Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13
мамырдағы № 569 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 434 Қаулысымен күші жойылды
"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабына сәйкес кредиторлық берешекті өтеу мақсатында Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабына сәйкес кредиторлық берешекті өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған 1999 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешекті өтеудің тәртібі туралы ереже бекітілсін.
2. Мынадай құрамда Кредиторлық берешекті өтеуге байланысты мәселелерді қарау жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын:
Өтембаев Ержан Әбілхайырұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Жәмішев Болат Бидахметұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Бахмутова Елена Леонидовна - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Бюджет департаментінің директоры
Нұрпейісов Қайрат Айтмұхамбетұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс вице-министрі
Кәрібжанов Қайрат Сәлімұлы - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі
Константинов Анатолий Васильевич - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары (келісім бойынша)
Күлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика министрі
Құзытбаева Ажар Қилымбекқызы - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі
Сейітқұл Қайырбек Сейітқұлұлы - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
Тілеубердин Алтай Абылайұлы - Қазақстан Республикасының Табиғи
монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау
жөніндегі агенттігінің төрағасы
Школьник Владимир Сергеевич - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрі.
Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 12.10.99 ж. № 1548 қаулысымен.
Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 18.11.99 ж. № 1750 қаулысымен.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1999 жылғы "13" мамырдағы
№ 569 қаулысымен
бекітілген
1999 жылға арналған республикалық бюджетке
кредиторлық берешектердi өтеудің тәртібі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже:
республикалық бюджеттен қаржыландырылып келген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1998 жылғы 15 мамырдағы № 217 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1998 жылғы 28 мамырда 517 нөмірмен тіркелген Жылдық, тоқсандық бухгалтерлік есептілік көлемі мен нысандары туралы нұсқаулықпен айқындалған тәртіпте есеп тапсырған және/немесе мемлекеттік мекемелер немесе қазыналық кәсіпорындар болып қайта құрылған бұрынғы бюджеттік ұйымдардың тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілердің алдындағы;
таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдардың тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілердің алдындағы;
несиелер бойынша жергілікті атқарушы органдардың жалақыны және әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге пайдаланылған және жергілікті өкілді органдар бекіткен екінші деңгейдегі банктердің алдындағы кредиторлық берешектерін өтеудің тәртібін реттейді.
Ескерту. Кіріспе алып тасталды, 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.11.99 ж. № 1750 қаулысымен.
2. Өтеу тек 1-тармақта көрсетілген ұйымдарда 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша пайда болған, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі айқындалған тәртіппен олар тапсырған есептілікте көрсетілген кредиторлық берешек бойынша жүргізіледі.
Жоғарыда көрсетілген ұйымдардың кредиторлық берешегі тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) берушілер мен екінші деңгейдегі банктердің негізгі борышты, өсімақыны, және айыппұлдарды қоса есептегенде, есеп айырысу жүргізген сәтте қалыптасқан республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешектері (бұдан әрі - республикалық бюджетке төленетін кредиторлық берешек) есебінен өтеледі, бірақ 1999 жылға арналған республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген сомалардың шегінде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жинақталған осындай берешектің сомасынан аспауы тиіс.
Ескерту. 2-тармақ өзгерді ҚР Үкіметінің 23.10.99 ж. № 1593 қаулысымен; 2-тармақ жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 18.11.99 ж. № 1750 қаулысымен.
3. Республикалық бюджетке төлемдер бойынша кредиторлық берешектi өтеудi:
бюджеттік ұйымдардың, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдардың, екiншi деңгейдегi банктердiң тiкелей тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) берушiлерi;
бюджеттік ұйымдарға, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдарға, екiншi деңгейдегi банктерге тiкелей тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) берушiнiң одан кейiнгi берушiлерiнiң (бұдан әр - Берушiлер) бiрi болып табылатын шаруашылық жүргізушi субъектiлер жүзеге асыруы мүмкiн.
4. Астана қаласындағы берушiлердің республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегiн өтеу Астана қаласының жергiлiктi атқарушы органымен келісім бойынша жүргізiледi.
Астана қаласындағы салық органдарында 1999 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген берушілердің кредиторлық берешектерін өтеу "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің арасында бөлінетін салықтар мен алымдарды қоспағанда, республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша жүргізіледі. Бұл ретте, берешектердің сомасын республикалық бюджеттің кірісіне есептеу Қазақстан Республикасы Президентінің "Астана қаласының арнайы экономикалық аймағын құру туралы 1996 жылғы 9 қазандағы № 3127 Жарлығымен белгіленген нормативтер бойынша бөлместен жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.06.99 ж. № 804 қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасының Yкіметі өзінiң консультативтік-кеңесшi органы ретiнде Кредиторлық берешектi өтеуге байланысты мәселелердi қарау жөнiнде комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрады.
Комиссия:
1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік ұйымдар мен таратылған Жол қорының тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушiлер алдындағы, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттердiң екiншi деңгейдегi банктердің алдындағы несиелер бойынша кредиторлық берешегiн өтеуге байланысты мәселелердi реттеу жөніндегі ұсыныстарды пысықтау;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына жоғарыда көрсетiлген заңды тұлғалардың кредиторлық берешегiн өтеу мәселелерiн реттейтiн актілердің жобасын енгізу мақсатында құрылады.
Комиссияның ұсынысы Комиссияның жиналысқа қатысушы барлық мүшелерi қол қоятын хаттамалармен ресiмделедi.
Комиссияның мәжілісі, егер оған Комиссияның жалпы құрамынан көпшілігі қатысса, өткізілуі мүмкін. Мәжіліске қатысушы Комиссия мүшелерінің кемінде жеті дауысы "иә" болған жағдайда Комиссияның шешімі қабылданады.
Жұмыс пен консультациялар үшін Комиссияның белгіленген тәртіппен консультанттары, сарапшылар мен мемлекеттік органдардың қызметшілерін тартуға құқығы бар.
Ескерту. 5-тармақ өзгерді және толықтырылды ҚР Үкіметінің 23.09.99 ж. № 1448 қаулысымен. 5-тармақ өзгерді ҚР Үкіметінің 18.11.99 ж. № 1750 қаулысымен.
II. Бюджеттік ұйымдардың, таратылған Жол қорынан
қаржыландырылып келген ұйымдардың кредиторлық
берешегiн тiркеудің тәртібі
6. Бюджеттік ұйым, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдар 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша әрбiр тiкелей берушiмен өзiнiң кредиторлық берешектерiн салыстыру актiсiн жасайды. Ұсынылған актiлер бойынша кредиторлық берешектiң жалпы сомасы бюджеттік ұйымдардың, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдардың 1999 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жылдық бухгалтерлiк есебiнде көрсетiлген кредиторлық берешегiнiң сомасынан аспауы тиiс. Кредиторлық берешектi салыстыру актілерінiң түпнұсқалары екi данада бюджеттік ұйымдарға, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдарға, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарына (бұдан әрi - қазынашылықтың аумақтық органдары) ұсынылады.
7. Бюджеттік ұйымдардың, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдардың кредиторлық берешегiнiң салыстыру актiлеріндегі көрсетiлген сомаларының дұрыстығы үшiн жауапкершілік бюджеттік ұйымдардың басшысына, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдардың басшысына жүктеледi.
8. Қазынашылықтың аумақтық органдары салыстыру актілері деректерiнiң негiзiнде әрбiр бюджеттік ұйым, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйым бойынша № 1 нысанда 1998 жылғы 31 желтоқсанға Кредиторлық берешектiң бар екендiгi туралы анықтамалар жасайды. Әрбiр бюджеттік ұйым, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйым бойынша барлық актiлерге жылдық бухгалтерлiк баланстың немесе бастапқы есепке алудың деректерiмен салыстырылғаннан кейiн қазынашылықтың аумақтық органы мен бюджеттік ұйымдардың, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдардың басшылары қол қоятын және мөрлермен бекітілетiн анықтама жасалады.
Таратылған Жол қоры бойынша кредиторлық берешек таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдардың Қазақстан Республикасының Көлiк, коммуникациялар және туризм министрлiгі куәландырған жылдық бухгалтерлiк балансының немесе бастапқы есебiнiң деректерiмен расталады.
Үш данадағы анықтамалар № 2 нысан бойынша нөмiрленуi, жіппен тiгiлуi және мастикалық мөр басылуы тиiс кредиторлық берешектi тiркеу журналында бiр нөмiрмен тiркеледi. Журналдағы парақтардың саны қазынашылықтың аумақтық органы басшысының қолымен расталады. Анықтаманың нөмiрi журналдағы нөмiрдің ретi бойынша қойылады.
Одан басқа, анықтамада салық органдарының анықтамалығы бойынша облыстың екi мәндi салықтық коды, бюджеттік ұйымдардың анықтамалығы бойынша бюджеттік ұйымдардың, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымның жетi мәндi коды, тiкелей берушiнiң реттiк нөмiрi қойылады. Бұл кодтар арнаулы тiркеу кодын (тоғыз мәндi код/ тiкелей берушiнiң реттiк нөмiрi) құрайды.
Ескерту. 8-тармақ өзгерді ҚР Үкіметінің 23.07.99 ж. № 1047 қаулысымен.
9. Кредиторлық берешектiң сомасын растайтын, анықтаманың салыстыру актілерінiң бiр данасында қоса берiлген бiр данасы қазынашылықтың аумақтық органында қалады және әрбiр бюджеттік ұйым, таратылған )Көл қорынан қаржыландырылатын келген ұйым бойынша арнаулы жүргiзiлген iсте сақталады. Қазынашылықтың жауапты атқарушысы бюджеттік ұйымдарға, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдарға екi данада анықтаманы және актілерге кредиторлық берешектiң тiркелгендігін растайтын қазынашылықтың мөртаңбасын алдын ала қойып салыстыру актілерiнiң бiр-бiр данасын қайтарады.
III. Бюджеттік ұйымдардың, таратылған Жол қорынан
қаржыландырылып келген ұйымдардың кредиторлық
берешекті өтеу үшiн құжаттарды дайындауы және ұсынуы
10. Бюджеттік ұйым, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйым тікелей берушiлерден республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша олардың кредиторлық берешегi туралы ақпарат сұратады.
11. Республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша кредиторлық берешегі бар тiкелей беруші тiркелген жерi бойынша аумақтық салық органынан № 8-нысан бойынша негiзгi борышты, өсiмақыны айыппұлдарды көрсете отырып, әрбiр түрi бойынша кредиторлық берешектің бар-жоғы туралы анықтама сұратады және оны бюджеттік ұйымға, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымға жолдайды.
Ескерту. 11-тармақ өзгерді ҚР Үкіметінің 23.10.99 ж. № 1593 қаулысымен.
12. Салық органы берiлген анықтамаларды есепке алудың нөмiрленуi, тiгiлуi және мастикалық мөр басылуы тиiс журналын жүргiзедi. Журналдағы парақордың саны салық органы басшысының қолы қойылып расталады. Анықтамада міндеттi түрде бюджеттік ұйымның, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымның атауы көрсетiле отырып, "Бюджеттік ұйымның, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымның кредиторлық берешектерiн өтеу үшін" деген белгі қойылады.
Астана қаласында 1999 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелген берушілер бойынша салық органы анықтамада міндетті түрде олардың Астана қаласында 1999 жылғы 1 қаңтардан кейін тіркелгендігі туралы белгі қояды.
Егер тiкелей берушінің республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектің бар-жоғы туралы бiр мезгілде бiрнеше бюджеттік ұйым, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдар анықтама сұрататын болса, салық органы әрбiр бюджеттік ұйым, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйым үшiн әр түрлі нөмiрлермен жеке анықтама бередi.
Анықтамада Астана қаласындағы салық органдарында 1999 жылғы 1 қаңтарға дейiн тiркелген берушiлер бойынша негiзгi борыш, өсiмақылар және айыппұлдар көрсетiле және берешектердiң сомасын Қазақстан Республикасы Президентінің "Астана қаласының арнайы экономикалық аймағын құру туралы" 1996 жылғы 9 қазандағы № 3127 Жарлығымен бекітілген Астана қаласының арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде белгiленген 1999 жылға арналған нормативтер бойынша республикалық бюджет пен Астана қаласы бюджетiнiң арасында бөлiне отырып, төлемнiң әрбiр түрi бойынша берешектiң жалпы сомасы көрсетiледi.
Ескерту. 12-тармақ екінші абзацпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 18.06.99 ж. № 804 қаулысымен; 12-тармақ өзгерді және толықтырылды ҚР Үкіметінің 23.07.99 ж. № 1047 қаулысымен.
13. Тiкелей берушiнің республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегi болмаған жағдайда, сондай-ақ егер бюджеттік ұйымдардың, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдардың кредиторлық берешегi тiкелей берушiнің республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешегiнiң сомасынан асатын болса, тiкелей беруші олардың алдында өзiнiң кредиторлық берешегi бар Берушiлерден, сондай-ақ одан кейiнгi Берушiлерден олардың республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегiнiң бар-жоғы туралы ақпарат сұратады. Республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешегі бар Берушiлер тiкелей берушіге осы Ереженiң 12-тармағына сәйкес аумақтық салық органдарының анықтамасын ұсынады.
14. Тiкелей берушi Берушiнiң салық органының анықтамасында көрсетiлген берешегiнің сомасын анықтаманы ұсынған Берушiнiң алдындағы өзiнiң кредиторлық берешегінiң сомасымен және бюджеттік ұйыммен, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйыммен есеп айырысу бойынша дебиторлық берешектің сомасымен салыстырады, Берушiмен тiкелей берушi мен Берушiнiң басшылары қол қойған төрт данада салық органының анықтамасында көрсетiлген сомаға тең, бiрақ бюджеттік ұйымның, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымның берген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшiн кредиторлық берешегiнiң сомасынан аспайтын сомаға кредиторлық берешектi салыстыру актiсiн жасайды. Әрбiр салыстыру актiсi мен салық органдары анықтамаларының екi данасы бюджеттік ұйымға, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымға жолданады.
15. Бюджеттік ұйым, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйым тiкелей берушi мен Берушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарының кредиторлық берешектiң бар-жоғы туралы анықтамаларында көрсетілген сомаларды салыстыру актілерінде көрсетiлген сомалармен және өзiнiң кредиторлық берешегiнiң сомасымен салыстырады және № 3 нысан бойынша, осы Ереженiң IV бөлiмiне сәйкес тәртiппен төрт данада кредиторлық берешектi өтеудiң сызбасын жасайды. Тiкелей берушi мен оның Берушiсiнің тiркелген жерi бойынша салық органдарының анықтамаларымен расталған берешектiң жалпы сомасы бюджеттік ұйымның, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымның кредиторлық берешегiнiң сомасынан аспауы тиiс.
16. Бюджеттік ұйым, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйым тiкелей берушi мен оның Берушiсiнiң арасындағы кредиторлық берешектi салыстыру актiлерінің түпнұсқаларын оған қоса беру арқылы өтелген кредиторлық берешектi өтеу сызбасының барлық данасына Берушiлердiң республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегiнiң бар-жоғы туралы салық органдарының анықтамаларын бiр-бiр данадан қазынашылықтың аумақтық органына тiркеуге жолдайды.
Бюджеттік ұйым, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйым тiкелей берушiге құжаттардың алынғандығы және оның Берушiлерiнiң өтеу сызбасына енгiзiлгендiгi туралы ресми хабарлайды. Тiкелей берушi бюджеттік ұйымның, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымның хабарлауын өзi тiркелген және өтеу сызбасына қатысушы Берушiлер тiркелген жер бойынша салық органдарына жолдайды.
17. Кредиторлық берешектi салыстыру актілері бюджеттік ұйымға, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымға қызмет көрсетiлетiн қазынашылықтың аумақтық органында арнаулы тiркеу кодымен № 4 нысан бойынша Берушiлердің кредиторлық берешегін салыстыру актілерін тiркеу журналында тiркеледi.
Қазынашылықтың аумақтық органы осы Ереженің 29-тармағында көрсетiлген кредиторлық берешектi өтеу сызбасына қоса берiлген қажеттi құжаттардың бар-жоғын тексередi.
Кредиторлық берешектi өтеу сызбасы № 2 нысан бойынша кредиторлық берешектi тiркеу журналында тiркеледi. Тiркелген кредиторлық берешектi өтеу сызбасының көшiрмесiн бюджеттік ұйымға, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымға қызмет көрсететiн қазынашылық органы есеп айырысуға қатысатын барлық қазынашылықтың аумақтық органдарына жеткiзедi.
18. Қазынашылық органдары есеп айырысулар жүргізу үшiн мынадай шоттар:
министрлiк рұқсатының негiзiнде 2, 2-а нысанында олардың орналасқан жерi бойынша қазынашылық органдарында бюджеттік шоттары жоқ бюджеттік ұйымдарға, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдарға бюджеттік шоттар;
кредиторлық берешектi өтеу сызбасының негiзiнде тiкелей берушi мен Берушiлердің орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарында кредиторлық берешектi өтеу сызбасына енгiзiлген тiкелей берушi мен Берушілерге жұмсау құқығынсыз ағымдағы шоттар ашады.
Ағымдағы (уақытша) шоттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi басқармасының 1997 жылғы 4 наурыздағы № 61 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердің банктiк шоттарын ашудың, жүргiзудің және жабудың тәртібі туралы" нұсқаулығының талаптарына сәйкес ресiмделген қолдардың мiндетті түрде ұсынылған үлгiлерiмен ашылады.
Ағымдағы шоттарды ашқан қазынашылықтың аумақтық органдары аталған шоттардың ашылғандығы туралы бюджеттік ұйымға, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымға қызмет көрсетiлетiн қазынашылықтың аумақтық органына хабарлайды.
19. Бюджеттік ұйым, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйым өзiнен жоғары тұрған министрлiкке (ведомствоға) екi данада белгiленген тәртiппен жасалған және тiркелген кредиторлық берешектi өтеудiң сызбасын ұсынады.
Қажет болған жағдайда министрлiктің (ведомствоның) бюджеттік ұйымнан, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымнан қосымша құжаттар талап етуге құқығы бар.
20. Министрлiк (ведомство) алынған сызбаның негiзiнде № 5 нысан бойынша кредиторлық берешектi өтеуге қатысушы бюджеттік ұйымдардың, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымдардың тiзiлiмiн жасайды және сызбалармен бiрге Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң қарауына жолдайды.
IV. Кредиторлық берешектi
өтеудiң сызбаларын жасаудың тәртібі
21. Бюджеттік ұйым, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйым республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша Берушiлердiң кредиторлық берешегiнiң бар-жоғы туралы салық органдарының анықтамалары мен Берушiлердiң кредиторлық берешегiн салыстыру актілерін алғаннан кейiн оларды өздерiнiң тiкелей берушiнiң алдындағы кредиторлық берешегiнiң сомасымен салыстырады және сызбаға кiргізу үшiн берешектің сомасын айқындайды.
Сызба тiкелей берушi мен Берушiлердiң республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектерiнiң сомасына, бiрақ бюджеттік ұйымның, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымның тiкелей берушi алдындағы кредиторлық берешегiнiң сомасынан аспайтын сомаға жасалады.
22. Сызба әрбiр тiкелей берушiге жасалады. Тiкелей берушіге республикалық бюджетке жасалатын төлемдер бойынша кредиторлық берешегi болмаған жағдайда сызбада есеп айыруға қатысатын барлық Берушiлер көрсетiледi.
23. № 3-нысанның 1-бағанында олар бойынша тiкелей берушiнiң алдында кредиторлық берешек бар экономикалық жiктеудiң ерекшелiктерi, 2-бағанында - әр ерекшелiк бойынша кредиторлық берешектiң сомасы көрсетiледi. Тiкелей берушiнiң республикалық бюджеттiң алдындағы берешегі 7-бағанда тiкелей берушiнiң атауы, орналасқан жерi және СТН-i мен 8-бағанда олар бойынша республикалық бюджеттiң алдында кредиторлық берешегi бар кiрiстердiң кодтары көрсетiле отырып 9-бағанда көрсетiледi.
24. Тiкелей берушіге республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегi болмауы және оның басқа Берушіге болуы жағдайында тiкелей берушiнiң аталған Берушiнiң (2-берушiнiң) алдындағы өтеу сомасына кредиторлық берешек 4-бағанда көрсетедi. 3-бағанда тiкелей берушiнiң атауы орналасқан жерi және СТН-i көрсетіледi.
25. Егер, өз кезегiнде 2-Берушiнiң республикалық бюджеттiң алдында кредиторлық берешегi болмаса, бiрақ, өз кезегiнде, республикалық бюджеттiң алдында кредиторлық берешегi бар 3-Берушiнiң алдында кредиторлық берешегi болса, 2-Берушiнiң 3-Берушiнің алдындағы өтеу сомасына кредиторлық берешегi 6-бағанда көрсетiледi. 5-бағанда 2-Берушiнiң атауы орналасқан жерi және СТН-i көрсетiледi.
26. Берушiлердің саны көбейген жағдайда, республикалық бюджеттiң алдында кредиторлық берешегi жоқ 2-Берушілер бастап барлық Берушiлер 6-бағанда өтеу сомалары көрсетіле отырып 5-бағанда жеке жолдарда көрсетiледi.
27. Берушiлердің республикалық бюджеттің алдындағы кредиторлық берешегi 7-бағанда салық төлеушiнiң атауы, орналасқан жерi және СТН-i мен 8-бағанда ол бойынша республикалық бюджеттiң алдындағы кредиторлық берешек бар кiрiстердің кодтары көрсетiле отырып 9-бағанда көрсетiледi.
28. 2 және 9-бағандардың сомасы тең болуы тиiс және бюджеттік ұйымның, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымның қазынашылықтың аумақтық органдарында тiркелген тiкелей берушiнiң алдындағы және соңғы Берушінiң салық органының анықтамасында көрсетілген республикалық бюджеттің алдындағы кредиторлық берешектерiнiң сомаларынан аспауы қажет.
29. Сызбаға олардың негiзiнде акт жасалатын барлық құжаттар:
нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiле отырып, Берушiлердің республикалық бюджеттiң алдында кредиторлық берешегiнiң бар-жоғы туралы салық органдарының анықтамалары;
нөмiрi мен берілген күнi көрсетіле отырып, бюджеттік ұйымның, таратылған Жол қорынан қаржыландырылып келген ұйымның тiкелей берушiнiң алдындағы кредиторлық берешегiнің бар-жоғы туралы қазынашылықтың аумақтық органдарының анықтамалары;
нөмiрлерi, қол қойылған күңдерi, тiркелген күнi және қазынашылықтың аумақтық органының тiркеу нөмiрi көрсетіле отырып, берушілердің кредиторлық берешегiнiң салыстыру актiсi қоса беріледi.