Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 1 наурыздағы № 337
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы № 430 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 6 мамырдағы № 434 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Кредиторлық берешектi өтеудi ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 1 наурыздағы № 337 қаулысына мынадай толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген 2000 жылға арналған республикалық бюджетке кредиторлық берешектi өтеудiң ережесiнде:
1-тармақтың бiрiншi абзацы "жылғы" деген сөзден кейiн "(осы Ереженiң 6-1-бөлiмінде көзделген міндеттемелерден басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы бесiншi абзацпен толықтырылсын:
"";
2-тармақ "2000 жылғы 20 қаңтардағы" деген сөздерден кейiн "(осы Ереженiң 6-1-бөлiміне сәйкес берешектi өтеуден басқа)" деген сөздермен толықтырылсын.
3-тармақ төртiншi абзацпен толықтырылсын:
"Республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешектi өтеудi, сондай-ақ осы Ереженiң 6-1 бөлiмiнде белгiленген талаптарға сәйкес келетiн шаруашылық жүргізушi субъектiлер де жүзеге асырады";
мынадай мазмұндағы 6-1-бөлiммен толықтырылсын:
"6-1. Жергiлiктi облыстық атқарушы органдардың екіншi деңгейдегi банктер алдындағы әлеуметтiк мақсаттарға пайдаланылған, осы мiндеттемелер бойынша ортақ жауапкершiлiкте болатын орталық атқарушы органдар жүзеге асыратын несиелер бойынша кредиторлық берешегін өтеудiң ерекшеліктері"
43-1. Жергілiктi облыстық атқарушы органдардың екiншi деңгейдегi банктер (бұдан әрi - Банктер) алдындағы облыстық әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң әлеуметтiк мақсаттарына алынған және пайдаланылған несиелер бойынша кредиторлық берешегiн өтеудi, егер орталық атқарушы органдар осы мiндеттемелер бойынша ортақ жауапкершілікте болған жағдайда, орталық атқарушы органдар жүргiзедi.
Соттың тиiстi шешiмiнiң болуы орталық атқарушы органдардың ортақ жауапкершiлiгiне растама болып табылады.
43-2. Жергiлiкті облыстық атқарушы органдармен бiрге екiншi деңгейдегi банктер алдындағы ортақ мiндеттемелер бойынша кредиторлық берешектi өтеудi республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешектiң бар-жоғы туралы анықтаманы салық органы растаған сәтiнде қалыптасқан, "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында бөлiнетiн салықтарды және басқа да мiндеттi төлемдерден басқа, негiзгi борышты, өсiмақыны және айыппұлдарды қоса есептегенде, салық және республикалық бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң берешегiн өтеу есебiнен орталық атқарушы органдар жүргiзедi (бұдан әрi - Субъектiлер).
43-3. Жергiлiктi облыстық атқарушы орган Банкпен бiрге әлеуметтiк мақсаттарға алынған және пайдаланылған несие бойынша берешектi салыстыру актiсiн жасайды. Егер соттың шешiмi болған жағдайда, онда салыстыру актiсi соттың шешiмiмен расталған сомаға жасалады.
43-4. Банк оларға № 9 нысан бойынша салық органдары анықтама берген сәтiнде толығымен республикалық бюджетке есепке алынатын салық және басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешегi бар Субъектiлердi, оның iшiнде осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес 1999 жылғы 1 қаңтардан кейiн Астана қаласының салық органдарында тiркелген Субъектілердi анықтайды және олармен осы берешектi өтеу үшiн банктiк несиелер беру туралы несиелiк шарттар жасасады.
43-5. Банк жергiлiктi облыстық атқарушы органмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне (немесе жергiлiктi облыстық атқарушы органның мiндеттемелерi бойынша ортақ жауапкершiлiкте болатын тиiстi орталық атқарушы органға, егер Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы бөлiмнiң шарттары бойынша осындай болып табылмаса) мынадай құжаттарды (нотариалды куәландырылған бес данада):
шарттары бойынша әлеуметтiк мақсаттарға несие алынған және пайдаланылған Банк пен жергiлiктi облыстық атқарушы органның несиелiк шартын;
Банктен жергiлiктi облыстық атқарушы органның несие алғаны мақұлданған облыстық мәслихаттардың шешiмдерiн;
әлеуметтiк мақсаттарға алынған несиенiң пайдаланылуы туралы жергiлiктi облыстық атқарушы органның анықтамасын (түпнұсқа);
43-3-тармаққа сәйкес берешектi салыстыру актiсiн (түпнұсқа);
Субъектiге республикалық бюджетке берешектi өтеу үшiн несие беру туралы Банк пен Субъектi арасындағы несиелiк шартты (түпнұсқа);
Салық органдарының № 9 нысан бойынша анықтамасын (түпнұсқа) ұсынады.
43-6. Орталық атқарушы орган ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейiн оларды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне бередi.
43-7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ұсынылған материалдардың негiзiнде есеп айырысуды жүргiзу жөнiнде ұсыныстар даярлайды және оларды Комиссияның қарауына енгiзедi.
43-8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі берешектi өтеудiң ұсынылған нұсқасын Комиссия мақұлдаған жағдайда, мұнда кредиторлық берешектi өтеу жөніндегі есеп айырысуды жүргiзу үшiн республикалық бюджеттен қаражат бөлiнетiн республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiн көрсете отырып, Банк алдындағы берешектi өтеу туралы тиiстi қаулының жобасын белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзедi.
43-9. Банк пен Субъектілерге белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң хаттары негiзiнде қазынашылық органдарында ағымдағы (уақытша) шоттар ашылады.
43-10. Берешектi өтеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешімі негiзiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетi белгiленген тәртiппен республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне қазынашылық рұқсат жазып бередi.
43-11. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi қазынашылықтың аумақтық органында Банктiң ағымдағы шотына ақша аударуға төлем тапсырмасын толтырады және қазынашылықтың осы аумақтық органына 43-5-тармақта санамаланған құжаттардың екi данасын жiбередi.
43-12. Банк Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен түскен ақшаны банктiк несие ретінде Субъектiлердiң ағымдағы шоттарына аударуға төлем тапсырмасын жазып бередi.
43-13. Банктiң шоты ашылған Қазынашылықтың аумақтық органы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен қаражат түскен кезде республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша растаманың күнiнде өтелмеген кредиторлық берешектiң бар-жоғына растама алу үшiн Субъектiнiң тiркелген жеріндегі тиiстi салық органына № 8 нысан бойынша сұрау салу-растауды электрондық почта арқылы жібередi.
43-14. Салық органы № 9 нысанға сәйкес бұрын тиiстi анықтамада көрсетiлген № 8 нысан бойынша Субъектiнiң берешегiн растайды.
43-15. Қазынашылықтың аумақтық органы салық органдары растаған соманы Банктiң төлем тапсырмасымен салыстырады. Олар сәйкес келген жағдайда, төлем тапсырмасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен алынған құжаттардың бiр данасымен қоса мақсатты жерiне жiберiледi. Егер салық органы растаған берешек сомасы № 9 нысанға сәйкес салық органының анықтамасында көрсетiлген сомадан кем болып шықса, Банктiң төлем тапсырмасы салық органының растамасында көрсетiлген сомаға ресiмделедi. Лимиттiң қалған сомасы керi қайтарып алуға жатады. Салық органы сұрау салуды растамаған жағдайда, Қазынашылықтың аумақтық органы төлем тапсырмасын қабылдамайды.
43-16. Субъектiлердiң ағымдағы шоттарына Банктен ақша түскеннен кейiн ағымдағы шотынан олар салық төлеушiнің тiркелген жеріндегі салық органының СТН-i көрсетiле отырып, бюджетке төлемдер бойынша расталған берешектiң сомасына кiрiстiң 107101 "Республикалық бюджетке берешектiң түсуi" коды бойынша 080 "Бюджеттердiң арасында бөлiнетiн кiрiстер" шотына төлем тапсырмасын жазып бередi.
Бұл ретте төлем тапсырмасында мынадай деректемелердiң көрсетiлуi мiндеттi:
МФО;
шоттың нөмірі;
Субъектiнiң (салық төлеушiнің) атауы;
"Кредиторлық берешектi өтеу" деген сөздер және төлем мақсаттарының мәтiндiк кеңiстiгiнде төлемдердiң түрлерi бойынша сомалар;
төлем мақсаттарының коды (107101);
төлемнiң жалпы сомасы.
43-17. Республикалық бюджеттiң кiрiсiне қорытынды төлем
жүргiзiлгеннен кейiн қазынашылықтың аумақтық органы ол туралы Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігiне хабарлайды.
Бұдан басқа, қазынашылықтың аумақтық органы салық төлеушi ретіндегі Субъектiнiң тiркелген жерi бойынша салық органына республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша бұрынырақта салық органының деректерiмен расталған, оның кредиторлық берешектi өтегенi туралы № 8 нысан бойынша растаманы Субъектiнiң тұрған жерi бойынша жiбередi.
43-18. Салық органы кредиторлық берешектi өтеу жүргiзiлгеннен кейiн республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешектiң бар-жоғы туралы анықтаманы (№ 4 нысан) тiркеу журналында Субъектiнiң төлем тапсырмасына сәйкес тиiстi белгi соғады.";
осы қаулының қосымшасына сәйкес № 9 нысанмен толықтырылсын.
2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 21 наурыздағы
№ 430 қаулысына
қосымша
№ 9 нысан
-------------------------------------------------------------------
(аумақтық салық органының атауы, СТН-і)
2000 жылғы "---"----------
Берешекті өтеу үшін
Республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша
кредиторлық берешектің бар-жоғы туралы
N ---- анықтама
------------------------------------------------------------------
(салық төлеушінің атауы, СТН-і)
1. Салық төлеушінің дербес шоты бойынша көрсетілген ---------------
қалыптасқан республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша
берешектің жалпы сомасы ------- теңге құрайды, оның ішінде
төлемдердің түрлері бойынша:
--------------------------------------------------------------
Төлемнің !Төлемнің !Берешектің !Негізгі !Өсімақы !Айыппұлдар !
коды ! атауы ! жалпы ! борыш ! ! !
! ! сомасы ! ! ! !
--------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------
Жиыны:
1. Осы анықтама ----- данада берілді.
Салық комитетінің төрағасы -------------------
Талдау және есеп бөлімінің бастығы -------------------