Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 23 қыркүйектегі № 1448 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 434 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Кредиторлық берешекті өтеуді ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 мамырдағы № 569 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 18, 197-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген, 1999 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешектерді өтеудің тәртібі туралы ережеде:
5-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацындағы "барлық мүшелері" деген сөздердің алдынан "жиналысқа қатысушы" деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
"Комиссияның ұсынысы, егер мәжіліске Комиссияның жалпы құрамының кемінде бес адамы қатысса, қабылдануы мүмкін. Комиссияның шешімі қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады.
Жұмыс пен консультациялар үшін Комиссияның белгіленген тәртіппен консультанттары, сарапшылар мен мемлекеттік органдардың қызметшілерін тартуға құқығы бар.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі