Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 7 маусымдағы
№ 630 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 тамыздағы № 872
қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 434 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 7 маусымдағы № 630 "Қазақстан Республикасының Қаржы жүйесiн реформалау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" қаулысына мынадай толықтыру енгізiлсiн:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасының Қаржы жүйесiн реформалау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:
Марченко Григорий Александрович - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшiсi (келісім бойынша) енгізiлсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | | | | Д.К. Ахметов |