Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерін
қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж. 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысы
(2006.21.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 26.12.01 ж. № 1697; 09.07.04 ж. № 751 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тақырыбы өзгерді.
ҚР Үкіметінің 07.12.99 ж. № 1870; 26.12.01 ж. № 1697; 09.07.04 ж. № 751 (бұр. ред. қара) қаулыларымен кіріспе өзгерді
Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру, мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану, деректерді ақпараттық алмасу мен мемлекеттік басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу мақсатында, сондай-ақ Үкіметтің 1998 жылғы 29 шілдедегі № 715 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық кеңістігінің тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 02.03.99 ж. № 187; 14.09.99 ж. № 1389; 27.09.99 ж. № 1458; 07.12.99 ж. № 1870; 29.03.00 ж. № 454; 24.01.01 ж. № 122; 16.04.01 ж. № 498; 26.12.01 ж. № 1697; 18.02.02 ж. № 227; 05.03.02 ж. № 274; 20.06.02 ж. № 685; 11.10.02 ж. № 1119; 27.03.03 ж. № 299 (бұр. ред. қара) ;25.07.03 ж. № 748 (бұр. ред. қара); 30.01.04 ж. № 118; 21.06.04 ж. № 684; 09.07.04 ж. № 751 (бұр. ред. қара); 2005.19.05. № 478 (бұр. ред. қара); 2005.30.11. № 1176 (бұр.ред.қара); 2006.21.04. № 311 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгерді
1. Мына құрамда Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру жөніндегі комиссия құрылсын.
Сәрсембаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмiрзақ Нұрғалиұлы Министрінің Кеңсесi Өндiрiстiк сала және
инфрақұрылым бөлiмiнiң бас сарапшысы,
хатшы
Жуат - Қазақстан Республикасы Президентінің
Мұратхан Жуатұлы Әкiмшiлігі Мемлекеттік құпияларды қорғау
және ақпараттандыру бөлiмiнiң меңгерушiсi
(келісім бойынша)
Баймағанбетов - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Серiк Нұртайұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес агенттігi (қаржы полициясы)
төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Көмекбаев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Әли Амантайұлы қызмет iстерi агенттігі төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Сақалов - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
Болат Зиядаұлы аппараты басшысының орынбасары (келісім
бойынша)
Кесiкбаев - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Сұлтанғали Қабденұлы ортаны қорғау бiрiншi вице-министрi
Амангелдиев - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ардақ Амангелдiұлы сақтау вице-министрi
Әбдiмомынов - Қазақстан Республикасының Білім және
Азамат Құрманбекұлы ғылым вице-министрi
Зверьков - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Вадим Павлович министрінің орынбасары
Төртаев - Қазақстан Республикасы Статистика
Бауыржан Қадырұлы агенттiгі төрағасының орынбасары
Нефедов - Қазақстан Республикасы Табиғи
Алексей Петрович монополияларды реттеу агенттiгi
төрағасының орынбасары
Долженков - Алматы облысы әкімінiң бiрiншi орынбасары
Виктор Анатольевич
Савченко - Жамбыл облысы әкімінiң бiрiншi орынбасары
Александр Георгиевич
Әбдiбеков - Ақтөбе облысы әкімінiң орынбасары
Нұрмұхамбет Қанапияұлы
Бочин - Павлодар облысы әкімінiң орынбасары
Виктор Захарович
Бортник - Маңғыстау облысы әкімінiң орынбасары
Михаил Михаилович
Ыдырысов - Қызылорда облысы әкімінiң орынбасары
Құттықожа Ыдырысұлы
Төлебаев - Астана қаласы әкімінiң орынбасары
Марат Еркiнұлы
Политкин - Ақмола облысының әкімі аппаратының
Николай Афанасьевич басшысы
Смағұлов - Қазақстан Республикасы
Қайрат Молдрахманұлы Премьер-Министрінің Кеңсесi
Басшысының орынбасары, төрағаның
орынбасары;
Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы және сауда вице-министрi;
Баядiлов - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк
Ерғали Мұхаметжанұлы Кеңесi Хатшылығының мемлекеттік
инспекторы (келісім бойынша);
Мәжренов - Қазақстан Республикасының
Жомарт Рахымбекұлы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
Қызметiнің директоры (келісім
бойынша)
Ахметов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Серiк Баужанұлы Министрiнің Кеңсесi Мемлекеттік
құпияларды қорғау жөніндегі
бөлiмiнің меңгерушiсi
Поспелов - Қазақстан Республикасы
Николай Николаевич Қорғаныс министрінің орынбасары
Слободянюк - Қазақстан Республикасының
Анатолий Ануфриевич Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
Бақылау және құжаттамалық
қамтамасыз ету бөлiмi
меңгерушiсiнiң орынбасары
Жақыпов Мірболат - Қазақстан Республикасының
Хабиұлы Президенті Жалпы бөлiмiнiң
меңгерушiсi (келісім бойынша)
Лукин - Қазақстан Республикасының
Михаил Иванович Парламенті Шаруашылық басқармасы
бастығының орынбасары (келісім
бойынша)
Арнутовский Сергей - Қазақстан Республикасы Президентінің
Васильевич Күзет қызметі департаменті бастығының
Орынбасары
Щелконогов - Қазақстан Республикасының Президентi Iс
Игорь Рудольфович басқармасының бюджеттік жоспарлау және
қаржылық бақылау бөлiмі ақпараттандыру,
компьютерлендiру секторының меңгерушiсi
(келісім бойынша)
Есекеев - Қазақстан Республикасының
Қуанышбек Бақытбекұлы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі
агенттiгi төрағасының орынбасары
Мәсімов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кәрім Қажымқанұлы орынбасары - Қазақстан Республикасының
Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрі, төраға
Жұмағалиев - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Асқар Қуанышұлы байланыс агенттігінің төрағасы, төрағаның
Орынбасары
Елемесев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Асқар Раушанұлы вице-министрi
Нұғманов - Қазақстан Республикасының Әділет
Серік Пикұлы вице-министрi
Темірболатов - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Серік Ғабдоллаұлы аппарат басшысы (келісім бойынша)
Палымбетов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Болат Абылқасымұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрi
Ақшолақов - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Болат Оралұлы минералдық ресурстар вице-министрi
Бабақұмаров - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Ержан Жалбақұлы ақпарат вице-министрi
Үмбетәлиев - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Мәди Тоқтарұлы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрi
Әлжанов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
Батырбек Асылбекұлы төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Молчанов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
Сергей Николаевич Ақпараттық технологиялар департаментінің
директоры (келісім бойынша)
Сейдуманов - Алматы қаласы әкімінің орынбасары
Серік Тұрарұлы
Сытдықов - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары
Әлібек Бақтыгерейұлы
Супрун - Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары
Виктор Васильевич
Развин - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің
Сергей Владимирович орынбасары
Баяндаров - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің біріншi
Мағзам Тоғжанұлы орынбасары
Қанаев - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
Серікжан Зиаданұлы
Маханбетәжиев - "Ұлттық ақпараттық технологиялар"
Батыр Әпенұлы акционерлік қоғамының президенті (келісім
бойынша)
ҚР Үкіметінің 26.12.01 ж. № 1697; 09.07.04 ж. № 751 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгерді
2. Қоса беріліп отырған Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
ҚР Үкіметінің 30.01.04 ж. № 118 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. ҚР Үкіметінің 2006.21.04. № 311 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Н. Балғымбаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1998 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1384 қаулысымен
Бекітілген
ҚР Үкіметінің 26.12.01 ж. № 1870; 09.07.04 ж. № 751 (бұр. ред. қара) қаулыларымен тақырыбы өзгерді.
Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын
қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестіру
жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 26.12.01 ж. № 1697; 26.12.01 ж. № 1870; 09.07.04 ж. № 751 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгерді; ҚР Үкіметінің 2005.19.05. № 478 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды үйлестiру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығын іске асыру мақсатында құрылады.
ҚР Үкіметінің 14.09.99 ж. № 1389; 26.12.01 ж. № 1870; 24.01.01 ж. № 122; 27.03.03 ж. № 299 (бұр. ред. қара); 25.07.03 ж. № 748 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгерді
2. ҚР Үкіметінің 2005.19.05. № 478 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Комиссия өз қызметінде қолданылып жүрген заңдарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
II. Негізгі міндеттері
ҚР ҚР Үкіметінің 02.03.99 ж. № 187; 07.12.99 ж. № 1870; 26.12.01 ж. № 1697; 25.07.03 ж. № 748 (бұр.ред. қара); 30.01.04 ж. № 118; 09.07.04 ж. № 751 (бұр. ред. қара); 2005.19.05. № 478 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" инфрақұрылымын қалыптастыру мен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру, саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі ережелерін әзірлеу;
мемлекеттік қаражат (оның ішінде заемдар) есебінен жүзеге асырылатын, мемлекеттік мекемелерді ақпараттандырудың, жоспарлары мен бағдарламалары жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға "ақпараттық қоғам" жағдайында жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн нормативтiк құқықтық және әдiснамалық база жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
мемлекеттік органдардың электрондық қызметтерiн қалыптастыру және дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
деректердi электрондық беру мен алмасудың қазақстандық стандарттарын, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық индустрияның дамуын ынталандыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
“электрондық үкiмет" қызметтерiне қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету, "ақпараттық теңсiздiктi" жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында білім деңгейiн арттыру жөнiнде iс-шаралар әзiрлеу;
Ақпараттық қоғамды қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру, процестерді үйлестіру болып табылады.
"электрондық үкiмет" инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру жөніндегі жұмысты үйлестiру;
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшiн "электрондық үкiмет" қалыптастырудың және "ақпараттық қоғамды" дамытудың проблемалары жөнiнде материалдар мен ұсынымдар дайындау;
ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тілде жұмыс істеуі процестерін үйлестіру.
Комиссия жүктелген міндеттерге сәйкес:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына "электрондық үкiмет" қалыптастыру, мемлекеттік мекемелердi ақпараттандыру мен "ақпараттық қоғам" дамыту жөнiнде ұсыныс енгізеді;
мүдделі мемлекеттік мекемелермен келісім бойынша "ақпараттық қоғамды" қалыптастыру мен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру, саласындағы басымдықтарды айқындайды;
"Электрондық үкiметті" қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандырудың, процестерін үйлестіреді;
мемлекеттік мекемелерде "электрондық үкiметтің" базалық құрамдас бөлiктерiн, сондай-ақ ақпараттық-телекоммуникациялық жүйелер құрудың, енгізудің, алып жүрудің және пайдаланудың процестерін ұйымдастыру жөнінде ұсыныс әзірлейді және енгізеді;
Қазақстан Республикасын ақпараттандыру және Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мәселелерін шешу кезінде мемлекеттің мүдделерін қорғау жөнінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізеді;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдар мен Комиссияға енгiзiлген өзге де ұйымдардан өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпаратты сұратады және алады;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдер шығару, оларды өзгерту немесе олардың күшiн жою жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
министрлiктерден, ведомстволардан, кәсiпорындар мен ұйымдардан, ғылыми және зерттеу мекемелерiнен сараптамалар жүргiзу мен консультациялар үшiн келісім бойынша тиiстi бейіндегі мамандарды тартады және қажет болған кезде жұмыс топтарын ұйымдастырады;
"электрондық үкiмет" қалыптастыру мен мемлекеттік мекемелердi ақпараттандыру жөнiнде жұмыстар жүргiзу үшiн бюджет қаражатын, директивалық кредиттердi және басқа да мемлекеттік қаржыландыру көздерiн (оның iшiнде қарыздар) пайдалану жөнiнде ұсыныстар енгізедi.
ҚР Үкіметінің 2005.19.05. № 478 Қаулысымен “ Комиссияның құқықтары” деген бөлімше алып тасталды (бұр. ред. қара)
III. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 07.12.99 ж. № 1870; 25.07.03 ж. № 748 (бұр.ред. қара); 2005.19.05. № 478 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 5-тармақ өзгерді
5. Комиссияны төраға басқарады. Комиссияның құрамына, сондай-ақ төрағаның екі орынбасары, хатшы және Комиссияның мүшелері кіреді.
6. Комиссияның төрағасы Комиссияның жұмысын ұйымдастырады және осы Ережеде Комиссияға жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін жеке жауапкершілікте болады.
7. ҚР Үкіметінің 07.12.99 ж. № 1870 қаулысымен алып тасталды
8. Комиссияның жұмыстық мәжілістерінің материалдары Төрағамен келісілгеннен кейін, Комиссияның мәжілісіне дейін кемінде 10 күн бұрын Комиссияның әр мүшесіне жеткізіледі.
ҚР Үкіметінің 2005.19.05. № 478 қаулысымен 9-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
9. Комиссия өзінің мәжілістерін мәжілістiң бекітілген жоспарына сәйкес және қажеттілігіне қарай өткізеді.
10. Комиссияның шешімі Комиссия мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы - шешуші мәнге ие.
11. Комиссияның шешімі оның мәжілісінің хаттамаларымен ресімделеді. Хаттамаларға Төраға мен хатшы қол қояды.
ҚР Үкіметінің 02.03.99 ж. № 187; 14.09.99 ж. № 1389; 07.12.99 ж. № 1870; 24.01.01 ж. № 122; 26.12.01 ж. № 1697; 25.07.03 ж. № 748 (бұр.ред. қара) қаулыларымен 12-тармақ өзгертілді және толықтырылды; ҚР Үкіметінің 09.07.04 ж. № 751 қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.19.05. № 478 қаулысымен12-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
12. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттiгiне жүктелсiн.