Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 қаңтардағы N
52 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 93 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 434 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жобасын әзірлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 қаңтардағы № 52 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жобасын әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Жандосов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ораз Әлиұлы Министрінің орынбасары, жетекші
Құлекеев - Қазақстан Республикасының Экономика
Жақсыбек Әбдірахметұлы және сауда министрі
Бәйменов - Қазақстан Республикасының Еңбек
Әлихан Мұхамедияұлы және халықты әлеуметтік қорғау министрі
Еламанов - Қазақстан Республикасының
Болат Далдайұлы Энергетика және минералдық ресурстар
бірінші вице-министрі
Зверьков - Қазақстан Республикасының Көлік
Вадим Павлович және коммуникациялар вице-министрі;
көрсетілген құрамнан Ержан Әбілхайырұлы Өтембаев, Есберген Әбітайұлы Әбітаев, Серік Ахметжанұлы Аханов, Біржан Мұхаметжанұлы Мәдиев, Николай Владимирович Радостовец шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі