың арасында олардың бюджеттік өтiнiмдерiне өзгерістер енгізу мәселелерi бойынша туындауы мүмкiн кез келген елеулi келiспеушiлiктердi шешуге қатысады;
өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша белгiленген тәртiппен кеңестер шақыруға, басқа шаралар жүргiзуге;
өз қызметiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесiмен, мемлекеттік басқарудың орталық және жергiлiктi органдарымен, ғылыми ұжымдармен, ғалымдармен, мамандармен, тиiстi халықаралық ұйымдармен, өзара бiрлескен iс-қимыл жасауға өкiлеттiгi бар.
5. Комиссияның жұмысы жоспарлы құрылады. Комиссия әзiрлеген материалдар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынылады және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзiлуi мүмкiн.
6. Комиссия шешiмдердi Комиссия мүшелерi жалпы құрамының көпшiлiк даусымен қабылдайды. Шешiмдер хаттамамен ресiмделедi.