Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384
қаулысына өзгерістер eнгiзy туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 11 қазандағы № 1119 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымды, ақпараттандыру процестерін қалыптастыру мен дамыту және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 50, 473-құжат) мынадай өзгерістер енгізiлсiн:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту жөніндегі жұмыстарды және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттары бойынша қызметтi үйлестiру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Кәкiмжанов - Қазақстан Республикасының
Зейнолла Халидоллаұлы Қаржы министрi, төрағаның
орынбасары;
Мәжренов - Қазақстан Республикасының
Жомарт Рахымбекұлы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
Қызметiнің директоры (келісім
бойынша);
Ахметов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Серiк Баужанұлы Министрiнің Кеңсесi Мемлекеттік
құпияларды қорғау жөніндегі
бөлiмiнің меңгерушiсi;
Тiлешев - "Ұлттық ақпараттық
Iзетәлi Шаймерденұлы технологиялар" жабық акционерлік
қоғамының президенті";
мынадай жолда:
"Нәлiбаев - Қазақстан Республикасы
Әбдіқалық Зәкірұлы Премьер-Министрінің Кеңсесi
Басшысының орынбасары,
төрағаның орынбасары"
", төрағаның орынбасары" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай жолда:
"Құсайынов - Қазақстан Республикасының
Әбiлғазы Қалиақпарұлы Экономика және сауда вице-
министрі
"Экономика" деген сөз "Индустрия" деген сөзбен ауыстырылсын;
көрсетiлген құрамнан Айдар Әбиұлы Әкежанов, Сейiтқаже Қажекенұлы Оқасов, Әли-Мырза Рақышұлы Қашқынов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |